Білім беру жїйесіндегі јдістемелік ќызметтіѕ ролі, бїгінгі кїн талабына сјйкестігі
бет 1/28 Дата 08.02.2022 өлшемі 310 Kb. #122480
Байланысты:
мектептегі әдістемелік жұмыс Полатова А Райымбек жазгы демалыс уйымдастыру ,
Алишер 2 ,
Алишер 2 ,
Алишер 2 ,
Алишер 2 ,
Алишер 2 ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1) ,
мінездеме (1)
Мектептегі әдістемелік жұмыс
Кіріспе
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру төмендегі мәселелерді қамтиды: әдістемелік зерттеу, жаңа әлеуметтік сұранысты ескере отырып жұмыстардың бүгінгі жағдайын сараптау, қызметтің нақты мақсаты мен міндеттерін қоя білу , жұмыс мазмұнын, түрлері мен әдістерін, мақсатқа жету жолдарын , мұғалімге диагностикалық зерттеудің нәтижелері негізінде нақты әдістемелік көмек беру, оқушының қызығушылығын арттыру, жұмыстардың орындалуын тексеру , бағалаудың және сараптаудың нәтижелерін жоспарлай білу т.с.с.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың алгоритміне төмендегілер кіреді:
Оқу-әдістемелік және педагогикалық-ұйымдастыру құжаттарын дайындау;
Мектеп әкімшілігінің әдістемелік жұмыс жүйесінде күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді көтере білуі;
Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер қызметі ;
Озат тәжірибелі мұғалімдерді анықтау және олардың тәжірибесін зерттеу, жинақтау және таратуды қамтамасыз ету;
Белгілі тақырыппен жұмыс жүргізетін шығармашылық топ құру және оның жұмысына көмек беру ;
Таңдалған тақырып бойынша теориялық және әдістемелік семинарлар өткізу, өз білімін көтеруді ұйымдастыру;
Тәжірибелі мұғалімдер және оқушылардың жұмысын көрме немесе ашық түрде өтетін іс-шаралар арқылы көрсету ;
Алынған мәліметтерді жинақтау және өңдеу (әртүрлі диагностикалық әдістер арқылы);
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерге мектеп әкімшілігі және әдістемелік бірлестік тарапынан көмек беру;
Жұмыстың әр деңгейінің орындалуын қорытындылау және жаңа жұмыстарды жоспарлау;
Мектепішілік әдістемелік жұмыс жүйесінде әртүрлі әдістемелік іс-шаралар нәтижесінде оқу-тәрбие процесіне өзгерістер енгізу ;
Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді марапаттау, мектепте өзара көмектесу, бірлесіп жұмыс жасау , шығармашылық орта қалыптастыру;
Жас мұғалімнің кәсіптік деңгейін дамыту үшін әдістемелік көмек көрсету;
Достарыңызбен бөлісу: