Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау



бет8/9
Дата26.01.2022
өлшемі25,61 Kb.
#129836
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында математика сабағында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

«Мақсат – жетiстiктiң желкен — дегендей, алға қойған мақсатымыз — оқушының шағын топтарда немесе жұппен жұмыс жасауда, бірлесіп үйреніп, ортақ мәселелерді талқылай алуы. Сонымен қатар барлық сабақтар барысында формативті бағалаудың келесі түрлерін қолдануға болады:

Фишкалар тарату

— Қол шапалақтау немесе мадақтау;

Стикерге бағалау;

— » 2 жұлдыз, 1 тілек»;

— «Мақсат ағашы» арқылы бағалау;

— Өзін — өзі бағалау;

— Жұпта бірін -бірі бағалау;

— Топта бірін — бірі бағалау.

— «Сұқ саусақ» белгісі арқылы бағалау;

— «Алақан» белгісі арқылы бағалау

Критериалды бағалау сабақтың өн –бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерийлермен бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады. Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет