13.01.2020
Тақырыбы: Қыстайтын құстар
Мақсаты: Балаларға жалпы құстар туралы мағлұматтар беру.Құстар туралы ой-өрістерін,түсініктерін дамыту.Олардың тіршілігі туралы айту,қамқор болуға аялауға баулу.
Көрнекілігі: Құстардың суреттері,құстар туралы буклет Мотивациялық қозғаушылық: Шаттық шеңбері: Балаларды шеңбаерге тұрғызып,бір-біріне қарап күлімдеуді өтінеді. Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз Айналаға бар адамға Тек мейірім сыйлаймыз.
Бала,бала баламыз Бақшамызға барамыз Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз. -Ал енді мен сендерді ыңғайланып отыруға шақырамын. Әңгімелесу: Сұрақтар қояды. -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?(Қыс) -Ауа райында қандай өзгерістер болады? -Дұрыс айтасыңдар,қар жауып айналаның бәрі аппақ болады. -Сендер қазір шыбын,қоңыз,көбелек көресіңдер ме?(жоқ) -Олар қайда кетті?(Ағаш қуыстарына тығылып қалды) -Құстар қайда өмір сүреді?(орманда,далада)
Достарыңызбен бөлісу: |