Ұйымдастырушылық ізденістік
Сиқырлы сәт: Құстардың дауыстары дискіден тыңдалады.Балаларды тыңдауға шақырады.Дискіні тыңдап болған соң:
-Балалар естисіңдер ме,бұл нелердің дауысы?(Құстардың)
Қыс мезгілінде аққу,үйрек,қаз,қарлығаш барлығы жылы жаққа ұшып кетеді.Тек қана(суреттерін көрсете отырып)көгершін,суық торғай,қарға,сауысқан,тоқылдақ,шымшық қыстап қалады.Балалардың көңілін суретке аударып:
-Мынау тоқылдақ.Оны орман емшісі дейді.Ол тоғайдағы құрттарды тұмсығымен шоқып жейді. Топқа рогатка ұстаған бала кіреді. Тәрбиеші:Қолыңдағы не? Оқушы:Қолымдағы рогатка,құс атайын деп едім. Тәрбиеші: Балалар,құстарды атуға болады ма?
Балалар:Жоқ,құстар біздің досымыз. Құс туралы тақпақтар айтады. 1.Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамаса болмайды Кіп-кішкене торғайлар Ағаштарды қорғайды. 2.Көк көгершін көгершін Көгершін келер жем үшін, Балалар жем себелік Жем жесін де семірсін. 3.Біз қамқоршы баламыз Құстарға ұя саламыз, Жем-су беріп қыс бойы Балапанын бағамыз. 4.Қарға қарға қарғалар, Қар үстінде жорғалар Боран соқса қор болар Бұтаға келіп қорғалар. 5.Таспен атып торғайды, Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді, Бақшамызға қонбайды. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Қолымызды жаямыз Құстарға ұқсап, Ұшып-ұшып аламыз. 3 топқа тапсырма беру.
1.Қарға туралы айтып беріңдер.(микрофонмен сұрау)
2.Торғай туралы айту.
3.Көгершін туралы айту.
Достарыңызбен бөлісу: |