Бірінші аялдама: Тиіннің аялдамасы
- Балалар, мына ағашқа не болды?
- Бұл ағаш қай мезгілді бейнелейді?
- Тиін бізге жерге түскен жапырақтарды ретімен жина дейді.
- 1 – 6-ға дейін тура және кері санау.
- Тиіннің бізге арналған 2-ші тапсырмасы бар екен.
Жоғалып кеткен цифрларды тауып ретімен орнына қояйық.
Буратино: Балалар, сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер, көптеген тапсырмалар орындадыңдар. Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Ақ ерке» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын. Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым бар.
(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады.)
Тәрбиеші: Міне, балалар, Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды , тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.
Достарыңызбен бөлісу: |