Ұйымдастырушылық-оятушылық кезеңі
|
Ертеңгілік шеңбер.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым.
Сабағымызды бастайық,
Жамандықты тастайық.
|
Тілек шеңбері арқылы балар
бір-біріне жарқын көңіл күй.
достық сезім сыйлайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі
|
- Жарайсыңдар, балалар, көңіл
күйіміз жақсы болса көңілді
отырып сабағымызды бастайық.
- Балалар, бізге сандар елінен хат келіпті! Ол хатта тапсырмалар берілген екен.
(Тапсырмалар екі топқа бөлінеді, жарыс түрінде өткізіледі.)
- Дайынбыз ба, балалар?!
Балалар қонақтарға топтарын таныстырады.
|
Айтқанды мұқият
тыңдап, сабаққа дайындалды.
Балалар екі топқа бөлінді.
|
Рефлекстік-түзету кезеңі
|
«Күн» тобының ұраны:
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Сабақты жақсы оқуға
Мектепке де барамыз.
-Ал енді бастайық.
(Бағасы жұлдызша арқылы
бағаланады, сабақ соңында жұлдызша көп жинаған топ жеңеді).
1-тапсырма.
Жылдың мезгілі, айы, күні
2-тапсырма.
1-ден 6-ға дейін тура және кері санау.
3-тапсырма.
Сандардың көршісін табу
4-тапсырма.
Логиқалық есептер
5-тапсырма.
Геометриялық пішіндер
Логиқалық қисынды есептер
1. Жұдырықта неше саусақ бар. (5)
2. Дүкеннен анам 4 бұрышты 2 доп алып келді, оның біреуін ініме берді. Менде неше доп қалды? (4 бұрышты доп болмайды.)
3. Анасының мысығы, иті, қызы бар. Анасында неше бала бар? (1)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Жаттығуды бастайық.
Оңға, солға иіліп
Басымызды қозғайык.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Ауызша есептер
1. Табақта абақта 3 алма, қолымда 2 алма, қосқанда неше алма? (3+2=5)
2. Көлден ұшты 4 қаз, қайтып қонды 2 қаз, ұшып кетті нешеуі? (4-2=2)
3. Боялмаған дөңгелек 4, сары дөңгелек 2, барлығы қанша? (4+2=6)
«Санамақ ойыны»
Бір дегенім- Білім,
«Төрт» пен «Беске» ілін,
Алып жүргін, балам,
мұғалімнің тілін.
Екі дегенім- Еңбек,
Жалқау болсаң, балам,
Бар қиындық төнбек.
Үш дегенім- үйім,
Үйде жақсы күйім,
Бақшадан да қалма,
Тап-таза боп киін.
Төрт дегенім- төзім,
Сабырлы бол өзің
Ұшқалақ болсаң, балам,
Мәнсіз болар сөзің.
Бес дегенім- Берік,
Жақсылық болсын серік,
Жалқау достың, балам,
Соңынан кетпе еріп.
Алты дегенім- Ақыл,
Болғын ойлы тапқыр,
Атаң айтса, балам,
Құм алғаның мақұл.
6-тапсырма
Үлестірмелі заттар:
Геометриялық пішіндерден дене құрастыру.
|
Әр топ өз ұрандарын айтып өз топтарын таныстырды.
«Күн» және «Жұлдыз» тобының балалары санамақ айтып берді.
Үлестірмелі заттарды пайдаланып түрлі денелер мен пішінер құрастырды.
|