Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология негіздері



бет4/5
Дата09.06.2018
өлшемі151,77 Kb.
#42155
1   2   3   4   5

Күтілетін нәтиже:Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысып,көктем мезгілі туралы білім алады. Табиғатты сүйіп,одан ляззат алып төрбиеленеді.

Экологиялық саяхаттың мақсатын білу.


Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Көбелек пен шыбын тіршілігі

Мақсаты:Құрт-құмырсқ,көбелектер тіршілігін бақылап,жәндіктер атауларын айырып айта білуге үйрету.. Міндеттері:Балалардың жәндіктер туралы білімдерін кеңейту.Жәндіктер тіршілігі туралы алған білімдерін тиянақтау.Танымдық қабілеттерін дамыту.Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:жұмбақ шешу,көрсету,түсіндіру.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:жәндіктер суреттері,таратпалы карточкалар

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Көктем мезгіліне тән құбылыстарды атауды ұсынады

-Сендерге қандай табиғат құбылысы ұнайды?Неліктен?

Жұмбақтар жасыру:

-Қыпша белді, Қыбыр жүрісті, Тыным таппайды, Тындырмай жұмысты.


Ызыңдап ән салады, Жұп-жұқа қанаты. Тәттіге тамсанып, Қоқысқа қонады.

Естеріне түсіреді,атайды.
Ойланып жауаптар береді.
Құмырсқа.

Шыбын-шіркей.









Ізденіс ұйымдастыру

Сұрақ қою: -Бұл жұмбақтар не жайлы,оларды бір сөзбен қалай атайды? -Қандай жәндіктерді білесіңдер? -Балалар,жәндіктердің адамға пайдасы бар ма?
Ой тастау:
-Егер жәндіктер жер бетінен мүлдем жойылып кетсе не болар еді?
Ойын ойнату: «Анықтамасын ата»Шарты:Жәндіктер атауларын дұрыс атап,олардың зияны мен қажетін атап айту,мекендейтін орнын көрсету.

Сергіту сәті: Қане,қатар тұрайық, Бойымызды жазайық Көбелекке ұқсайық, Қанатымызды жазайық.


Таратпалы карточкалармен жұмыс:Жәндіктердің қоректенуі,олардың тұрағы және пайдасы туралы суреттер беліледі.

Балалар сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.

Ойынға қатысады.


Қимылдар орындайды.

Дұрыс істелген тапсырмалар мадақталады.








Рефлексия

«Жәндіктер тіршілігі»атты диафильм көрсету.

Балалар жәндіктер пайдасы мен зиянын біліп алады.







Күтілетін нәтиже:Табиғатқа келтіретін пайдасы мен зияны туралы білім алды,жәндіктер түрлерін айыра алу,олардың мекені мен тіршілігі туралы білу.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Су асты әлемі.

Мақсаты:Су астында мекендейтін балықтар тіршілігі туралы түсінік беру. Міндеттері:Табиғат бұрышындағы жануарлар,соның ішінде балықтар туралы білімдерін қалыптастыру.Олардың сыртқы пішіндері,мінез-құлықтары,ұрпақтарының көбеюі туралы білім беру.Балықтар тіршілігіне қажетті жағдайлар жасау және оларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Аквариум,балықтар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

«Кім көп балық түрлерін атайды»дидактикалық ойынын ойнауды ұсынады.

Ойынға белсенді қатысқндары үшін балаларды мадақтап,балықтар туралы әңгіме өткізеді.



Ойынға қызығушылық білдіріп,белсене қатысады,балықтар атауларын еске түсіреді.







Ізденіс ұйымдастыру

Балықтардың адамға пайдасы бар ма,оларды қайда,не үшін қажет етеміз?

Балықтар мекендейтін су ортасы бейнеленген суреттер қарастырып,.олардың атауларын сұрайды.


-Осы аталған балықтар түрлерін көргендерің бар ма? -Біздің Ертіс өзенінде қандай балықтар түрлері мекендейді?

-Балықтарды аулауға бола ма?


Ойын ойнату: «Балық аулау»Шарты:Аквариум ішіне қармақ салып,ұстаған балықтың тапсырмасын орындайды.

Сергіту сәті: «Кел ,бізбен бірге орында»

-Мен жүремін,сен де бірге орында-бір,екі,үш! Мен ән салмын,сен де бірге орында-бір,екі,үш! Біз келеміз,бірге ән саламыз-бір,екі,үш! Біз өте тату-тәтті тұрмыз-бір,екі,үш!
Шағын мультфильм көрсету: «Спанч Боб және су асты әлемі»

Тапсырма орындату:-Әр балаға Шортан,Алабұға,Шабақ,Сазан, Кит,Дельфин ,Акула суреттерінен мозаикалар тартып құрастыруларын сұрайды.



Сұраққа жауап беріп,жауаптарын дәйектейді.Суретті мұқият қарастырып,балықтар атауларын айтады.
Сұрақтарға жауаптар береді.

Ойынға қатысып тапсырмаларды орындағандар мадақталады.


Мәтінге сәйкес денешынықтыру қимылдарын орындайды.
Орындарына жайғасып отырады.







Рефлексия

Қиялға шомып,көз алдарына мына жағдайды елестетулерін сұрайды:егер су астынд балықтар ғайып болса,адам өміріне бұр жағдай қалай әсер етер еді?-деп.

Қорытынды:-Балықтар туралы жұмбақтар шешеді.



Оқиғаны көз алдарына елестетіп,не сезгендерін айтады.







Күтілетін нәтиже:өз өңірлеріндемекендейтін балықтар атауларын,адамдардың олрға көрсететін көмегі мен қажеттігін біледі;тбиғат аясында ,су ортасында адамгершілік танытып,өзін дұрыс ұстау қажеттігін игереді;жалпы балықтар туралы,олардың су асты тіршілігі туралы әңгімелеп беруді біледі.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Балабақша қызметкерлері.

Мақсаты:Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы ұғымдарын қалыптастыру. Міндеттері:Балабақша туралы білімдерін тиянақтау.Өз балабақшасына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.Балабақша

қызметкерлері: меңгеруші,медбике,аспазшылар еңбегінің сыр-сырын тануға үйрету.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Балабақша суреттері,мамандықтар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Жылулық шеңбері:

-Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік!


Сабақты экскурсияға жиналудан бастайды:

-Балабақшамыз сендерге ұнайды ма?

-Сендер балабақшаның басқа да көрмеген жерлеріне барғыларың келе ме?Ендеше жиналайық саяхатқа.


Шеңберге тұрып көңіл көтеретін сөздер айтады.

Балалар саяхатқа жиналады.









Ізденіс ұйымдастыру

Тәрбиеші:-Біздің балабақшада басшы,меңгеруші,медбике,аспазшы,бас есепші,кір жуушы,еден сүртуші мамандықтары бар.Оларсыз балабақша жұмысы істемей қалады.Әр мамандықтың өз орны бар.

-Бөлмелері мен жұмыс орындрын аралап көрсетеді.

-«Сәлеметсіз бе?»-деп амандасуды ұмытпаңдар,деп әр бөлме қызметімен таныстырады.
Ойын ойнау: «Аты жөнін тез айт»Шарты:Балабақша қызметкерлері аты-жөнін кім есіне сақтап қалғанын тексеру.

Сергіту сәті: «Айгөлек»әуенді қимыл-қозғлыс орындау.


Тәрбиеші саяхат аяқталғанын айтып,топқа оралу керектігін айтады.Қоштасу кезінде балабақша қызметкерлеріне «Рахмет»деп қоштасады.
Өлең оқу: «Біздің балабақшада»авторы М.Әлімбаев


Балалар балабақша бөлмелерін аралап,амандасуды ұмытпайды.
Ойынға қатысушылар мадақталады.
Балалар балабақша қызметкерлерін шақырады.
Қоштасып,топқа оралады.

Зейін қойып тыңдайды.










Рефлексия

Балабақшада кімдермен таныстыңдар? Сендер балабақшаға не үшін келесіңдер? Балабақша сендердің нешінші үйлерің?

Жауаптар береді.







Күтілетін нәтиже:Балабақша туралы білімдер алады,мамандықтарды ,балабақша қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу,олармен сыпайы сөйлесе білуге тәрбиелеу.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Тірі табиғат бұрышындағы жануарлар.

Мақсаты:Тірі табиғат бұрышындағы тіршілік,ондағы тірі обьектілерге күтім жасау жайлы түсінік беру.. Міндеттері:Тірі және өлі табиғат туралы білім беру.Өз туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.Балалардың жануарлар тіршілігі туралы білімдерін нығайту.

Әдіс-тәсілдер:саяхат,сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Аңдар мен құстар суреттері.


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Шаттық шеңбері

Армысың шапағатты Күн - ана!

Армысың қайырымды Аспан - ана!

Армысың мейірімді Жер - ана!

Құт дарыт бар әлемді жарылқа!
Әңгімелесу:

- Балалар, біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Айналамызға қарайықшы біз қайдамыз, бізде не қоршаған? Біз табиғатқа саяхатқа шығайық. Қане, көзімізді жұмайық. Сыртқа шығайық бір, екі үш. Ал, енді көзімізді ашайық айналамызға көз тастайық.



Балалар шеңберге тұрып,өлең сөздерін қайталайды.
Балалардың жауабы.








Ізденіс ұйымдастыру


Сұрақ-жауап:

Айналамыздан не көріп тұрмыз?

Айналада қар, ағаштар, аспан бұлтты.

Балалар біз табиғатты, бізді қоршаған табиғатты тірі табиғат және өлі табиғат деп бөлеміз. Тірі табиғатқа адамдар жануарлар, жәндіктер жатады, ал өлі табиғатқа тау, тас, су, өсімдік жатады.

Біздің айналамыздағы табиғат ол бізді қоршаған орта.

Ал енді сергіту жаттығуын жасайық

Топта қоңыз ұшады

Ж ж ж әнге салады,

Оңға қарай ұшады,

Солға қарай ұшады

Алақанды жаямыз,

Алақанға қоңызды қондырамыз

Қоңызды уф-уф деп ұшырамыз

Ал енді табиғат туралы білетін тақпақтарымызды айтып берейік.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар көзімізді жұмып, бөлмемізге оралайық. Бір, екі, үш көзімізді ашайық.

Енді мына ағаш үйде бір зат бар, қандай зат болуы мүмкін, ойланып көріңдерші. Жарайды ендеше мына ағаш үйдегі заттар тірі табиғатқа жата ма, әлде өлі табиғатқа жата ма соны кім айтып берер екен? Қолымызды салып, алып затты атаймыз. Дұрыс айтқан балаға сыйлық бар.

Біз табиғаттан алған әсерімізді қағаз бетіне түсірейік, мен сендерге табиғат суретін салып әкелдім, сендер бірігіп осы суретті су бояумен бояңдар. Ал қане қыс мезгілінде өзімізді қоршаған табиғатты суреттейік.

Өлең сөздеріне байланысты қимылдар орындайды.


Әр бала өз тақпақтарын айтады.

Ойынға белсенділік көрсете

Орындарына келіп отырады.


Балалар дайын суретті бояйды.









Рефлексия

Ал балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма? Естеріңде қалған ерекше не болды?

Балаларды мадақтау. Ұсақ ойыншықтар тарату.




Сұрақтарға жауаптар береді.







Күтілетін нәтиже:Табиғаттың тірі және өлі деп екіге бөлінетіні туралы білу,табиғат бұрышындағы жануарлар күтімі туралы білім алу,қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Төрт түлік мал.

Мақсаты:Жануарлар түрлерін және төлдерін атап айту,оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Міндеттері:Үй жануарлар жайлы түсінік беру.Үй жануарларының аттарын атап және олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту.Төлдерінің атын атай білуге үйрету.Тілдік қорын молайту,ой-өрісін дамыту.Төрт түлікті күтіп қамқор болуға,қорғай білуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Үй жануарлары суреттері.




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Балалар шеңберге тұрып қонқтрмен амандасады.

Балалар,бүгін бізде ерекше күн,өйткені біздің топқа көптеген қонқтар келіпті.Келген қонақтармен сәлемдесейік.



Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.










Ізденіс ұйымдастыру


Топқа қонаққа Тазша бала келеді.

Балалар тазша баламен сәлемдеседі.

Балалармен амандасады.

-Сәлеметсіңбе Тазша бала,сен қайдан келесің?

Тазша бала:-Мен сендермен бүгінгі күнімді өткізуге келдім.

-Ендеше,Тазша бала кел төрлет.

-Балалар,бүгін біз үй жануарлары туралы айтамыз.

Үй жануарларға сиыр,қой,жылқы,түйе жатады.

Үй жануарларының пайдасы өте көп.

-Мен сендрге жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Жұмбақ:

Аласа ғана байы бар,

Айналдыра киген тоны бар?

(қой)

Жұмбақтың шешуін табады.

Төрт түліктің бірі қой.Қойдың еті,терісі пайдалы.

Қойдың төлін қозы дейміз.

Қойдың пірі Шопан ата.

Жұмбақ:


Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар? (түйе)

-Төрт түліктің төресі түйе.Түйе бірнеше күн аштыққа шыдайды,басқа жануарлар жемейтін шөпті жеп,арқасына май жинайды,оны өркеш дейді.Бір өркешті түйені нар дейді,ал екі өркешті түйені айыр түйе дейді.

Түйенің төлін бота дейді.

Түйенің пірі Ойсылқара.

-Жылқы ең жүйрік жануар.Оны арбаға жегеді.Сүтінен қымыз ашытады.

Етінен жал-жая,қазы-қарта әзірлейді.

Жылқының төлі құлыншақ,ал пірі Қамбар ата.

-Төрт түліктің бірі сиыр.Сиырдан сүт аламыз,одан айран,май,құрт,қаймақ жасайды.

Дидактикалық ойын:«Төлін тап».

Балалар бойларын сергітеді.


Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын,

Ойнақтайды ботақан.

-Балалар,осы төрт түліктен алынатын өнімдерден ойын ойнайықшы.

Дидактикалық ойын:«Дәмін татып,атын ата»

-Балалар үй жануарлары шөп,жем,сумен қоректенеді.

-Қане олай болса біз үй жануарларына шөптің суретін салып берейікші.

Балалар шөптің суретін салады.

-Біздің саусағымыз шаршап қалған шығар саусағымызды жаттықтырайықшы.

Саусақ жаттығуын жасады.

Саусақ жаттығу:

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балапанға бидай шаш.

Бас бармақ,балан үйрек,

Ортан терек,шылдар шүмек,

Титтей бөбек.

Сен қозыңа бар,сен бұзауыңа бар,

Сен ботаңа бар,сен құлыныңа бар.











Рефлексия

Сұрақ-жауап арқылы,іс-әрекетті қорытындылау.









Күтілетін нәтиже:

Әр бала үй жануарларының аттарын,төлдерін пайдасын,қажеттілігін білуі керек.

Балалар жануарлардың төлдерін игереді.

Үй жануарларына қамқор бола білуді үйрену керек.
Күні:

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Көліктер.

Мақсаты:Көліктер олардың түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:

Көліктердің адамға пайдасы мен зияны туралы мағлұмат алу.

Жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Көліктер суреттері,бағдаршам,ойыншықтар.




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайлар!



Балалар шеңбер құрып тұрады.







Ізденіс ұйымдастыру

-Балалар,көлік дегеніміз не?

-Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?

-Су көлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жер үсті көлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

-Әуе көлігі дегенді қалай түсінесіңдер?

Ойын:«Не артық?»

Автомобиль,самокат,ұшақ-осы аталғандардың қайсысы артық,неге?

Электричка,поезд,қайық-осы аталғандардың қайсысы артық,неге?

Зымыран,ұшақ,велосипед,тікүшақ-осы аталғандардың қайсысы артық,неге?

-Қазіргі заманда көліксіз жүру оңай ма,неге?


Сергіту сәті: «Поезд»
Ойын:«Кім қандай көлікті қалайды?»

-Мен өскенде,өзіме...,өйткені....

-Балалар,автомобиль көлігі үшін жолда жүру ережесі бар екенін бәрің де жақсы білесіңдер.Ал,қалай ойлайсыңдар,суда жүретін көліктерге арналған ереже бар ма?

-Кәнекей,ойланып көріңдерші,ол қандай ережелер?


Ой тастау:Ережелер кімге,не үшін қажет?

Балалардың жауаптары.

Ойынға белсенділікпен қатысады.

Қимылдар орындайды.

Көліктер түрлерін атап айтады.


Жауаптар береді.







Рефлексия

Көліктердің жүруін жолда не және кім қадағалап тұрады?

Жол полиция қызметкері мен бағдаршам.







Күтілетін нәтиже:Көліктер түрлерін дұрыс атай білу,олардың адам үшін қызметін,пайдасын білу,жол жүру ережелері туралы мағлұмат алу.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Күзгі орманға саяхат.

Мақсаты:Балалардың өсімдіктер жайлы білімдерін нығайту. Міндеттері:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.Өсімдіктер әлемінің адам өміріндегі орны туралы білім беру.Табиғатқа күтіммен қарап,қамқор болуға,оны ялап,қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,тапсырмалар орындау.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:күз мезгілі суреттері,өсімдіктер мен саңырауқұлақтар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Балаларға таныс шөптер,ағаштар,гүлдер,саңырауқұлақтар суреттерін тақтаға іліп,қарап шығуды ұсынады.

Өсімдіктер атауларын анықтайды.



Таныған атауларын көрсетіп,атайды.







Ізденіс ұйымдастыру

Ш.Ахметов өлеңін оқу:

Бұлттар төніп,

Ызғар сеуіп,

Дымқыл тұман басады. Өңі тайып, Дала сұрғылт басады. -Бұл қай кезде болады?


Топқа есік қағып қонақ келеді:Күз киімін киіп келеді.

-Сәлететсіңдер ме,балалар!

Мен сендерге сыйлықтар ала келдім.Бірақ ол сыйлықтарды алу үшін сендер менің тапсырмаларымды орындап беріңдер!

1-тапсырма.

-Өсімдіктер деген не?Олар не үшін керек?

-Саңырауқұлақ деген не?Ол не үшін керек?

2-тапсырма.

-Өсімдіктер түрлерін топтастыр.

-Саңырауқұұлақтрды топтастыр.
Ойын ойнату: «Топтастыр және салыстыр»

Шарты:суреттерді таңдап алып,өз ұяшығына келтіріп салады.


Сергіту сәті:

Алай-түлей жел соқты, Шыбық желмен толқыды. Кенеттен жел тоқтай қалды, Шыбық түзу тұра қалды.


3-Тапсырма.

Мозайка құрастыру :берілген суреттер қиықтарынан әртүрлі өсімдіктер құру.

«Күз ханшайымы»тапсырмаларын орындаған дары үшін алғыс айтып,сыйлықтарын беріп кетеді.


Жауабын береді.

Балалар амандасады.


Тапсырмаларды орындауға келіседі.
Балалар жауаптары.

Өсімдіктер-емдік,дала,бөлме.

Саңырауқұлақ-улы және жеуге болатын.

Ойынға қатысады.


Қимылдар орындайды.


Мозайка құрастырады.

Қоштасады.









Рефлексия

Көздерін жұмып,күзгі ормнды елестетулерін сұрайды.

Ойларын айтады.







Күтілетін нәтиже:Күз мезгілінің ерекшеліктерін дұрыс айта білу.Табиғаттың әсемдігін сезіну арқылы өсімдіктер туралы білімдерін нығайту.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Қысқы еңбек.

Мақсаты:Балалармен аула тазалаушы еңбегін бақылап, көмек көрсете білуге тәрбиелеу. Міндеттері:

Қысқы еңбекті дұрыс орындап беруге,ересек адамдармен бірге еңбектенуге үйрету.Салауатты өмір салты туралы түсініктерін дамыту.Үлкендер еңбегін құрметтеуге,сыйлауға,әрқашанда көмекке келе білуге тәрбиелеу .

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:қыс мезгілі суреттері.





Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

-Деніміз сау болып,қыста көп ауыра бермеу үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?

Сұраққа жауап іздеп әңгіме айтады.




Жауаптарын айтады.







Ізденіс ұйымдастыру

Үстел үстінде балаларға таратылған суреттерге назарларын аударады.

-Қай жыл мезгілі беінеленген? -Оны қалай түсіндіңдер? -Балалар не істеп жатыр? - Балалардың денсаулығын нығайтуда қысқы еңбек пен ойынның көмегі бар ма?


Ойын: «Менің көмегім»Шарты:Қысқы құралдар арқылы еңбек түрлерін атап береді.
Сергіту сәті:

Балалармен сырғанап, Барамыз біз жарысып. Аққаланы соғып ап, Жұмысқа біз дайынбыз.


Дидактикалық ойын: «Қыс қызығы»

Шарты:үстел үстіне қысқы табиғат құбылыстары бейнеленген суреттерді жайып қояды.Балалар қысқы еңбек суретін тауып әңгімелейді.



Таратылған суреттермен жұмыс істеп,дұрыс жауаптар береді.
Қысқы еңбек түрлерін айтады.
Қимылдармен көрсетеді.
Ойынға қатысады.







Рефлексия

Үлкен адамдар еңбегін бақылау,көмекке шығып серуендеу.

Далаға шығу.







Күтілетін нәтиже:Қыс мезгіліне байланысты суреттермен жұмыс жасай білу,үлкендер еңбегін құрметтеу, денсаулыққа тигізер әсерін білу.

Күні___________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет