Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология негіздері



бет2/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,11 Mb.
#34218
1   2   3   4   5

Күтілетін нәтиже:

«Азамат»сөзінің мағынасын:халық қаһармандарының есімдерін,олардың ерліктерін.

Азаматтық көрсетуді.

Өз елі үшін мақтанып,қуана білуді.

Қазақстан халқы және оны әлемге танымал еткен қайраткерлер жайында әңгімелеуді;

Туған жеріне,еліне сүйіспеншілікпен қарауды.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:»Ғарыш пен жер

Мақсаты:Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу.

Міндеттері:-Өлі және тірі табиғат арасындағы өзара байланысты,оның адамның іс-әрекетіне тәуелді екені туралы ұғымды анақтай алуға көмектесу;

-Адамзат,өлі және тірі табиғат нысандары арасындағы өзара байланысты түсінуге,табиғатты тануға деген қызығушылықтарын дамыту;

-Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Ұйымдастыру:топпен.

Көрнекілік:глобус,суреттер

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Балалардың назарын глобусқа аударады.

Глобустың бір бөлігі неліктен көкшіл түспен бейнеленгенін сұрайды.

Балалардың жауаптарын жинақтайды:

-Глобустағы көкшіл түс-бұл біздің ғаламшарымызды алып жатқан су.Бұл-мұхиттар мен теңіздер (мұхиттарды көрсетеді).Жер ғаламшарындағы ауа мұхиты

туралы не білесіңдер?Ол жайында әңгіме қозғайықшы.


Глобусқа назар аудар-

ып,қызығушылық танытады.


Көрсетілген мұхиттар-

ға мұқият қарайды.









Ізденіс

ұйымдастыру.



-Біздің ғаламшарымызда ауа қабаты қоршаған.Жақын арада көрінбесе де,аспанға көз салып қарасақ,көкшіл түсті екенін байқауға болады.Сондықтан да біз оны ауа мұхиты деп атаймыз.

Көзімізге көрінбес,

Салмағы да білінбес.
Дем алатын ауаның,

Иісі де сезілмес.


Тыныс алып,жай ғана,

Демді ішке тартамыз.

Қажет бізге таза ауа,

Молдір,тұнық,саф ауа!



(М.Рыльский,ауд.Г.Нурузова)

Өлең жолдарын оқып,балаларға сұрақтарын қояды:



-Өлең жолдарынан ауа туралы қандай мағлұмат алдыңдар?

-Қалай ойлайсыңдар,ауа тыныс алу үшін ғана керек пе?

Сергіту сәті

Сергіті сәтін балалардың қалаулары бойынша өткізеді. Жұмыс дәптеріндегі суретке назаларын аударады:аспан,аспанда ұшқан ұшақ,тікұшақ,құстар,көбелек,инеліктер.Суреттің

төменгі бөлігінде қаланың көрінісі,зауыттың

түтіндеген мұржасы бейнеленген.

Түсіндіреді,сұрақтар қояды:

-Теңіздер мен мұхиттарды қорғап,сақтау қажет екенін білесіңдер ме?Әуе мұхиты да қорғап ,сақтауды қажет етеді.

-Әуе мұхитына қандай зиянды әрекеттер әсер етуі мүмкін?

-Әуе мұхитында зиян келтіретін қандай нысандарды білесіңдер?

Адамдар орнын ауыстыру үшін,алыс жерлерге жету үшін әуе тасымалдау құралдарын ойлап шығарғанын айтады.


Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындауды ұсынады,әуе тасымалдау құралдарын қарындашпен айналдыра қаршауды ұсынады.

Адамдардың тасымалдау құралдарын қалай пайдаланатыны жөнінде айтып беруге тапсырма береді.


Мұқият тыңдайды.


Өлең мазмұнына қы-

зығушылық білдіріп,

тыңдайды.

Сұрақтарға жауап бе-

реді.

Өздері қалаған жатты-

ғуды жасайды.

Қызығушылық білдіріп,

суретті мұқият қарастырады.


Сұрақтарға жауап береді.

Мұқият тыңдап,

тапсырманы орындайды.










Рефлексия

Балаларды екі топқа бөледі.Топтарға сұрақтар қояды:

1.Әуе мұхиты қатты ластанса,қандай жағдай орын алуы мүмкін?

2.Әуе мұхиты таза болған жайғдайда,адамның өмірі қалай жақсарады?


Сұрақтарға жауап бе-

реді.








Күтілетін нәтиже:

«Әуе мұхиты»дегеніміз не?

«Әуе мұхитын»адамдар қатынас жолы ретінде пайдалана ма?«Әуе мұхитындағы»басты мәселелерді;

Адамдар,жануарлар мен құстар,жәндіктер үшін ластанған ауаның зияны туралы түсінікті.

Өлі және тірі табиғат нысандары мен табиғаттың бір бөлшегі ретіндегі адамдар арасындағы өзара байланысты орната білуді.

Күні:


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Мен кіммен тұрамын

Мақсаты:Отбасы мүшелерін,олардың бір-бірімен қарым қатынасы жөнінде түсініктерін молайту.

Міндеттері:

-Отбасындағы туыстық қатынастар туралы ұғымды пысықтау;

-Өздерінің жақын,туыс адамдарына қатысы бар екенін сезінуіне көмектесу;

-Өздерінің жақындарына құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу.

Алдын ала істелетін жұмыс:«Жақын адамдар»,«Отбасы»тақырыбына әңгімелер өткізу;«Менің отбасым»,«Өз үйім-өлең төсегім»фотоальбомдарын қарап көру;анасы,әкесі,атасы,атасы,әжесі туралы өлеңдер жаттау;«Отабасы дәстірлері»

фотокөрмесін безендіру.

Сөздік жұмысы:дәстүр.

Әдіс-тәсілдер:әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекіліктер:суреттер,альбомдар



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Сәлемдесу:

-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!»,«Қайырлы күн!»,

«Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!»деп айтатынымыз қандай жақсы».

Тәрбиешіні тыңдайды.











Ізденіс

ұйымдастыру.



Бүгін отбасы туралы әңгіме болатынын айтады.

-Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

Балаларға өздерінің туыстары туралы білетін өлеңдерін айтып беруді ұсынады.

Атасы және әжесі үшін балалардың немерелер болатынын айтады.Олардан өздерінің кімнің ұлы және қызы екенін айтуды сұрайды.Өз әкесінің немесе анасының фотосуретіне қарап,оларға жылы сөздер айтуды ұсынады.

-Демек,бұл отбасында атасы,әжекі,анасы,әкесі бар.Ал енді көбіңнің отбасыңда өздеріңнен үлкен және кіші баяуырларың бар.Олардың бәрінің өз міндеттері бар.Осылар туралы әңгімелесейік.

Сұрақтар қояды:

-Кімнің ағасы бар? ... Ол не істейді? т.б.

Балалардың жауаптарына қарай қорытынды шығарады.«Мен үлкендерге қалай көмектесемін» ойыны.Үйдегі дәстүрлер туралы айтып беруді ұсынады.



Жауап береді.
Балалар анасы,әкесі,

т.б. туралы алдын ала жаттаған өлең-

дерін айтып береді.

Сұрақтарға жауап береді.Қолдарына

ата-анасының фото-

суреттерін алып,

жылы сөздер айтады.
Сұрақтарға жауап береді.Өздерінің от-

Басы мүшелеріне қалай көмектесетін-

дері туралы әңгімелейді.








Рефлексия

Шай ішуге шақырады (әжелері мен аналары пісірген тағамдар ұсынылады)

Дәмді тағамдары үшін әже,аналарына

Рахмет айтады.








Күтілетін нәтиже:

Отбасы дәстүрі дегеннің не екенін;өзінің жақын,туыс адамдарына қатысы бар екенін.

Отбасындағы туыстық қатынастар туралы түсінікті.

Жақындарына құрметпен қарауды,оларға қамқорлық көрсетуді.

Күні:


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған орта

Тақырыбы: Қазақстан

Мақсаты:Туған жер туралы әңгімелеп айту.

Міндеттері:

-Балалардың өз елі жөніндегі білімін байыту,ол туралы көбірек білуге деген ынталарын ояту.Қазақстан-үлкен,бай,күшті ел деген түсінікті санасына сіңіру;

-балалардың қызығушылығын,әуесқойлығын,ойлау қабілетін,тілін дамыту;

-Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Алдын ала істелетін жұмыс:«Менің қалам»,«Менің отанымның астанасы» тақырыбына әңгімелеу;Қазақстан туралы өлеңдер,достық туралы қазақтың халық мақалдарын жаттату,«Қазақстан»,«Қазақстан қалалары»,«Қазақстанның табиғат байлықтары» альбомдарын көру.

Сөздік жұмысы:Туған ел,Отан,Қазақстан,Бәйтерек,Ақ Орда,океанариум.




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

«Қолдың жылуы»психогимнастикасы.

«Сөз таңда» ойыны.



-«Туған»деген сөзбен байланысатын сөз ойлаңдар.«Туған»деген сөзді кімге қатысты айтатынымызды естеріңе түсіріңдер.

-«Мен «туған ел»дедім.Бұл нені білдіреді?

Туған ел дегеніміз-біз туып,өскен жер, мұндағының бәрі бізге қымбат,сүйкімді. Сондықтан оны Отан деп атайды!-деп түсіндіреді.

«Отан»,«Қазақстан»деген сөздерді салтанатты,

мақтанышпен айту керектігін түсіндіреді.


Өзара қол ұстасып,

алақандарының жылуын сезінеді.


Сөздер таңдайды.

Жауап береді:

-Үй,жер,дала,орман,қала және т.с.с.
Сөздерді салтанатты,

мақтанышпен айтады.









Ізденіс

ұйымдастыру.



Балаларға арнап әзірлеген тосынсыйы бар екенін хабарлайды (Қазақстанның байтақ жерін аралап шығатын кілем-ұшақ туралы айтады).

Кілемге ыңғайланып отыруды ұсынады.

Әңгіме өткізеді:

-Балалар,қараңдаршы,біздің туған қаламыз,

біздің туған жеріміз артта қалды.Біз одан әрі ұшамыз,ал сендер менің әңгімемді тыңдаңдар.

-Бұл олардың Отаны,ата-бабаларының жері.

Кейін бұл өлкеге басқа халықтардың да өкілдері келіп,тұра бастаған.Оларды атаңдар.

-Қазақстанда 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады.Олардың әрқайсысының өз салт-дәстүрі,тілі мен мәдениеті бар.

-Төмен қараңдар,астымызға жайлау,әдемі киіз үйдің маңында қой жайылуда.

Қане,төмен түсіп,киіз үйге кірейік,иелеріне сәлем берейік.
«Тұрмыс бұйымдарын ата» ойыны.

«Асықты бер» ойынын ұсынады (балаларға асық таратады)

Отанымыздың бас қаласына сапар шегуді ұсынады.Әңгіме өткізеді:

-Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

-Біздің Президентіміз кім?

«Көрнекті орындарын ата» ойыны (Астананың көрнекті орындарының суретін көрсетеді).

Енді батысқа,Каспий теңізіне қарай ұшуды ұсынады.Каспийдің суында үлкен байлық жатқанын айтады. «Балықшылар» ойыны.
Енді Отанымыздағы ең үлкен қалаға,алмалы

өлкеге аттануды ұсынады.Әңгіме өткізеді:



-Бұл қала қалай аталады?

-Алматының басқа қалалардан қандай өзгешелегі бар?

-Сендер бұл қала туралы не білесіңдер?

Қазақстан халқының бір-бірімен тату тұратынын

сондықтан да оның күшті мемлекет екенін атап өтеді.

«Кім көп біледі?»ойыны (достық туралы мақал-

дар айтуды сұрайды).

Үйге,туған жерге қайту керек тігін ескертеді.

«Отан» психогимнастикасы.

«Төмен қараңдаршы,қандай байтақ дала,келің-дер,оған жақындайық.Қандай таза ауа,қандай балғын шөптер.Ал үстімізде аспан! Ол қандай мөлдір,көгілдір! Саяхаттаған қандай жақсы,

бірақ жақындарымыз тұратын үйімізге,балабақшамызға,достарымызға,

ойыншықтарымызға қайтқымыз келеді.Кері ұшайық!»

Саяхатты қорытындылайды

Тосынсыйға қызығу-

Шылық білдіреді.

Тәрбиешіні мұқият тыңдап,сұрақтарына жауап береді.


Киіз үйді көреді,оның ішіндегі заттарды атайды.

Шеңбер құрып отырады


Екі бала асықты біріне-

бірін соғып,қолданқолға береді.Асықтар бір-бірі-

не тигенде асық ұстағандар жан-жаққа

жүгіреді,ал кездескенде орарды түйістіріп, «Кездестік» дейді.

Жауап береді.
Астананың көрнекті орындарын атайды.

Балық «аулайды»

(сереттерін),оны атайды (бекіре,көксерке,сазан,табан торта)
Сұрақтарға жауап береді.

Достық туралы мақалдар айтады.


Тыңдап,қимыл-қозғалыстар жасайды.







Рефлексия

Өздерінің саяхаттан алған әсерлерін айтып беруді өтінеді,бірлесіп атқарған жұмыс үшін ризашылығын білдіреді.

Өлеңді зейін қойып тыңдайды.Өздерінің алған әсерлерін айтады,нені ерекше ұнатқандарын білдіреді.






Күтілетін нәтиже:

Туған ел,туған жер,Отан,Қазақстан сөздерінің мағынасын;достық туралы мақалдарды;Астананың көрікті орындарын.

Қазақстан қалалары туралы,Қазақстанның үлкен,бай,күшті ел екені туралы түсінікті.

Киіз үйдің ішіндегі тұрмыс бұйымдарын,Каспий теңізінің байлықтарын атауды.

Күні:


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Біздің көмекшілер

Мақсаты:Әр затты дұрыс қолдана білуге үйрету.

Міндеттері:-Қоршаған әлемдегі заттар,олардыңбелгілері мен мақсаты туралы түсінік беру;заттардың қандай материалдан жасалғанын анықтап,қолдану мақсатына қарайжіктей білуге үйрету,кез келген заттың адам еңбегімен жасалатынын түсіндіру.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы:Компьютер

Әдіс-тәсілдер:Топсеруен,көрсету,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекіліктер:компьютер,техникалар суреттері,ойыншықтар.




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Техника сататын дүкен туралы жұмбақ : Ғимараты еңселі,

Үлкен оның кеңсесі. Теледидар, телефон бәрі онда сатады. Ғаламторда шарлайтын техника да сатады. Кәне қайсың табасың.



Жұмбаққа қызығушылық білдіреді,шешеді.







Ізденіс ұйымдастыру

1.Топ ішінде ұйымдастырылған «Техника әлемі»дүкеніне топ серуен жасауды ұсынады.Теледидар,телефон,шаңсорғыш, кір жуғыш машина,мұздатқыштар бөлімдерін аралап көреді. 2.«Бір сөзбен атаңдар» дидактиклық ойыны.

3.Сұрақтар қояды:

Бұл заттар не үшін керек? Қандай материалдан жасалған?

Осы техникаларды қайда және не үшін қолданамыз? 4.Компьютер әлемі»бөлімінде тоқталу.-Компьютер не үшін керек? Оны кімдер жасайды? Ненің неден жасалғанын пысықтауға арналған ойын:-«Затты атап айт»қолмен сипап анықтайды. 5.Әңгімелесу:Компьютердің адам денсаулығына зияны бар ма екенін айту.




Техника туралы білгендерін айтады.Әр затты не керек екенін,қандай материалдан ажаслғанын айтады.
Әрбір заттың адамның қолымен жасалатынын түсініп алады.

Ойынға белсенді қатысады.


Орындарына отырады.







Рефлексия

Сұрақтар қою арқылы Вендиаграмма әдісін қолданып қорытындылау.

Сендерге топсеруен ұнады ма ?

Не туралы білдік?


Вендиагрммаға орналастырады. Сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:Техника заттарының атауын атап,неден жасалғанын,кім жасайтынын дұрыс атап айта білу. Қоршаған әлем заттары және олардың мақсаты туралы;кез келген заттың адамның қолымен жасалғандығы туралы,оған ұқыптылықпен қарау қажеттігі туралы түсіндіру.

Күні:


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған орта

Тақырыбы:Орманда.

Мақсаты:Аңдар түрлерін атап айту,оларға қамқорлықпен қарау.

Міндеттері:Жануарлар әлемі туралы білімдерін нығайту.Әрбір аңның атын дұрыс атап,олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,көрсету,әңгімелесу.

Ұйымдастыру:жарты топ

Көрнекіліктер:аңдар суреттері,ойыншықтар.





Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

1.Шаттық шеңбері:-Кел балалар күлейік , Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді болып жүрейік!

Шеңберге тұрып,жылы сөздерін бір-біріне айтады.










2.Сабақты аңдар туралы суреттер көрсетуден бастайды. -Балалар,бүгін біз жабайы аңдар түрлерімен және тіршілік ортасымен танысамыз. -Қандай аңдарды білесіңдер? -Неге оларды жабайы деп айтамыз? Жабайы аңдар адамға пайда келтіреді ме? 3.Әңгімелеу: -Жабайы аңдар елсіз даланы мекендейді.Өз азығын өзі тауып жейді.Ол күннің суығына да,ыстығына да далада жүріп өмірін сүреді.Жабайы аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.Әр аңның пайдасы да,зияны бар 4.Ойын:»Жабайы аңдарды топтастыр»
5.Сергіту сәті: « Сұр қоян»

-Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды . Ойлы –қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып секірді. 6.Қыс мезгілінде аңдарға қандай көмек көрсетуге болады ,әңгімелеп беріңдерші,-деп сұрайды.


Аю,қасқыр,түлкі,т.б. Себебі олар елсіз далада орманда мекен етеді.
Балалар жауаптары.

Орындарына отырады.

Ойынға қатысады.

Қимылдар орындайды.


Балалардың шығармашылық әңгімесі.










Рефлексия

Қиялға шомып,көз алдарына мына жағдайды елестетулерін сұрайды:егер жер бетінде аң біткен ғайып болса,адам өміріне бұл жағдай қалай әсер етеді? Аңдар туралы ертегілер айтуды сұрайды.

Оқиғаны көз алдарына елестетіп,не сезінгендерін айтады. Өздері білетін ертегілерді айтады.







Күтілетін нәтиже:Адамның аңдарға көрсететін көмегін және оның қажеттігін біледі.Аңдар жайын ойлап,оларға қамқорлық көрсетуді,қалай көмек көрсетуге болатынын,жалпы аңдар туралы әңгімелеп беруге үйренеді.

Күні:


Білім беру саласы:Таным.

Бөлімі:Қоршаған орта

Тақырыбы:Жаңа жылдық оқиға.

Мақсаты:Жаңа жыл мерекесі жайлы білім беру,мерекелік сезімдерін нығайту.

Міндеттері:Айналаны,қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын,табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай,тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдыларын қалыптастыру.Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,оқу, ой-қозғау.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:қыс мезгіліне байлнысты суреттер,



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

1.Шаттық шеңбері: -Қуан,шаттан,алақай, Қуанатын күн келді. Қайырлы таң !Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! 2.Жұмбақ жасыру: -Жап-жасыл шыршаны қойдым үйдің төріне, өйткені келді өңірге мерекелік көңіл де. Бұл қай мереке екенін білдің бе?

Балалар шеңбер құрып,өлең жолдарын қайталайды.

Жұмбақ жауабын тауып айтады.









Ізденіс ұйымдастыру

3.Сұрақ қою: Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс ерекшеліктерін атап айтыңдаршы? Қыс мезгілі тағы несімен ұнайды?-Дұрыс айтасыңдар ,Жаңа жыл мерекесі Үлкендерге де кішілерге де өте ұнайды. 4.Ойын:»Кім көп біледі?»Шарты:Балалардан жаңа жыл мерекесі туралы өлеңдер айтуларын сұрайды. 5.Сергіту сәті: Қане,қатар тұрайық, Бойымызды жазайық, Қаздарға біз ұқсайық, Мойнымызды созайық, Секірейік,шулайық, Қояндарға ұқсайық, Армансыз бір секіріп, Көзден ғайып болайық. 6.»Ормандағы шырша тойы»авторы Г.Скребицкий-хрестоматия әңгімесін оқу.

-Қыс мезгілі келді.Қыста қар жауып,боран,аяз болады.Ең басты мереке Жаңа жыл мерекесі келеді.

Жеке-жеке ,хормен өлеңдер айтуға кіріседі.

Қимылдар орындайды.








Рефлексия

-Жаңа жыл мерекесіне қалай дайындалып жатырмыз? –Әңгіме сендерге ұнады ма?Әр балаға Жаңа жылды қалай қарсы алатыны туралы сурет салуға ұсыныс береді.

Балалар жауаптарын мадақтау. Сурет көрмесін ұйымдастырып ,іліп қояды.Өз-өздеріне баға береді.







Күтілетін нәтиже:Жаңа жыл мерекесі ,жалпы қыс мезгілінің қызықтары туралы түсініктерін қалыптастыру,әңгімені тыңдап,өз ойларын толық жеткізе айта білу.Өз көңіл күйлеріне ,іс-әрекеттеріне толық баға бере білу.

Күні:


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Экология негіздері.

Тақырыбы:Қысқы еңбек.

Мақсаты:Қыс мезгілінің құралдарымен таныстыру.

Міндеттері:Қысқы еңбекті дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету,салауатты өмір салты туралы түсініктерін дамыту,үлкендер еңбегін дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:суреттер,сюжетті таратпалы карточкалар.


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Сұрақ қояды: -Деніміз сау болып,ауырмау үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар? Сұраққа жауап іздеп,бұл тақырыпта әңгіме қозғайды.


Шығармашылық жауаптарын айтып,мұқият тыңдайды.







Ізденіс ұйымдастыру

Балаларға таратпалы сюжетті карточкалар беріп,не бейнеленгеніне назарларын аударады. –Қай жыл мезгілі бейнеленген? -Оны қалай түсіндіңдер? -Балалар не істеп жатыр? -Балалардың денсаулығын нығайтуда қысқы еңбектің көмегі бар ма? -Бұл суреттерде қандай қысқы еңбек құралдарын көріп тұрсыңдар? Дидактикалық ойын:»Денсаулыққа зиянды заттарды ата»Шарты:Берілген карточкалар ішінен қысқы еңбекті танып атап,жақсы жағын айту. Сергіту сәті:Өлең жолдарына сәйкес қимылдарды жасап көрсетеді. Қош келдіңіз,ару қыз! Қош келдіңіз,сұлу қыс! Қандай сый тарту етесіз? Үлпілдеген ақ қар ма? Сурет салған қырау ма? Шаңғы,шана ,коньки ме? Шыршаларды сәндеген, Жұлдызшаның нұры ма?

Тақтамен жұмыс:тақтаға қысмезгілінің ойндары мен еңбек әрекеттері салынған суреттер ілінеді.Тәрбиеші қол көтерген балаларды шақырып,денсаулыққа қандай әсер ететінін сұрайды.



Суреттерге таңдана қарап,сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.

Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды. Иіліп сәлемдеседі, Қолдарын жаяды, тізерлей отырады, тұрып,қолдарын жоғары көтереді, шаңғышылардың әрекетін қимылмен көрсетеді, қолдарын жоғары көтеріп,жұлдызша жасайды.


Қол көтерген балалар шығып,өз ойларын айтады.







Рефлексия

Үйде де,балабақшада да үлкендер еңбегін құрметтеу үшін мен не істеймін деген сұраққа жауап беруді ұсынады.

Сұраққа жауап береді.






Күтілетін нәтиже:Қысқы еңбектің адам денсаулығына және оны нығайтуғ әсері туралы түсінікті біледі,үлкендер еңбегін құрметтеуге,өз ойларын толық жеткізе білу.


Күні:


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Көкөністер мен жемістер.

Мақсаты:Балаларды көкөністер мен жемістермен тереңдетіп таныстырып,ерекшеліктерін айта білуге үйрету.

Міндеттері:Жемістер мен көкөністердің құрамындағы кездесетін дәрумендердің адам ағзасына тигізетін маңызын айта білуге үйрету,адамның табиғатпен тығыз байланысы туралы түсінік қалыптастыру,табиғат сыйларын,оларды еңбек арқылы табатынын есте сақтау.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру,ойын.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:суреттер,сюжетті таратпалы карточкалар.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Жылулық шеңбері: Балаларды шеңберге тұрғызып,өлең жолдарын айтады: Ашық менің жүрегім, Ылғи күліп жүремін. Бірге ойнап,бірге жүрер, Достарым көп,білемін!
Дидактикалық ойын:»Ненің дәмі?»Шарты:Көзерін жұмып, қорапша ішінен не алып шықса,соның дәмін татып көкөніс пе жеміс пе екенін айту. Сұрақ қою: -Жылдың қай мезгілі? -Осы кезде нелер піседі? -Көкөністер мен жемістер немен бай? -Олардың ұқсастығы мен айырмашылығы бар ма? -Қашан жинап аламыз?

Сергіту сәті:

Алма кетті домалап, Көше бойын жағалап, Кім алманы табады, Сол алманың дәмін татады.
«Кім тапқыр?»ойыны арқылы жұмбақ жасырады.

1.Домаланған ала бас, Дәмді шырын,даяр ас. 2.Аспай піскен ,қайнамай түскен.

3.Бақшада өседі,көп өнімдерін береді.


Қол ұстасып шеңберге тұрып,өлең жолдарын

тәрбиешімен бірге айтады.


Балалар орындарына отырып,кезек-кезек келіп тұрады.

Күз мезгілі.

Көкөністер мен жемістер.

Дәрумендермен бай.

Жауаптарын айтады.

Балалар шеңберге тұрып қимылдар орындайды.

Жұмбақ жауабын шешеді де сурет арқылы көрсетеді.








Рефлексия

«Көңілді бақша»өлеңін оқу. Шолып едім бақшаны, Көкөніс біткен көңілді. Жасыл,сары,қызыл, көк, Сан алуан көкөніс.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады желімдеп.
Қорытынды:-Өлеңде не туралы айтылған?

Бақшада не өседі?Бақта не өседі?



Өлең жолдарын жаттап алған балалар марапатталады.

Жауаптар береді.
























Күтілетін нәтиже:Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері қалыптасып,адамдарға дәрумендер пайдасы туралы білу.Табиғат сыйларын аялап,қорғап, қамқоршы болып тәрбиелену.

Күні:


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Оюлы ыдыс-аяқ пен жиһаздар.

Мақсаты:Балаларды ұлттық жиһаздар мен ыдыс-аяқтар түрлерімен таныстыру.

Міндеттері:Қоршаған әлемдегі заттар,олардың белгілері мен мақсаттары туралы түсінік беру;заттардың қандай материалдан жасалғанын,қолдану мақсатына қарай жіктей білуді үйрету;Халықтың әдет-ғұрып,салт-дәстүрін,мәдениетін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, .

Ұйымдастыру:топпен серуен Көрнекілік:Ұлттық ыдыс-аяқтар,ойыншық жиһаздар,сюжетті таратпалы карточкалар


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Сәлемдесу:-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қаиырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш», «Сәлеметсіз бе!»деп айтатынымыз қандай жақсы.

Балалар тәрбиешіні тыңдайды.







Ізденіс ұйымдастыру

Супермаркетке топсеруен жасауды ұсынады. «Жиһаз», «Ыдыс-аяқтар»бөлімдерін аралап көреді.
Дидактикалық ойын: «Бір сөзбен атаңдар»
Сұрақ-жауап: Бұл заттар не үшін қажет? Қандай материалдан жасалған?

Ұлттық оюлар түрлерін атаңдар?

Ұлттық ыдыс аяқтарды атаңдар?

Қандай жиһаз түрлерін көріп тұрсыңдар?

Ойын «Не екенін тап»Шарты:Таратылған суреттер ішінен ұлттық заттарды тауып неден жасалғанын айту.

Сергіту сәті. «Тау үстінде»

Тау үстіне қарайық,

Жайлауға біз барайық.

Дөңгеленіп,аппақ боп,

Киіз үй тұр ғажайып!

Атам,әжем сол жерді,

Мекен етіп тұрады.

Қонақтарын,достарын,

Балаларын күтеді

Өзеннен біз өтеміз,

Қонақ болып барамыз!!!


Ойын: «Не неден жасалған»Шарты:Әр заттың

адамның қолымен жасалатынын түсіндіріп ұқыптылықпен қарау керек екенін әңгімелеу.




Ұлттық нышанда жасалғандарды тәрбиеші артынан қайталайды.
Ыдыс –аяқтар мен жиһаздарды топтастырады.

Заттардың не үшін керек екенін қандай материалдан жасалғанын айтады.


Өлең мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Тыңдайды өз ойларын айтады.







Рефлексия

Мынадай сұрақтар қояды.

Сендерге топ серуен ұнады ма?

Нені анықтап білдіңдер?


Сұрақтарға жауап береді.

Қорытынды жасайды.








Күтілетін нәтиже:

Жиһаздардың,ыдыс аяқтардың атауын,заттардың қасиеттерін сипаттап айта алады,қоршаған орта заттары және олардың ұлттық нышанды жасалғанын біледі.

Ұқыптылықпен қарау қажеттігі туралы түсінік алады.

Күні:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Мамандықтын бәрі жақсы.

Мақсаты:Балалардың өз ата-анасының мамандығы туралы білуге үйрету,құрметті білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:Мамандықтар туралы ұғымды пысықтау.

Өздерінің жақын туыс адамдарына қатысты мамандықтар иелерін атап айту әр мамандық иесіне құрмет көрсету сезімін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап, .

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Мамандықтар суреттері.


Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Сәлемдесу:

-Жақындарымызбен және туыстарымызбен кездескенде «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!»,«Сәлеметсіз бе!» деп айтатынымыз қандай жақсы».

Тәрбиешіні тыңдайды.









Ізденіс ұйымдастыру

Бүгін мамандықтар туралы әңгіме болатынын айтады.

-Мамандық дегенді қалай түсінесіңдер?

Балаларға өздерінің ата-анасының мамандығы туралы айтып беруді ұсынады.

Ойын:«Мамандықтын бәрі жақсы»Шарты:Таратпалы суреттер ішінен өз анасымен әкесінің мамандығын таңдап алып әңгімелеп береді.

Өлең оқу:



Бүгін сәби баласың,

Ертең өсіп,толасың.

Жігіт болып өскенде,

Білдеи маман боласың.
Әр кәсіптің сыры бар,

Өзіне тән құны бар.

Қыр-сырын толық,

Жаттап біліп ал.
Сергіту сәті:

«Шаңырақ»ойыны арқылы өтеді.

Балаларды шеңберге тұрғызады.

Көтеріліп шаңырақ,

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өріліп,

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй боп көрініп.
Ой тастау:

-Қалай ойлайсыңдар,тек ер адамдарға немесе тек әйел адамдарға лайық мамандық бола ма?



Ойын: «Мамандықтың атауын ата»

-Мен әріпті атаймын,ал сендер сол әріптен басталатын мамандықты атаңдар.

-Сонымен «А»,«Д»,«М»,«С».

-Кәнекей,мен сендерге көмектесейін.Сәулетші мамандығы туралы кім біледі?Ол немен айналысады?



(Сәулетші әр түрлі ғимараттардың сұлбасын сызады.Аспазшы дәмді тамақ дайындайды.Дәрігер-адам жанының арашасысы.Құрылысшы адамдарға ыңғайлы,әдемі үйлер салады).

-Сонымен,адамдарға барлық мамандық маңызды және қажет.

Ата-аналарының мамандықтары жөнінде әңгіме айту.


Жаупа береді.
Балалар анасы,әкесінің мамандығы туралы айтып береді.

Ойынға барлығы белсенді қатысады.


Өлең жолдарын жаттап алуға тырысады.

Өлең жолдарын қосылып айтып,мазмұнына байланысты

қимыл-қозғалыстар жасайды.










Рефлексия

-Сендердің ата-аналарың да мамандық иелері,солай емес пе?Олардың мамандығы қандай,кім болып істейді?

Өскенде қандай мамандық иесі болғылары келетіні жөнінде ойларын ортаға салу.



Балалардың өз ойынан шығарылған әңгімесі.






Күтілетін нәтиже:

-Балалрға әр түрлі мамандық туралы мағлұмат беріп,білімдерін кеңейту.

-Әр түрлі мамандыққа қызығушылықтарын арттыру.

-Еңбектің барлық түрін құрметтеуге тәрбиелеу,қойылған сұрақтарға жауапты толық,дұрыс беруді дағдыландыру.

Күні:


Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Наурыз той.

Мақсаты:Балалардың ұлтжандылық сезімдерін туған жеріне,салт-дәстүрлеріне сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Міндеттері:Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейту.

Наурыз айы береке мен бірлік екендігі туралы білім беру.

Халқымыздың салт-дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгіме,сұрақ-жауап.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:Салт-дәстүрімізді бейнелейтін заттар,Наурызға арналған суреттер.




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Наурыз баталары

Ұлыс оң болсын!


Ақ мол болсың!

Қайда барсаң жол болсын.

Ұлыс бақты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!


Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!



Тәрбиешінің артынан қайталап отырады.







Ізденіс ұйымдастыру

Кіріспе әңгімеден бастау.

Наурыз мейрамы-көктем мен еңбектің негізгі мерекесі.Жыл басы-Наурыз тойлағанда айнала тегіс көгеріп,талдар бүршік жарады.Құстар сайрап,жер беті құлпырады.

Наурыз дәстүрін,оны өткізу ғұрыптарын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді.Тәжіектер мұны «Гүлгордон», «Гүлнавруз»,ал татарлар «Нардуган» деп атаса,ежелгі гректерде бұл мереке «Патрих» деген атпен мәлім.

«Наурыздың» құрметіне ағаш отырғызады,гүл егеді.Наурыз мерекесінің белгісі-қызғалдақ.

Наурыз мерекесінің басты белгісі «Наурыз» деген жазуы бар қызғалдақтың бейнесі.

Наурыз-көктем мерекесі,жыл басы.Бұл күні жұрт арнайы пісірген наурыз көже ішеді,

бір-бірінің үйлеріне қыдырып барады.

Сұрақтар:

-Күнтізбе бойынша жаңа жыл қай айдан басталады?

-Қазақ елі Наурыз мейрамын қалай қарсы алған?

-Қазақ елінен басқа тағы қандай елдің өкілдері Наурыз мейрамын тойлайды?

-Наурыз мерекесінің белгісі қандай гүл?

-Ал,енді,балалар,біз наурыз мерекесі туралы әңгімелестік,Наурыз мерекесінің ерекшеліктерімен таныстық.Бұл-біздің халқымыздың ұлттық мерекесі.Мен сендерге «Наурыз ертегісі» атты әңгімені оқып беремін.

Сендер зер салып,мұқият тыңдап отырыңдар.

«Наурыз ертегісі»



Орындарына отырады.

Мұқият тыңдайды.

Жауаптар береді.

Ертегіні зер салып тыңдайды.









Рефлексия

-Мен сендерге наурыз ертегісі бойынша сұрақтар қоямын.Сендер сол сұрақтарға жауап беріңдер.

-Балалар,ертегіні кім жазды?

-Ертегі не туралы жазылған?

-Балалар,Наурыз ертегісі сендерге неге ұнады?

Балалардың әр түрлі жауап береді (егер білмесе педагог өзі толықтырады)

-Қазақша жыл басы қай ай?

-Иә,дұрыс,наурыз айы.


Сұрақтарға толық мағыналы жауаптар береді.

Мадақталады.









Күтілетін нәтиже:

-Наурыз мерекесі жайлы түсініктерін кеңейтеді.

-Қазақ халқының өз төл мерекесі жайлы білім алады.

-Татулыққа,үйымшылдыққа тәрбиеленеді.
Күні:

Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Мен отан қорғаушымын.

Мақсаты:Қазақстан Республикасының шекарасын қорғаушылар,әскери адамдар туралы білімдерін дамыту.

Міндеттері:Қазақстан Республикасы көпұлтты мемлекет екендігі туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру.

Әскери адамдар туралы,оларды құрметтеу сезімдерін дамыту;

Патриоттық сезімдерін қалыптастырып,өз отанын мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен Көрнекілік:Суреттер,портреттер




Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

Амандасу рәсімі:

Амансыз ба!-дейміз барлық адамға,

Амандасу парыз маған,саған да!

Бәлкім,содан ұзарады жасымыз,

Ауырмаймыз мен де,сен де,бәріміз!

-Келіңдер,балалар,бір-бірімізбен амандасайық.

-Біз бәріміз білеміз,біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы-үлкен де күшті мемлекет.Бүгін айтылатын әңгімеміз елімізді қорғаушылар туралы.

Амандасу рәсіміне қызығушылық танытып,бір-бірімен амандасады.

Әңгіме тақырыбына қызығушылық танытады.








Ізденіс ұйымдастыру

Кіріспе әңгіме:-Балалар, біздің туған жеріміз Қазақстан Республикасының өз шекрасы бар. Сол шекарамызды қорғап тұратын азаматтарымыз- Отан қорғаушыларымыз деп аталады. Олар күн демей,түн өз борыштарын Отан алдында өтейді.
Мақал-мәтел айту:-Ер намысы-ел намысы.

Ер бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі.


Сурет арқылы жұмыс:-Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандық батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар.Олар кімдер екен?Ұшқыш Талғат Бигельдинов,батыр әрі жазушы Бауыржан Момышұлы,Мәншүк Маметова,Әлия Молдағұлова ерліктері жөнінде айту.

Сергіту сәті: «Отан»психогимнастикасы.

-Төмен қараңдаршы,қандай байтақ дала,ал үстімізде аспан,ол қандай көгілдір, таза.
Ойын:Мен -Отан қорғаушы боламын.



Әңгімені мұқият тыңдап отырады.
Мақалды жаттап алады.

Балалар портреттерін қарастырады.


Тыңдап ,қимыл-қозғалыстар жасайды.

Өз ойларын айтады.











Рефлексия

Қорытынды:-Қазақстан Республикасы картасын қолданып,еліміздің шекарасын анықтау.

Картамен жұмыс жасайды.







Каталог: uploads -> doc -> 0da0
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0da0 -> X шанханай негізгі мектебі Өткізген: Өмірхан Самал Ермекқызы «25 жылдың 25 сәті»
0da0 -> Сабақ№59 Пән: биология Күні
0da0 -> "Білгір бесеу" Сабақ барысы: 1- тур Ойға шабуыл 2-тур
0da0 -> Мұхит атындағы ожббм
0da0 -> Кестемен жұмыс. Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет