Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология негіздері



бет5/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,11 Mb.
#34218
1   2   3   4   5

Білім саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер»

Мақсаты:көкөніс жемістер туралы алған түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:1.жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсініктерін кеңейту.

2.Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту.3.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:көкөністер мен жемістердің суреттері,сюжеттік суреттер.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.

Сөздік қоры:бақша,бақ.




Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

Рефлексия


1.Шаттық шеңбері:

Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айту.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Кіріспе:жұмақ жасыру: «Бұл қай кезде болады?»

(күз)


-Қазір қай жыл мезгілі?

-Көкөністер мен жемістерді қай кезде жинайды?

3.Жаңа тақырып:

«Көңілді бақша» өлеңін оқу

Шолып едім бақшаны,

Көкөніс біткен көңілді.

Жасыл,сары,қызыл,көк,

Сан-алуан көкөніс

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады желімдеп.

-Өлең жолдарында не туралы айтылған?

Бақшада не өседі?

-Бақта не өседі?

4.Дидактикалық ойын: «Заттың атын ата»

Шарты:қоржынға салынған көкөністер мен жемістерді алып қатты,тәтті,ащщы-қышқыл зат екенін айтады.

5.Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

6.Дидактикалық ойын:«Ненің дәмі?»

Шарты:сендер,жұмыңдар,мен сендердің ауыздарына не көкөніс,немесе жеміс саламын,сендер оның дәміне қарай атауын айтасыңдар?

7.Қортындылау:

-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?

-Көкөністер қайда өседі?

-Жемістер қайда өседі?

-Жемістер мен көкөністерді қай кезде жинаймыз?

-Олардан не жасауға болады?

-Келесі жылы жемістер мен көкөністер бітік шығуы үшін табиғатқа қандай көмек жасай аламыз?


-Өлең жолдарын қайталайды.

-жұмбақтың шешуін айтады.

-сұрақтарға жауап береді.

-өлең жолдарын зейін қойып тыңдайды.

-Сұрақтарға жауап береді.

-кезектесіп ойнайды..

-өлең жолдарына қимыл жасайды.

-зейін қойып ойнайды.


-Сұрақтарға жауап береді.






Білу:жемістер мен көкөністер туралы түсінік алу.

Игеру: жемістер мен көкөністің адамдарға тиер пайдасы туралы түсінік алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

Күні___________________

Білім саласы:Әлеуметтік орта

Бөлімі:Экология негіздері

Тақырыбы: «Егінді өлке»

Мақсаты:балаларға нан туралы түсінік беру..

Міндеттері:1.балаларға нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатыны түсіндіру.Егінді өлке туралы түсінік беру. 2.сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. 3.балаларға нанды қастер-леуді,жерге тастамауды,адамдардың еңбегін қадірлеге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:нанның түрлері,егістік алқабының суреттері.

Жаңа сөздер:сабағы,астық,қауызы,диқан.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.


Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

Рефлексия


1.Шаттық шеңбері:

1.Шаттық шеңбері:

Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айту.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Кіріспе:жұмбақ

Алтын,сары тоны бар,

Қауызында дәні бар. (бидай)

3.Сұрақ-жауап:

-Жұмбақтың шешуі не?

-Бидайдың суретін көрсетіп талдау.

Б.Өтетілеуұлының өлеңін үнтаспадан тыңдау:

Кең далада көселген.

Теңіз толқып жатқандай.

Жиын жауып нұр сүйген

Егін нұрға батқандай.

-Егінді алқапты немен салыстырған?

-Балалар егінді кім егіп,жинайды?

-Диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

-Диқан егінді қай кезде егеді?

-Егінді немен жинайды?

-Қайда апарады? Қырманда егінмен не істейді?

-Содан соң қайда жібереді?

-Элеватор суретін көрсету. Онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болатынын айту.

-Көрдіңдер ме,нанға қаншама адам еңбек етіп,тер төкті.

-Нанға қандай мейірімді сөздер айтар едіңдер?

4.Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

5.Дидактикалық ойын: «Нанның дастарқанға келу ретімен орналастырыңдар»

6.Қортындылау:

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Егінді кім егіп жинайды?

-Бидайдың бөліктерін атаңдар.

-Бидайды өсірген адамдарға не айтар едіңдер?


-Өлең жолдарын қайталайды.

-жұмбақтың шешуін айтады.

-сұрақтарға жауап береді.

-өлең жолдарын зейін қойып тыңдайды.

-Сұрақтарға жауап береді.

-өлең жолдарына қимыл жасайды.

-зейін қойып ойнайды.
-Сұрақтарға жауап береді.







Білу:нан туралы түсінік алу.

Игеру:нанның пайда болу жолы туралы түсінік алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.


Күні___________________



Білім саласы:таным

Бөлімі:Экология негіздері

Тақырыбы: «Қысқы еңбек»

Мақсаты:қысқыеңбек туралы түсінік беру..

Міндеттері:1.балаларды қысқы еңбек түрлерімен таныстыру 2.сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін арттыру. 3.адамдардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:қысқы еңбек түрлерінің суреттері.

Сөздік қоры:күреу,себу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

Рефлексия



1.Шаттық шеңбері:

Балалар жылулық шеңберін құрап бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.

2.Кіріспе:жұмбақ жасыру

Әуеде ақ мамық,

Қалбақтап ұшады,

Қанаты талып,

Жерді барып құшады. (қар)

3.Сұрақ-жауап:

-Қар қай кезде жауады?

-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Адамдар қыста қалай киінеді? Неліктен?

-Қыста далада не көп болады?

4.Жаңа тақырып:

-Адамдар қыста қандай жұмыс жасайды?

-Қармен адамдар не істейді?

Аулда адамдар қарды егістіктерде ұстап қалуға тырысады?

-Қыста қар көп болса,жазда егін бітік шығады.

-Қысқы еңбек жасап жұрген сюжеттік суретті көрсетіп,әңгіме жүргізу.

«Көңілді қыс» өлеңін жаттау.

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта қар алап,

Іздерінен қар ұшып.

5.Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.

6.Дидактикалық ойын: «Жыл мезгіліне саяхат»

Шарты:жыл мезгіліне байланысты аялдамаларда мазмұнды суреттер менқалташаларға салынған суреттер жатуы керек.

7.Қортындылау:

-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?

-Қыста не болады?

-Адамдар қалай еңбек етеді?

-Өз ойларымен қысқы еңбек түлерінің суретін салады.


-жылы сөздер айтады.

-жұмбақтың шешуін табады.

-сұрақтарға жауап береді.

-сұрақтарға жауап береді.

-өлеңді жаттайды.

-өлең жолдарына қимыл жасайды.

(-зейін қойып ойнайды.

-Сұрақтарға жауап береді.


-сурет салады.







Білу:қысқы еңбек туралы түсінік алу.

Игеру:қысқы еңбекке қажет заттар туралы түсінік алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу

Күні___________________



Білім саласы:Әлеуметтік

Бөлімі:Экология негіздері

Тақырыбы: «Егінді алқап»

Мақсаты:балаларға ауылшаруашылығы туралы түсінік беру..

Міндеттері:1.балаларға ауылшаруашылығында жасалатын жұмыс түрлерімен таныстыру.Егінді алқап туралы түсінік беру. 2.сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру. 3.балаларға нанды қастерлеуді,жерге тас-тамауды,адамдардың еңбегін қадірлеге тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:нанның түрлері,егістік алқабының суреттері.

Жаңа сөздер:сабағы,астық,қауызы,диқан.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.

Кезеңдер

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивациялық кезең

Ізденіс ұйымдастыру кезеңі

Рефлексия


1.Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Қайырлы таң,балалар!

Е.Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айту.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз,

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Кіріспе:жұмбақ

Алтын,сары тоны бар,

Қауызында дәні бар. (бидай)

3.Сұрақ-жауап:

-Жұмбақтың шешуі не?

-Бидайдың суретін көрсетіп талдау.

Б.Өтетілеуұлының өлеңін үнтаспадан тыңдау:

Кең далада көселген.

Теңіз толқып жатқандай.

Жиын жауып нұр сүйген

Егін нұрға батқандай.

-Егінді алқапты немен салыстырған?

-Балалар егінді кім егіп,жинайды?

-Диқан сөзін қалай түсінесіңдер?

-Диқан егінді қай кезде егеді?

-Егінді немен жинайды?

-Қайда апарады? Қырманда егінмен не істейді?

-Содан соң қайда жібереді?

-Элеватор суретін көрсету. Онда бидайды көп жылдар бойы сақтауға болатынын айту.

-Көрдіңдер ме,нанға қаншама адам еңбек етіп,тер төкті.

-Нанға қандай мейірімді сөздер айтар едіңдер?

4.Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

5.Дидактикалық ойын: «Нанның дастарқанға келу ретімен орналастырыңдар»

6.Қортындылау:

-Бүгін не туралы әңгімелестік?

-Егінді кім егіп жинайды?

-Бидайдың бөліктерін атаңдар.

-Бидайды өсірген адамдарға не айтар едіңдер?

-Тағы да ауылда адамдар қандай шаруамен айналы-сады?



-Өлең жолдарын қайталайды.

-жұмбақтың шешуін айтады.

-сұрақтарға жауап береді.

-өлең жолдарын зейін қойып тыңдайды.

-Сұрақтарға жауап береді.

-өлең жолдарына қимыл жасайды.

-зейін қойып ойнайды.
-Сұрақтарға жауап береді.







Білу:ауыл шаруашылығында жасалатын жұмыстар туралы түсінік алу.

Игеру:ауыл шаруашылығындағы мамандар туралы түсінік алу.

Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу.

Күні:

Білім беру саласы:Таным.



Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Қысқы аулаға серуен .

Мақсаты:Қыс мезгілінің киімдері мен аяқ киімдерімен таныстыру. Міндеттері:

Қыс мезгілі және оның ерекшелігі туралы түсініктерін кеңейту.Табиғат пен адам денсаулығының өзара баиланысы туралы алған білімдерін тиянақтау.Туған өлке табиғатын аялап өсуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Ұйымдастыру:топпен

Көрнекілік:қыс мезгілі суреттері,киімдер мен аяқ киімер суреттері.

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивция

Шаттық шеңбері: -Мынау аспан астында Жақсы дос көп табылар. Мен де соның бірімін, Сыйлығымды қабыл ал!
Алақандарындағы жылулықтарын бір-біріне үрлеу арқылы сыйлау керектігін түсіндіреді.
Жұмбақ жасыру: Аппақ,бірақ сүт емес, Аппақ,бірақ бор емес. Аспаннан ол түседі, Даланы ақпен жабады.
Терезеге қонады, Әсем ою ояды.
Аяғы жоқ,қолы жоқ, Тістеп алады.


Қол ұстасып шеңберге тұрып,бір-біріне жылулықтарын сыйлайды.

Жауаптарын айтады:Қар.Қырау.Аяз.









Ізденіс ұйымдастыру

Сұрақ-жауап: -Қыс айларын атаңдар? -Қыста аулаға шығу үшін не киеміз? -Қысқы киімдер мен аяқ киімдерді атаңдаршы?
Ойын: «Қуыршақты киіндір»Шарты:Қысқы киімдердің кию реттілігін сақтап қуыршаққа кигізу. Дұрыс және жылдам киіндірген жеңімпаз атанады.
Сергіту сәті: «Сырғанақ»өлең жолдарын жатқа айту.
Тапсырма орындау:Суретшінің бес қатесін тап.


Сұрақтарға жауаптар береді.

Ойынға екі топ болып бөлінеді.

Қимылдар орындайды.
Тапсырманы орындарына отырып орындйды.








Рефлексия

Қорытынды:-Қыс мезгілінде аурулардан алдын ала сақтану үшін қандай шараларды қолданамыз? -Қысқы киімдеріміз қандай?

Мадақталады.







Күтілетін нәтиже:Балаларға қысқы киімдер түрлері ,аяқ-киімдер түрлері туралы білім беру.Адам денсаулығына қыс мезгілінің тигізер әсерін айта білу.Өз-өзіне дұрыс қызмет көрсетуге тәрбиелену.

Күні:


Білім беру саласы:Таным

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы:Орманға да қыс келді .

Мақсаты:Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі жайлы білім беру,қамқорлық сезімдерін нығайту. Міндеттері:

Қыс мезгілі және орман тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.Жабайы аңдар түрлерін атап айтуға үйрету.Қысқы орманды мекендеген аңдар туралы білім беру.

Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,көрсету,вендиаграмма.

Ұйымдастыру:жарты топпен

Көрнекілік:қыс мезгілі суреттері,аңдар суреттері.



Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация

1.Ұйымдастыру кезеңі:«Жылулық шеңбері» Балалар шеңбер құрып тұрады; Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік. Қыс қызығын көрейік, Тамашалап жүрейік Достарменен бірігіп, Сырғанақты тебейік. Ортада ақ үрме бұршақ салынған қорапша.(Соның ішінен балалар кішкентай және үлкен ұлпақарларды алып шығуы керек.)

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Дөңгелене тұрып үрмебұршқтарға қолдарын салады.










Ізденіс ұйымдастыру

-Қыстың ерекшеліктерін атаңдаршы?(боран соғады,аяз болады,т.б.) -Қар неге ұқсайды? -Ал енді балалар қараңдаршы бұл не?(Үрме бұршақ) -Дұрыс айтасыңдар,үрме бұршақ қарға ұқсайды екен. –Оның ішінде не бар екенін қолды салып іздеп көрейікші ?

-Осы ұлпақарларды енді өз досыңа сыйлап тілегіңді айтшы.

–«Бармысың орман»С.Погорелевский өлеңін оқу.

Қалың қалай.кәрі орман, Қалың орман,қара орман- Сенде құпия жетеді, Ертегі мен ғажайыптар мекені!


-Ал,балалар осы сендер қысқы орман тіршілігі туралы білесіңдер ме? -Дұрыс,енді жауаптарыңды суреттер арқылы дәлелдеңдер.
(Өлеңді балалармен қайталау алдында тіл ұстарту жаттығуларын орындау.) -«Чупа-чупс,сағаттың тілі,оңға-солға» -Тірек-сызба арқылы тақпақ оқу.(2,3,рет қайталау) Өлеңді жаттау әдістерін қолдану:әндетіп,ақырын дауыспен,дүрбі,тасбақа,шынжыр,зымыран,балалар тақтаға арқаларымен қарап айтады,немесе тәрбиеші қимыл арқылы көрсетеді,көзді жұмып айту. (Осымен сергіту сәтін өткізу) 4.Сұрақ жауап: -Өлең қалай аталады? -Авторы кім?не туралы?

-Жануарлардың қысқы тіршілігі-атты әңгіме жүргізеді.


-Дидактикалық ойын:»Қыста-жазда»Вендиаграмманы қолдану.
Балалар орындарын ауыстырады:сылдырмақ соғу арқылы.

Балалар жауаптары:қант,күріш,мақта.
(Балалар қолдарын кезек-кезек келіп салып,үлкен немесе кішкене ұлпақарларды алып шығады)

-Қардай аппақ бол! -Мұздай мөлдір бол!

Өлеңді мұқият тыңдайды.

Балалар жауаптар береді,суреттер арқылы танып әңгімелейді.

Әртүрлі т-әдіс-тәсілдермен айтады.

Сұрақтарға жауаптар береді.


Қысқы тіршіліктерін салыстырмалы түрде айтады.












6.Қорытынды: Балалар алдына суреттер қойып,сол суреттер арқылы әр бала бүгін сабақта не істегендерін айтады. 7.Мадақтау: --Тақтаға ілінген «Жабайы аңдар»атты суретке балалар өздері таңдап алған ұлпақарларын іледі.

Өздері бір-бірін бағалайды.







Күтілетін нәтиже:Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі жайлы білім алады.Салыстыра айта білуге үйренеді.Туған өлкенің жануарларын қорғау мен қамқорлыққа алу сезімін дамыту.
Каталог: uploads -> doc -> 0da0
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0da0 -> X шанханай негізгі мектебі Өткізген: Өмірхан Самал Ермекқызы «25 жылдың 25 сәті»
0da0 -> Сабақ№59 Пән: биология Күні
0da0 -> "Білгір бесеу" Сабақ барысы: 1- тур Ойға шабуыл 2-тур
0da0 -> Мұхит атындағы ожббм
0da0 -> Кестемен жұмыс. Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет