Ерекше білім беру қажеттілігі (ЕБҚ) – бұл көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған түсінік, өйткені инклюзивті білім берудің принципіне сәйкес әр оқушының жемісті білім алуы үшін барлық жағдайларды жасауға мектептің назарын аударады.
Инклюзивті білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде ерекше білім беру қажеттілігінің келесі анықтамасы қолданылады - бұл оқушылардың сапа- 12 лы білім алуы барысындағы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмекке мұқтаждығы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың төмендегідей топтары көрсетіледі:
1-топ. Психикалық және дене дамуында түрлі бұзылымдары бар балалар: көру, есту, сөйлеу бұзылымдары, зияты, тірек-қозғалыс аппараты, психикалық дамуы тежелген және эмоционалды-ерік-жігер аясы зақымдалған балалар
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады
Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады: 1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту; 2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі); 3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану; 4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау; 5) оқыту формасын таңдау; 6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу; 7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық; 8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың); 9) педагог-ассистентің көмегі; 10) әлеуметтік – педагогикалық көмек
Дегенімен, мектеп Кеңесінің шешімімен қысқартылған бағдарлама бойынша оқыту тек белгілі бір кезеңге (2-3 оқу тоқсанынан артық емес) қолданылатын уақытша шара болып табылады
Оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту. Оқу жоспары мен оқу бағдарламасы келесідей негізге сүйеніп өзгертіледі: - мектеп Кеңесінің шешімімен; - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің ұсынысымен. Егер білім алуында қиындықтары бар оқушыны мектеп өз бетінше анықтаса, онда психологиялық-педагогикалық қызметінің ұсыныстары негізінде мектеп Кеңесі шешімімен мұғалім бір немесе бірнеше оқу пәні бойынша оқу бағдарламасын қысқарта алады. Мұндай шешімнің негізі ҚР "Білім туралы" Заңының 47 – бабы, 2-тармағы - "ұйым кеңесінің шешімімен жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бой- 14 ынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде оқыту" болып табылады