Оқытудың нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімін)
Оқушылардың оқу үлгерімін бағалау әдістерін төмендегі көрсетілген жағдайларда өзгерту қажет: - оқушы арнайы, қысқартылған немесе жеке бағдарламамен оқытылған кезде; - оқушыларды оқытуда альтернативті әдісті қолданғанда
Мұндай ерекше білім беру қажеттілігін қанағаттандыру ПМПК ұсынысы негізінде жүзеге асырылады: «жеке амал және баланың оқу үлгерімін бағалаудың вариативтілігі». Егер оқушылар үшін мектеп өз бетінше оқу бағдарламасын уақытша қысқарту туралы шешім қабылдаса, онда дәл сол мектеп Кеңесі баланың оқу үлгерімін бағалаудың нұсқауларын және жеке тәсілдерін ұсынады. Ақыл-ойы бұзылған балаларды оқыту кезінде кез келген нәтиже оң болып саналады. Оқушының жетістіктерін бағалау акценті жеке бағдарлама шеңберінде қойылады
Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу материалдарын даярлау
Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі. Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады
Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі – бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті.
Инклюзивті білім беру тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу-дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дайындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер
Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек . Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы 20 негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялықпедагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.