ЕРЕКШЕ БІЛІМ АЛУ ҚАЖЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕЗЕҢДЕРІ
1 - кезең: оқушыны оқыту мен оқытудағы қиындықтардың сипаты туралы ақпарат жинау. ПМПК жолдамасы бойынша психикалық және дене дамуы бұзылған бала сыныпта оқыған жағдайда мұғалім мен мамандар сыныптағы сабақтарда мұндай оқушының оқуы мен мінез-құлқындағы қиындықтарын зерделей отырып, бірден бақылауға кіріседі. Әр маман бір апта ішінде бааны қадағалайды (алдын ала қадағалап, қандай маман және қандай баланы алу керектігін жүзеге асырады). Бақылау нәтижелерін белгілеу үшін мұғалімдер мен мамандар үшін бірыңғай бақылау хаттамасы қолданылады
Бала туралы қосымша, бірақ маңызды ақпарат алу үшін мұғалім ата-аналарға сауалнаманы және коммуникативтік төлқұжатты толтыруды ұсынады
2-кезең. Оқушыны тереңдетіп және бағытты зерттеу (тексеру)
Әрбір маман қажетті әдістерді, әдістемелерді, тесттер мен тәсілдерді пайдалана отырып психологиялық, логопедтік, арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді, оның нәтижелерін тексеру хаттамаларына енгізеді (Логопед сөйлеу картасын толтырады). Психолог психологиялық тексеру хаттамасы. Арнайы педагог - оқу қызметі компоненттерінің жағдайын бақылау хаттамасын толтырады. Тексерудің барлық түрлеріне қойылатын басты талабы - сыныптағы баланы оқыту қиындықтарының сипаты мен себептерін анықтауға бағытталуы болып табылады. Осының негізінде бірінші кезеңде қалыптасқан оқу қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжамға сүйене отырып, маман тексеру пәні ретінде баланың даму аймақтарын, оның ішінде баланың оқу үлгеріміне әсер ететін психикалық функцияларын немесе сөйлеу тілінің даму жақтарын ғана таңдайды.
3-кезең. Бірлесіп (мамандар, мұғалім және ата-аналар) оқушының ерекше білім беру қажеттілігін және психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтау, оқыту қиындықтарын талқылау
Қолдау көрсету қызметінің бірлескен отырысында мұғалім және әрбір маман балаға өзінің ұстанымы бойынша мінездеме береді: оқытудың қиындықтарын сипаттайды, олардың пайда болу себептері мен механизмдері туралы өз пікірін білдіреді, баланың мүмкіндіктері мен күшті жақтарын ашады (ата-аналар жеке отырысқа шақырылады). Бұл кезеңде оқыту қиындықтарының сипаты мен себептері туралы болжам оқу қиындықтарының түрін (себептерін) анықтау түріндегі соңғы қорытындысы болады
Қосымшада оқытудың негізгі қиындықтарының қысқаша сипаттамасы беріледі: - жұмысқа қабілеттілігінің төмендігі; - іс-әрекетін еркін реттеу, жоспарлау және бақылау жеткіліксіздігі; - есту-сөйлеу ақпаратының өңделуі; - көру және көру-кеңістіктік ақпараттың өңделуі