«білім берудегі менеджмент»



бет1/24
Дата08.02.2022
өлшемі82,3 Kb.
#121937
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ


Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

ФИЛОСОФИя және саясаттану ФАКУЛЬТЕТі


педагогика және білім беру менеджменті КАФЕДРАсы




«білім берудегі менеджмент»
пәні бойынша дәрістердің қысқаша мазмұны


5В011200-Химия, 5В011600 География мамандығы
2 кредит

Алматы, 2019




Алғы сөз

Педагогикалық менеджмент ұғымы жалпы білім беру жүйесін басқаруға байланысты 90 жылдардың аяғында қолданысқа ендірілген. Қоғам талабына байланысты мектептегі басқару жүйесі үлкен өзгерістерге ие болды. Соның салдарынан, басқарушыға жаңа талаптар мен міндеттер қойылып, олардың ұстанатын қағидалары да жаңаша ұсынылды. Шынайы демократиялық басқару жүйесі іске асырылуда. Сондай-ақ басқару ісіне әлеуметтік серіктестік тұрғысынан келу көзделуде. Яғни, басқарушы, басқарылушы, ата-ана, оқушылар араласуда. Бұл дегеніміз қазіргі адамдардың педагогикалық білімдерінің болуын қажет етеді. Болашақ мамандарды даярлауда бұл курс оларды басқару ісінің түрлерімен,тәсілдерімен, қағидаларымен, технологияларымен таныстырады. Педагогикалық менеджмент туралы теориялық білімдерін негіздеп, практикада іске асыруларына көмектеседі.


Әлемдегі заманауи әлеуметтік-экономикалық динамика өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің және қоғамның басқа да салаларының жаңа өлшемдерін (параметрлерін) талап етеді. Әлемдік экономикадағы өзгерістер тез өзгеретін бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу қажеттілігін туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды. Қазақстан Республикасы, әлемдегі басқа да мемлекеттер секілді, заман талабына сай өзінің білім беру сферасын экстенсивті дамыту жолында. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.Қазақстан білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың қазіргі кезеңі ең алдымен, бүкіләлемдік интеграцияға, оқу жоспары мен бағдарламаларын әлем тенденцияларына сәйкес түзету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының және сонда дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.
Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады. Білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы – ұлттық-мәдениет негізінде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. Қазіргі уақытта мектептің дамуына кедергі келтіретін жаңа проблемелар пайда болды – ұйымдастырушылық-басқарушылық. Шынымен-ақ, даму үстіндегі мектеп өзге типтегі басшыны – мектепті тек басқарып қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті, оқу үдерісін тиімді басқаратын менеджерді – қажет етеді. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік, бір жылдық іс емес екені белгілі. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, білім беруді басқарудың қаншалықты маңызды екендігіне айқын көз жеткіземіз. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде тұтас педагогикалық процесті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік процестерге ғана емес, сонымен бірге педагогикалық менджмент сынды күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет