Білім берудегі менеджмент



бет11/41
Дата11.06.2023
өлшемі190,6 Kb.
#178618
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Шпаргалка менеджмент

Бақылау сұрақтары:

  1. Заңдылық дегеніміз не?

  2. Педагогикалық менеджменттің қандай заңдылықтары бар?

  3. Педагогикалық менеджменттің заңдылықтарына мысал келтіріңіз



Тақырып№4 Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары
Жоспар

      1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде

      2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы

      3. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық

      4. Орталықтандыру мен жекеленуді саналы түрде үйлестіру

      5. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі

Негізгі түсініктер: қстаным, басқару ұстанымдары, педагогикалық менеджменттің ұстанымдары

Кез–келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушы мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар принциптерді сақтауға негізделеді. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің басшылыққа алатын қағидалары туындайды. Ол принциптер:



  1. Педагогикалық жүйені басқарудағы демократияландыру және ізгілендіру. Шешім қабылдау мен талқылаудың ашықтығы, мектеп басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды конкурспен және контракт негізінде қабылдау – мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпарыттың ашықтығы мен түсініктілігіне негізделеді. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беруі, оны талқылауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыру мектеп өмірінде демократияның орнығуының негізін қалайды.

  2. Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Жүйеліліктің бірінші белгісі – мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі – мектептің құрылымы. Үшінші белгі – жүйенің ерекшеліктері мен сипаттары. Төртінші белгі – оның қоршаған ортамен тығыз байланыста болуы.

  3. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасатты үйлесуі. Шамадан тыс орталықтандыру әкімшілік басқаруды күшейтуге әкеледі. Басқаруды орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, мұғалімдер мен оқушылардың бастамашылдығын шектейді, оларды өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдерді жай ғана орындаушығы айналдырады. Сонымен қатар орталықсыздандыруға да шамадан тыс көп мән беруге болмайды. Артық орталықсыздандыру тұтастай басқару мен әкімшіліктің ролін төмендетеді, басқарудың қадағаушылық қызметін жояды. Педагогикалық ұжымда түсініспеушілік пайда болып, әкімшілік пен қоғамдық басқару органдарының бір –біріне қарсы тұруына негіз болады. Сондықтан орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіріп, бүкіл мектеп ұжымының мүддесін ескеріп, кәсіптік деңгейде шешім қабылдаған дұрыс.

  4. Жеке билік пен басқарудың тұтастығы. Басқару қызметінде билеп–төстеушілікке жол бермей, әріптестердің тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әртүрлі көзқарастарды салыстыра отырып оң шешім қабылдаудың маңызы зор.

  5. Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың обьективтілігі және толықтылығы. Басқару тиімділігі ақпараттардың толықтығына байланысты. Әлеуметтік педагогикалық әдебиеттерде ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады. Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың көптігі де, аздығы да шешім қабылдауға кедергі жасайды. Қазіргі кезде техникалық құралдар мен компьютерді пайдаланып, ақпараттарды өңдеуге, талдауға, жинауға, сақтауға болады.

Басқару жүйесіне арналған Д.Карнегидің 10 ережесі

  1. Әңгімелесушінің қадір–қасиетін мойындау мен мадақтаудан бастаңыз;

  2. Басқалардың қатесін тура емес, жанама түрде айтыңыз. Тура сынаудың нәтижесі жоқ, ол қорғануға әкеледі;

  3. Алдымен өз қатеңізді туралы айтыңыз, артынан басқаларды сынаңыз;

  4. Бұйрық бергеннен гөрі сұраңыз;

  5. Адамның өз абыройын сақтауға мүмкіндік беріңіз;

  6. Мақтауға жомарт болыңыз;

  7. Адамдарға олар қорғауға және сақтауға ұмтылатын беделін жасаңыз;

  8. Мадақтаңыз, қателікті түзетуге болатынын көрсетіңіз;

  9. Сізге керектіні орындау жағымды болатын жағдай жасаңыз;

  10. Адамдарға өз келбетін сақтауға мүмкіндік жасаңыз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет