Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет30/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы
Ғарыш физикасы, СОЧ 1, 11 класс УЧЕНИК
Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма:


Сабақтың тақырыбы:
Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіровтің өмірімен таныстыру.
б) Оқушыларда оқу – танымдық іс - әрекеттерді өз бетінше жүргізу дағдысын қалыптастыру.
в) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Сұрақ, жауап.
Пәнаралақ байланыс:
Тарих, әдебиет.
Көрнекілігі: Т. Әубәкіровтің суреті.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Қазақтың тұңғыш жер серігі қай кезде ұшырылды?

1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының 1 май колхозында дүниеге келді. Жұбайы - Әубәкірова Татьяна Михаиловна, ұлдары: Тимур – бизнесмен, Алматы (1977ж.т.), Михаил магистр, Лондон (1982 ж.т.). Армавирдегі ұшқыштардың жоғары әскери авиациялық ушилищесін (1969ж.), КСРО Авиация өнеркәсібі министрлігінің сынақшы-ұшқыштар мектебін (1976 ж.), Мәскеу авиация институтын (1979 ж.) бітірді. Ғарышкерлер дайындайтын орталықтан (1991 ж.) өтті.


Ұшқыш сынақшы, ҰСМ тыңдаушысы (1975-1976 ж.ж.); Улан-Удэ авиациялық зауытының ұшқыш-сынақшысы (1976ж); А.Микоян атындағы конструкторлық бюросында ұшқыш-сынақшы (1976-1991 ж.ж.) қызметін атқарды.
1986 жылы «Тбилиси» авиатасығыш крейсеріне МиГ-29К ұшағын қондырып, сол жерден әдеттегі жүйе бойынша әлемде тұңғыш рет трамплиннен ұшып шықты. Бұл ұшу бірден Гиннесттің рекордттар кітабына енді. 1991 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындайтын Орталықта жалпы ғарыштық толық дайындық курсынан өтті. 1991 жылдың 2-10 қазанында кеңестік-австриялық халықаралық «Союз ТМ-13» ғарыштық экспедицияның құрамына ғарышқа шығып, ғарышкер зерттеуші санатында орбиталық «Мир» стансасында болып қайтты.
Қ.Р Мемлекеттік қорғаныс ккомитеті Төрағасының бірінші орынбасары (наурыз-тамыз 1992 ж.); ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары (тамыз 1992 ж. – қаңтар 1993 ж.); ҚР Ғарышты зерттеу агенттігінің Бас директоры – ҚР ғылым мен жаңа технологиялар министрінің орынбасары (қаңтар-ақпан 1993ж.); Ұлттық Аэроғарыш агенттігінің бас директоры (ақпан 1993 ж. – наурыз 1994 ж.);

ҚР Кеңесінің қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы (сәуір 1994 ж. – наурыз 1995 ж.); ҚР Президенттінің Көмекшісі (сәуір 1996 ж. – сәуір 1997 ж.); ҚР Президентінің Кеңесшісі (сәуір 1997 ж – сәуір 2000 ж); Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (сәуір 2000 ж. – маусым 2001 ж).


ҚР ХІІ – ХІІІ шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
Кеңес одағының батыры (қазіргі заманғы ұшақтарды сынақтан өткізуде көрсеткен ерлігі мен өжеттігі үшін – 1988 ж.); 1995 жылы Қазақстанның «Халық Қаһарманы» атағы беріліп, «Отан» орденімен «Алтын жұлдызбен» марапатталды;
КСРО – ның еңбек сіңген ұшқыш – сынақшысы, КСРО ұшқыш – ғарышкері (1991 ж.) және «Отан» ордендерінің, сондай-ақ Австрияның «Алтын Крест» орденінің (1993 ж.) иегері. ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Астана мен Алматы қаласының, Қазақстанның барлық облыс орталықтары мен бірқатар қалаларының Құрметті азаматы. Ғылыми-техникалық мазмұндағы екі кітаптың авторы.
2001 жылы « Ғасыр саңлағы » атағы берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет