Білім берудің негізі білім ғана емес, олардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жетелеу, ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұғымды пайдалану



бет33/92
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#118893
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92
Байланысты:
Ғарыш физикасы
Ғарыш физикасы, СОЧ 1, 11 класс УЧЕНИК
Сабақты қорыту:
Үйге тапсырма беру:


Сабақтың тақырыбы:
Әлемдегі әйгілі ғарыш айлақтары.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды дүние жүзіндегі әйгілі ғарыш айлақтарымен таныстыру.
б) Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын, танымын дамытып, күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, лекция.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
б) Жаңа сабақ.


1. Байқоңыр (Қазақстан). Қызылорда облысындағы Сырдария жағалауында орналасқан. Әкімшілік орталығы – Байқоңыр қаласы. Қазақстан жерінде орналасқанына қарамастан Ресей өз иелігіне алып отыр. Негізінен Байқоңырдан «Союз», «Протон», «Рокот», «Зенит», «Циклон-3» атты РН үлгісіндегі зымырандар ұшырылады.
2. Джон Ф. Кеннеди атындағы ғарыш орталығы (АҚШ). Каннавер мүйісінде орын тепкен. 1946 жылы құрылған. Тәжірибелі зымырандарды 1950 жылдан, ал бірінші жер серігін 1958 жылы ғарышқа жіберді. РН Delta және Atlas зымырандарын ұшырып жүр.
3. Плецеск (Ресей). Архангельскіден оңтүстікке қарай 180 шақырым жерде орналасқан. 1959 жылдың желтоқсанында зымыран базасы ретінде дүниеге келген. 1966 жылдың 17 – наурызыңда алғаш рет зымыранын ұшырды. ХХ– ғасырдың 70 – 80
жылдары бүкіл дүние жүзінде ғарышқа жіберілген кемелердің 40 пайызы осы ғарыш айлағынан ұшырылған екен.
4. Свободный (Ресей). Қиыр шығыстағы Амур облысында орналасқан. 1994 жылы әскери зымыран дивизиясының стратегиясын белгілеу мақсатында салынды.
5. Капусти Яр (Ресей). Астрахан облысының төңірегіндегі Знаменска қаласында: Бұрын баллистикалық зымырандарды сынайтын аймақ болған. Қазыргі таңда – ғарыш айлағы. Алайда, бұл жерден зымыран ұшырылмайды. Бірақ басқа ғарыш айлақтарынан зымырандарды ұшыруға көмекші ретінде түрлі технологияларды жасауға атсалысып жүр.
6. Халықаралық « Теңіз старт » жобасы. Тыны мұхитының экватор аймағында орналасқан. 1999 жылдан бері мұхиттың Одисей атты платформасынан сәтті ұшырылып келеді. Негізінен, зымыранды Норвегия жағы жасаса, ал қайтадан жабдықтап, өңдеуді Ресейде жүзеге асады. РН « Зенит – 3 SL » - дің екпіндегі DM – SL шығырын пайдаланады. Жобаның ұйымдастырып қаржыландырушылары – Ресей, АҚШ, Украина және Норвегия елдері.
7. Куру (Франсуздық Гвиана). Еуропалық ғарыш агентігіне қарайды. 1968 жылдан бастап тәжірибелі зымырандар ұшырыла бастады. Ал 1979 жылы алғашқы жер серігін ұшырды.
8. Әл – Анбар (Ирак). Ел астанасы Бағдаттан 50 шақырым жерде. 1989 жылы құрылған. « Шөлдегі дауыл » операцияның кесірінен ғарыш айлағы едәуір дәрежеде бұзылған. Содан бері зымырандарын ұшырмайды.
9. Шрихарикота ( Үндістан). Мадрас қаласының солтүстік бағытына 100 шақырым жерде орналасқан ғарыш айлағы. Негізінен, РН-SLV-3, ASLV, PSLV зымырандары қондырылады.
10. Кагосима ( Жапония). Кюсю аралының Кагосима префектурасында. 1970 жылы құрылған. РН-Labda-45, Mu-3S, M-V-лы зымырандарды жиі ұшырады.
11. Танигасима( Жапония). Алғашқы жер серігін 1975 жылы ұшырған екен. Қазір РН-Н-2 түріндегі зымыранын қолданады.
12. Мусудан( КХДР). Солтүстік Кореяның Нодонг және Тасподопг қалаларының шығыс жағалауында бой түзеген. Бұл ғарыш айлағы. Камгуонг провинциясының Квандай аумағында тұр. РН-Taepodong зымыранын қолданады.
13. Цзюцюань ( Қытай). Гоби шөліндегі Ганьсу провинциясында, теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орын тепкен. 1969 жылы жасалынған. РН-Long March, F-6-1, CZ-2D, CZ-2F зымырандарын ұшырады.
14. Сичан ( Қытай). Негізінен Қытайдың « геостанционарлық » ғарыш айлағы ретінде пайдаланылады. РН-СZ-2E, CZ-3 зымырандары қондырылады.
15. Алькантра ( Бразилия ). Бразилияның солтүстік бөлігіндегі Атлант мұхиты жағалауында орналасқан. Алғашқы және әзіргі соңғы рет PH-VLS зымыранын 1997 жылдың 2-қарашасында ұшырған екен.
16. Ванденберг ( АҚШ ). Калифорния штатының Лос-Анжелес қаласынан шалғайда орын тепкен. Алғашқы жер серігін 1959 жылы ұшырған.
17. Уоллопс ( АҚШ ). Виржиния штатындағы Уоллопс аралында. Бірінші жер серігін 1961 жылы ұшырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет