«білім және Әдістемелік» оқу-әдістемелік орталығы pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата04.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#156649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
adisteme-03.11.2022 (4)
Ма сатым Ауаны адам міріндегі ма ыздылы ын,ауасыз тіршілік жо
Тапсырма түрлері:
Қабылдауын шыңдау үшін 10-15 секундта геометриялық фигураларды 
көрсетіп, уақыт бойынша суретін салғызуға болады. Осындай тапсырманы 
түрлендіріп отырған жөн. 
Мақал-мәтел, тақпақ оқытып, жаттатуда, есте сақтау қабілетін дамыту үшін 
заттарды визуалды көрсету арқылы тапсырмалар ұсынамын. 

Ойын толық жеткізуге арнайы тірек –үлгілер арқылы сөйлетіп дағдылату. 


Мысалы: кескін-тірек арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін ажыратып, 
шағын ауызша шығарма құруға дағдыландыру. 
Зейіннің тұрақтылығын дамыту үшін қазақ тілі сабағында қысқаша жеңіл 
балаға түсінікті жаттығудан үзінді алып, әр жолды жазып отырып осы 
сөйлемдегі «үнді,» немесе «қатаң» дыбыстардың астын сызып, санап шық деп 
тапсырма беріп уақытты белгілеп, жазу таңбасынан қанша қате жібергенін 
қадағалауға болады. 
Ребус шешу:
Сабақта тақырыпты жеңіл меңгеруде дүниетану пәнінен викториналық 


«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы 
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
11 
сұрақтар құрастырып, математика элементтеріне көңіл аудартып пән аралық 
байланыс жасалса, оқушының есте сақтауына, әрі ойлануына тапсырма 
ұйымдастырамын. Мысалы: 

Дала көкегі орта есеппен күніне 40 шақты қырық-аяқ, 40 шақты жұлдызқұрт 
жейді, 5 қоңыз личинкасын жейді. Сондықтан ол пайдалы. Ал 2 күнде қанша 
жәндік жейді? 

Қайың 250 жылдай, қарағай 600 жылдай өмір сүреді. Қайыңның сөлі пай-
далы. Сусын ретінде ішуге болады. Қарағай қылқан жапырақтылар класына 
жатады. Одан желім даярланады. Қайың қарағайға қарағанда қанша жыл аз 
өмір сүреді, деген салыстыру жүргізуге болады. 
Тақырыпты түсініп оқуда баланың оқыған әрбір сөзін белгілі затпен, 
математикалық элементпен байланыстырса , оқығанына мағына бере бастайды , 
жеңіл қабылдап, тақырып есінде сақтала бастайды. Сондай-ақ, үлкен көлемді 
тақырып кездессе, әр топқа (өсімдік, жануар немесе жәндіктер класына бөліп 
беру арқылы тақырыпты жеңіл игертуге болады. Осы әрекеттер жүзеге асқан 
жағдайда оқушының дүниетану пәніне деген қызығушылығы ояна түседі. 
Осындай бағытта үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаймын, зейінін 
дамытатын тапсырмалар беріп, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырамын. 
Үлгерімі төмен оқушылардың міндеті — түсініп оқу, әрбір сөзді топтап, белгілі 
затпен байланыстыра білу. 
Нәтижесінде: 
оқушының бойынан оңтайлы өзгерістерді аңғаруға болады. 

Пәнге деген қызығушылығы артады; 

Өздеріне сенімді бола бастайды

Белсенділік көрсетеді; 

Жолдастарының ықыласына бөленеді; 

Сабақты себепсіз босатпайды; 

Жауапкершілігі артады; 

Түсінбей қалса, батыл сұрақ қоюға талпынады. 
Алған білімдерін кеңейтіп, білім, білік, дағды, іскерлік қабілеттерін 
қалыптастыратын, математикалық ойлауын, ережелерді ұғынып, 
шығармашылық ойын дамытуға жетелей отыра қабілетті тұлға тәрбиеленеді. 
Оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгерген, ұлттық сана сезімі 
жетілген және ішкі жан дүниесін тани білетін, өзін өзгелердің мүмкіндігімен 
салыстыра алатын тұлға қалыптасады. 



«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы 
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
12 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет