«білім және Әдістемелік» оқу-әдістемелік орталығы pdf журнал. Куәлік № kz37vpy00015077



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата04.11.2022
өлшемі1,04 Mb.
#156649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
adisteme-03.11.2022 (4)
Ма сатым Ауаны адам міріндегі ма ыздылы ын,ауасыз тіршілік жо
№ Z00061 03.11.2022 ж 
 
ҚАЗАҚ КӨРКЕМӨНЕРІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУ 
ТОЛЕМИСОВ ДОСЖАН АИТКАЗИНОВИЧ 
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі 
Абай облысы білім басқармасының 
Үржар ауданы білім бөлімінің 
«Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп-бақшасы» КММ 
Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп 
басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу 
тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың 
жиналу, саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші.
Қазақ мәдениетінің үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен 
сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің басты таратушылары болған 
көшпенді ата-бабаларымыз рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя 
алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты бойына жинақтай да білді. 
Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын 
алып қарасақ та, осыны аңғарамыз. Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз 
жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ пен ұрпақты байланыстырып келеді. 
Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің ертегісін тыңдадық.
Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін 
мен ырғақ керек. Ғасырлар бойы екшеленген мұраларды бір сәтте естен 
шығармаған абзал» – деген. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп-тамыры 
тереңнен тартылған тума төл мәдениеті бар, ол мәдениеттің өзіндік даму жолы, 
талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар. Олай деуіміздің себебі, қазақ деген ел жер 
бетіндегі ең ежелгі елдердің бірі.
Шығысы мен батысы Азия континентінің Еуропамен шектесетін тұсынан 
бастап Қытай шекарасына дейін, оңтүстігі мен солтүстігі Хантәңірі тауларынан 
бастап Солтүстік Мұзды мұхиттың бергі жағындағы Сібір тоғайларына дейін 
жарты жаһанды алып жатқан қазақ елі ешқашан да дүниежүзілік тарих 
сахнасынан түсіп көрген емес. Осынау орасан зор кең байтақ Ұлы Даланы 
мекендеген қазақ халқы өзінің екі жағындағы екі державаның оқымысты 
зиялыларының назарын үнемі аударып келген, әлі де аударуда.


«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы 
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
13 
Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан- ұрпаққа, 
әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге 
мәдени қол өнерімен танытып келген өшпес өнер кейінгі уақытта да танытпақ.
Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне 
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, әрі қарай 
жаңғыртып, байытушы. Көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі адамзат 
мәдениетінің дамуын қарастыратын болсақ, мәдениеттер арасындағы 
қарымқатынастың, сұхбаттың үзілмей келе жатқанын көреміз.
Белгілі ғалым Л.Н.Гумилев көшпелілер жайында былай дейді: «Біздің 
дәуірге дейінгі І ғасырдағы көшпенділер мәдениеті ерекше дараланды. Оның 
үстіне ол ХVІІІ-ХІХ ғ. көшпелілер мәдениетінен көп жоғары болған».
Көшпелілер мәдениетінсіз адамзат мәдениеті толымсыз болар еді, сонымен 
өткен мәдени мұраны игеріп, басқа халықтың мәдени жетістіктерін бойына 
сіңіріп, рухани құндылықтарды жасауға қабілетті мәдениет қана болашақтан 
үміт күте алады.
Қазақ халқының көркем мәдениеті көне ғасырлардан бастама алады, осыған 
орай мәдениеттің тарихи қозғалысын, тілдік заңдылықтарын біліп-танудың мәні
артып отыр. Бұл талаптарды іске асыруда, өткен дәуірдің рухани мұрасын 
тарихифилософиялық тұрғыда қарастыру қажет.
Белгілі философ А.Х.Қасымжанов айтқандай, «қайта жаңару уақыты туды, 
ол рухани тамырларымызды зерттемей, ұғынбай іске асуы мүмкін емес. Іздену, 
ұғыну, өткенге құрметпен қарау бұл – халықтың іштей түлеп, өзін-өзі тану 
жолына түсуі, өркениетті қоғамдағы озық халықтың қатарына терезесі тең 
қатарға қосылуы. Халықтың тарихи мұрасының өрлеуі ұлттық сана сезімінің өсу 
үрдісінің негізгі бөлігі болып табылады. Мұнсыз халық тәуелділігі дегеніміз сөз 
болып қала бермек».
Халық арасында көне мәдениет сырттан келген мәдениеттер ықпалымен 
жаңарып, толыққан үстіне толыға түсті. Өйткені қазақ халқының көркем 
тіршілігінде ғасырлар барысында көптеген өзгерістер болды. Сырттан келген 
мәдени үлгілерді халық өз өмір тіршілігіне байланысты өзгерткен. ХІХ ғ. 2-ші 
жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму 
баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді.
Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық 
тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. 
Академик Ә.Марғұланның айтуынша, «Қазақтың қолөнері жалпы қазақ 
мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. 


«БІЛІМ және ӘДІСТЕМЕЛІК» оқу-әдістемелік орталығы 
PDF ЖУРНАЛ. Куәлік № KZ37VPY00015077 
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ 
14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет