Білім және ғылым Министрінің 2019 жылғы № бұйрығына қосымша


- тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері



бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі48,8 Kb.
#125016
1   2   3   4
Байланысты:
 @>3@0<<0

2 - тарау. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері,

күтілетін нәтижелер


  1. Бағдарламаның мақсаты жаңартылған білім беру мазмұны мәнмәтінінде жоғары оқу орындары педагогикалық мамандықтары оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

  2. Бағдарламаның мақсатына жету үшін мынадай міндеттер айқындалған:

  1. осы бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

  2. педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру;

  3. оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінде, сондай-ақ тұлғалық-әрекеттік және құзыреттілік тәсілдері негізінде заманауи дәріс құруда кәсіби жобалау және модельдеу дағдыларын жетілдіру;

  4. жоо-да оқу процесінде инновациялық білім беру технологияларын және интерактивті әдістерді пайдалану білігін қалыптастыру;

  5. білім алушыларда сыни және креативті ойлау, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды тұжырымдау мен шешу білігін қалыптастыру дағдыларын дамыту;

  6. педагогтың кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау білігін қалыптастыру;

  7. оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігін қалыптастыру.

  1. Курс соңында тыңдаушылар:

  1. осы бағдарламаның оқу модульдері шеңберінде жоғары мектеп педагогының кәсіби дамуына психологиялық-педагогикалық қолдаудың әлемдік ғылым мен практиканың жетістіктері туралы біртұтас түсінік қалыптастыруды; педагогикалық білім беруді жаңғыртудың ғылыми-әдіснамалық негіздері, оның ішінде жаңартылған білім беру мазмұны туралы біртұтас түсінік қалыптастыру біледі;

  2. жоғары оқу орындарында білім алушылардың кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жобалау және үлгілеу тәсілдерін, тұлғалық-әрекеттік және құзыреттіліктік тәсілдері негізінде заманауи сабақтарды құрастыру әдістерін, сыни және креативті ойлауды қалыптастыру тәсілдерін қолдана алады;

  3. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда инновациялық білім беру технологияларын қолдану, білім алушылардың жетістіктерін бағалау, кәсіби өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, проблемалық міндеттер мен жағдаяттарды құру және шешу қабілеттерін меңгереді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет