3 - тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бағдарлама 5 модульден тұрады:
нормативті-құқықтық;
психологиялық-педагогикалық;
мазмұндық;
технологиялық;
вариативтік.
Вариативтік модульдің тақырыптары тыңдаушылардың кіріс сауалнамасы арқылы анықталады.
4 - тарау. Білім беру процесін ұйымдастыру, нысандары мен әдістері, нәтижелерін бағалау
Осы Бағдарламаның қосымшасына сәйкес біліктілікті арттыру курстары қашықтықтан оқыту және күндізгі оқу кезеңдерінен тұратын курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес аралас оқыту режимінде ұйымдастырылады. Курстың ұзақтығы - 260 сағат.
9. Оқу процесі оқытудың мынадай әдістері мен интерактивті түрлерінен тұрады: дәріс, семинар, практикалық жұмыс, көшпелі практикалық сабақ, тренинг, шағын-сабақ таныстырылымы, кейс әдісі, жоба әдісі, бейнефильмдерді талқылау, сонымен қатар вебинар, онлайн-форум, онлайн кеңес беру, және тыңдаушының оқытушымен өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ТОӨЖ), шағын топтардағы жұмыс, оқыту ойындары, кері байланыс, күрделі және дискуссиялық сұрақтар мен мәселелерді талқылау, шеберлік сыныбы, дөңгелек үстел, талдамалық есеп және жеке портфолио қорғау.
10. Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатындағы білім беру процесін ұйымдастыруда өзіндік жұмыс, жобалау жұмысы (портфолио қорғау), шағын сабақ презентациясы, психологиялық-педагогикалық және мазмұндық модульдер бойынша аралық тестілеу, технологиялық модуль бойынша қорытынды тестілеу жүргізіледі. Өзіндік жұмыс тапсырмалары, тест тапсырмалары курстың оқу-әдістемелік кешеніне енгізілген.
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасына
қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |