Пустулалар.
Ауруларға шалдыққан өсімдік органдарының эпидермисінің астында саңырауқұлақтар тіршілік етіп онда спораларын түзеді.Соңғылары пісіп жетілген кезде эпидермис жыртылып споралар ауаға таралады.Оларды тат саңырауқұлақтар түзеді.
Ұлпа.
өсімдіктің ауруға шалдыққан органдарының үстінде саңырауқұлақтардың мисселилері,конидия мен оның сабақтарынан және жеміс органдарынан тұратын жұқа ұлпалар пайда болады.Ол өсімдік ақ ұнтақ,жалған ақ ұнтақ ауруларына шалдыққанда жетілмеген саңырауқұлақтар өсімдік органдарында жысыззсыз жолмен көбейгенде түзіледі.
Қаракүйе.
Өсімдіктің кеселденген органдары формасы әр түрлі келетін қаракүйе тәріздес ұнтаққа немесе түйірлерге айналады.Бұл ауруға көбінесе астық дақылдарының жыныс органдары шалдыгады.Оның дәнінің немесе масағының орнына қаракүйе қалташалары болмаса түйірлері түзіледі.Бұндай өсімдік ауруының астық тұқымының масағымен қатар сабағы және жапырағыда шалдығады.
Мумификация.
Саңырауқұлақ мицелийлері ауруға шалдыққан органдарды торлайтындықтан олар кеміп сүректенеді.Аурудың бұл түріне қастауышы алманың монилиозы және мумификациялану жатады
Ісік.
Өсімдік органдарын бактериялармен саңырауқұлақтар жайлауының әсерінен клеткалар көбейеді (гиперплазия) немесе көлемі ұлғаяды(гипертрофия).Осының салдарынан тамырда түйнекте ісіктер пайда болады.Бұл топқа капустаның алма мен басқа жеміс ағаштарының және картопың түйнегінде кездесетін рак аурулары жатады.
Деформациялану.
Вирус ауруларына шалдыққан өсімдіктердің жапырағы мен гүлдерінің сырт пішіні ,реңі өзгереді.Жапырақ мезофилдерімен жүйкелерінің біркелкі өспеуінен жапырақтары бұйраланады қатпарланып түтікше тәріздес ширатылады.
«Шайтан сыпырғышы».Қалталы және тат саңырауқұлақтардың әсерінен ауруға шалдығады.
VI - VII – VIII дәріс
Өсімдік ауруларын анықтау
Дәріс жоспары:
Өсімдік ауруларын анықтау тәсілдері
Өсімдік ауруларынан келетін зиян
Инфекциясыз (жұқпайтын) аурулар
Саңырауқұлақтар, өсімдік ауруларының қоздырғышы
Ауылшаруашылық дақылдарының ауруларымен күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін , оларды бір – бірімен ажырата білі қажет.Бұл үшін бірнеше әдістер қолданылады.
1.Өсімдіктерді көзбен жіті қараса, олардың органдарында патологиялық өзгерістер бар – жоғы байқалады.Жапырақта, сабақта,сүректе ,генеративті органдарда байқалған белгілеріне сүйеніп өсімдік ауруының қай түрі (дақ, ұлпа, пустула, т.б.) екені анықталады.
2.Өсімдіктің ауруға шалдыққан органдары лабораторияда лупа , бинокуляр немесе микроскоп арқылы зерттеліп, онда ауру қоздырғышының споралану органдарының бар – жоғы тексеріледі. Саңырауқұлақтармен зақымдалған органда мицелий мен споралану органдарынан тұратын жұқа өңез немесе ұлпа , жеміс денелері , пикнидтер, пустулалдар ,әр түрлі споралар кездеседі. Бактериялармен зақымданған органдардан тамшы эксудат бөлінеді немесе олар кеуіп ұнтаққа айналады.
3. Ауа райы құрғақ кезде өсімдіктің көптеген ауру қоздырғыштары зақымдалған органда спора түзбейді, олардың мицелийлері клетка ішінде , немесе оның аралығында қалады. Бұл жағдайда аурудың табиғатын анықтау үшін ылғалды камера қолданылады. Оны жасау үшін түбіне 1-2 қабат сорғыш қағаз төселген, стерильді сумен ылғалдандырылған Петри шынылары пайдаланылады . Ауруға шалдыққан органдар ылғалды камераға салынып, онда 20-25 0температурада 4-5 күн ұсталады. Осы мерзімнен кейін споралану органдарының түзілу процесі тексеріледі.
4. Өсімдіктің ауру қоздырғышын жасанды ортаға бөліп өсіруге тура келетін кездер де болады. Бұл әдіс, әсіресе бактериялар және жетілмеген саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды анықтауға өте қажет. Арнайы рецепті бойынша жасалған жасанды орта Петри шыныларына құйылады, ол қатқан соң үстіне залалданған органдардың кішкене бөлшектері немесе судағы шайындылары егіледі.
Ауру қоздыратын бактериялардың түрін анықтау үшін оның морфологиясымен қатар жасанды және табиғи қоректік орталарда физиологиялық, биохимиялық, культуралық қасиеттері зерттеледі.
Вирус ауруларын анықтауда серологиялық әдістің маңызы зор. Бұл әдіс вирус инфекциясынан сау картоп тұқымын алу үшін ауыл шаруашылық тәжірибе станциялары мен ғылыми- зерттеу институттарында кеңінен қолданылады. Өсімдік вирустарының түрін анықтауда серологиялық әдіспен қатар , электронды микроскоп және индикатор өсімдіктер кеңінен пайдаланылады.
Өсімдік ауруларынан келетін зиян
Өткен ғасырдың ортасында Батыс Еуропада картоп фитофтороз ауруына шалдықты. Соның кесірінен ирландықтар ашаршылық апатына ұшырады. Бұл елдің мыңдаған тұрғындары аштықтың құрбаны болды , көптеген адамдар шет жұртқа еріксіз қоныс аударды. Сондай-ақ ертеректе Оңтүстік –шығыс Азияда кофе дақылы көп егілетін еді. Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында осы дақылдың көптеген плантациялары тат ауруының эпифитотиясына ұшырап, күрт жойылып кетті. Ал плантацияларда кофе өндіру экономикалық жағынан тиімсіз болды. Сонымен бірге 1890 жылдары Австралияны шарпыған өсімдіктің жалған ақ ұнтақ ауруының эпифитотиясы көпшілік елдердегі темекі плантацияларын апатқа ұшыратты.
ХХ ғасырдың бас кезінде Америка құрлығында қант құрағы мозанка ауруы тарады. Осы өсімдік ауруының салдарынан бұл өлкеде қант шаруашылығы күрт төмендеп кетті.Тек бұл ауруға берік сорттар шығарудың нәтижесінде ғана қант құрағы апаттан аман қалды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы ауыл шаруашылық , азық-түлік проблемалары туралы комиссияның мәліметіне қарағанда дүние жүзіндегі әр түрлі өсімдік ауруларының кесірінен картоп өнімі 88,9 млн тонна немесе 11,6 процентке кемиді.Бұл шығынды ақшаға шақсақ – 3,4 млрд. доллар. Ал астық дақылдарының түсімділігі алуан түрлі өсімдік ауруларының әсерінен 5-6 процентке кемиді екен.
Ал Америка Құрама Штаттарында ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі тек қана өсімдік ауруларының кесірінен 3 млрд. долларға кемитін көрінеді.
Біздің елімізде де осы ғасырдың алғашқы кезеңдерінде астық дақылдарының өніміне қаракүйе ауруынан келетін зиян көп болды. Бұл өсімдік ауруы дәнді дақылдардың түсімділігін 10-15, кейде 20-30 процентке дейін кемітетін еді. 1950-1960 жылдары қаракүйе ауруымен күресудің ғылымға негізделген шаралар жүйесі өндіріске кеңінен ендірілуіне байланысты, қазір ол егін шаруашылығына айтарлықтай зиян келтірмейтін болды.
Бірақ астық, көкөніс, жеміс дақылдарының өніміне тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, таз қотыр т.б. бактериоздар мен вирус ауруларының тигізер зияны әлі де толық жойылған жоқ.
Астық дақылдарының тамыр шіруі ауруынан Алматы облысының шөл дала аймағында өсетін арпаның түсімі орта есеппен 13 процентке, ал күздік бидайдыкі 3-7 процентке кемиді.Талдықорған облыстық өсімдік қорғау станцияларының мәліметтеріне қарғанда, 1980 жылы тексерілген 36,5 мың гектар қызылша егісінің 11,4 мың гектары 31,3 % мөлшерінде тамыр жемістердің шіру ауруына шалдыққан . Демек тек осы өсімдік әсерінен қызылшаның 10 проценттен астам кеміген.
Сондай – ақ 1979-80 жылдары республикамыздың оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында таз- қотыр ауруына шалдыққан көптеген алма сорттарының жемісі 90-100 процент мөлшерінде зақымдалып, оның сапасы мен қатар түсімі де төмендеп кетті . Қиярдың ақ ұнтақ , бактериоз, помидордың қара бактериоз, рак , картоптың вирус т.б. дақылдардың өсімдік ауруларынан келетін шығынның мөлшері де 10-15 проценттен кем түспейді.Шырынға бай жемстерді , картоп , сәбіз, қызылша ,басқа көкеністерді сақтау кезінде де 20-30 процент өнім шіріп, ысырап болады.
Өсімдік ауруларынан келетін шығын кейде тікелей байқалады және кейіннен білінеді. Тікелей байқалмайтын жағы сау өсімдіктермен ауруға шалдыққан өсімдіктердің түсімінің арасындағы айырма. Егер кеселге өсімдіктердің өнім беретін органдары шалдықса , онда шығын аурудың таралу процентіне тең болады. Мәселен, қаракүйеге шалдыққан астық дақылдарының масағында дән пайда болмайтындықтан , егісте ауруға шалдыққан масақтың саны қанша процент болса , өнімнің түсімі сонша процентке кемиді.Тат , тамыр шіруі, ақ ұнтақ т.б. ауруларға шалдыққан өсімдіктердің өнімі тұтас жойылмай , белгілі мөлшерде азаяды. Аурудан келетін шығын арнайы зерттеулер немесе тәжірибе жүргізу арқылы анықталады.
Көпшілік жағдайларда өсімдік ауруы өнімнің түсімімен бірге сапасында нашарлатады. Мәселен, таз- қотыр ауруына шалдыққан алма төменгі сортқа жататындықтан, оның сату бағасы кемиді. Сонымен қатар бұл аурумен зақымданған жемістер сақтауға жарамайды. Тат , тамыр шіруіне шалдыққан бидай дәндерін технологиялық, биохимиялық қасиеттері нашарлайды.
Инфекциясыз (жұқпайтын) аурулар.
Өсімдіктердің өсуі үшін су , қоректік заттар , жарық және жылылық керек . Олардың бірқалыпты өсуіне аталғанг факторлар комплексінің белгілі бір оптимальді мөлшері қажет. Бір немесе бірнеше факторлардың оптимальді мөлшерден ауытқуы өсімдіктердің өсуіне теріс әсерін тигізіп, оның органдарында потологиялық өзгерістер туғызады. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары, атап айтқанда ,жылылық, температура, жарық , қоректік заттардың жетіспеуінен өсімдік органдарында әртүрлі патологиялық ауытқулар болады .
Қоректік заттар тапшылығы.
Топырақта қоректік заттардың аздығынан өсімдік органдарында , сырт белгілері тұрақты келетін патологиялық өзгерістер байқалады. Мәселен, топырақта темірдің тапшылығынан сүректі жеміс ағаштарының жапырағы сарғайып немесе ақшыл тартып хлороз ауруына шалдығады. Бұл ауру көбінесе карбонатты топырақта байқалады. Мұндай топырақтағы темір өсімдікке дарымайды, байланысқан, күрделі қосылыстардың құрамында болады.
Топырақта фосфор жеткілікті болмаса картоп түйнектерінің ішінде «темір»немесе тат тәріздес дақтар пайда болады. Бұл элементтің тапшылығынан жеміс ағаштарының жапырақтары жіңішкеріп , тамыр жүйелері мен сағақтары қызғылт тартады.Топырақта калий аз болса, алдымен сүректі жеміс ағаштарының жапырақтарының шеттері сарғаяды да , кейіннен қызғылт күрең реңге боялады.
Азоттың жеткіліксіздігінен өсімдіктер жапырақтары ерте сарғаяды, сабақтары қызыл- күрең тартады, жемістері ұсақтап , мезгілсіз түсіп қалады.
Көпшілік дақылдар , әсіресе қызылша , зығыр, күнбағар т.б. бор микро элементін өте қажет етеді. Топырақта бұл микро элемент жеткіліксіз болса , помидор ,зығыр, темекі, жоңышқа және басқа жемістердің өсу нүктелері өледі,жапырақтары ерте солады ұрықтануы нашарлайды.Бордың жеткіліксіздігінен қызылшаның жүрекшесі шіріп , өсу нүктесі зақымданады, жас жапырақтары кенеттен солады.
Топырақта цинктің мөлшері аз болса, алдымен жеміс ағаштарының бұтақтарының ұшындағы жапырақтары сарғайып, біртіндеп төменгі жапырақтарға таралады, ал азот пен магний тапшылығынан, керсінше бұтақтың төменгі жағындағы жапырақтары сарғаяды.
Температура мен ылғалдылықтың әсері.Өсімдіктердің өсуі кезінде температура мен ылғалдылықтың жоғары немесе төмен болуынан олардың органдарында түрлі потологиялық өзгерістер байқалады. Астық дақылдары сүттеніп балауызданып пісіп келе жатқан мезгілде ауаның температурасы 30 – 40 жетіп аңызақ жел соқса, олардың жапырағы тез сарғаяды. Осының салдарынан дән дұрыс толмай, бүрісіп қалады. Астық дән салған кезде ауаның ылғалдылығы жоғарласа, дән ағып кетеді. Бұл жағдайда қалыптасып келе жатқан масақта синтездің орнына гидролиз жүріп, дән суға толады да оның қабығы жарылады.
Топрақ ылғалдылығының жоғары, температурасының төмен болуы өсімдіктердің өсуің тежейді, жапырақтың тез сарғайып, тамырдың шіріп кетуіне соғады. Жылу сүйгіш қияр, жүгері, қарбыз сыяқты дақылдар қызбаған топыраққа егілсе, көпке дейін өнбей тұқымдары зенденеді. Темекі, помидор, бұрыш көшеттерін теплициядан алып, ашық жердегі қызбаған топыраққа отырғызса, олар өспей, сарғайып кетеді.
Көп жылдық өсімдіктерге қысқа темперетура көп әсер етеді. Аязды қыста жеміс ағаштарының сүректеріжарылса, ал аязбен жылы ауа алмасып отырса, олардың қабығы діңінен ажырап кетеді.Күздік және қара бидай басқада көпжылдықшөптесін,әрі сүттекті ағаштар үсіп кетеді. Көктемде еріген қардың суы топыраққа сінбей, танапта көбірек жатып қалса, күздік астықтар сарғайып шірейді.
Суару тәртібі дұрыс сақталмаса да өсімдіктер ауруға шалдығады. Мысалы, уақытысында суарылмаған помидор сабағының жоғарғы жағы ақшыл тартып, кейіннен шіріп кетеді, жүзім жемістерінің қабығы жарылады.
Химиялық факторларыдың әсері.Жоғарыда көрсетілген абиотикалық факторлармен қатар кейде ауада кездесетін өндіріс қалдықтары, улы заттар мен пестицидтердің егін және орман шаруашылықтарында дұрыс қолданылмауының әсеріненде өсімдіктер ауруға шалдығады.
Химиялық заводттардың айналасындағы ауа құрамында күкірт андигриді көп болса, өсімдік жапырақтары ерте сарғайып, түсіп қалады. Ауада азот тотығының концентрациясы артық болса, өсімдіктердің жапрағында біркелкі таралған қара қоңыр дақтары пайда болады. Қылқан жапрақты ағаштардың инесінің ұшы қызыл қоңыр татады. Ауада фтор көп болғанда өсімдіктің жапыраө алақандарының шетімен ұшы зақымданып, онда қара қоңыр дақтар түзіледі.
Өндіріс және автомашиналар газымен ластанған үлкен қалалардың ауа бассейнінде озон көп түзіледі. Оның әсерінен өсімдік жапырақтарының өткізгіштік қасиеті нашарлайды. Осының салдарынан өсімдік жапырағы ісініп, оның төменгі және жоғарғы жағында ақшыл сұр дақтар пайда болады.
Пестициттерді дұрыс қолданбауда өсімдіктерде алуан түрлі ауруларға шалдықтырады. Гербициттердің әсерінен өсімдік жапырақтары бұйраланып, қатпарланып бойы өспей қалады, кейде сабақтары сарғайып қурап кетеді. Инсектицидтермен фунгициттерді мөлшерден артық қолданғанда өсімдік жапырақтары күйіп, кейдже толық түсіп қалады.
Инфекциясыз аурулар өсімдіктердің түсімін азайтумен қатар оалардың жұқпалы ауруларға төзімділігін нашарлатады. Мысалы аязды қыста механикалық зақымдалған алама ағаштарында цитоспороз, рак аурулары өршейді.
Инфекциясыз аурумен күресудің негізгі жолы кеселді тудырып отырған абиотикалық факторды анықтап, оның теріс әсерін жою немесе азайту болып саналады.
Саңырауқұлақтар, өсімдік ауруларының қоздырғышы
Саңырауқұлақтардың жүз мыңнан астам түрі ғылымға белгілі .олардың ішінде өсімдік ауруларын қоздыратын түрлеріде бар.Өсімдік ауруларының 80 процентке жуығын саңырау құлақтар қоздырады.
Бидай, қар бидай сыяқты астық тұқымдастардың зыянды тат және қаракүйе ауруларын,картоптың- фитофтороз,жеміс пен көкөніс дақылдарының ақ ұнтақ, переноспороз және басқа да көптеген ауруларын тудыратындар-негізінен саңырау құлақтар.
Саңырауқұлақтардың систематикалық топтарға бөлінуін негізге ала отырып төменде олар қоздыратын ауруларға қысқаша тоқталамыз.
IX-X дәріс
Тұқым және отырғызу үшін пайдаланылатын материалдар
арқылы қоздырғыштары таралатын аурулармен күресу
Дәріс жоспары:
Тұқым арқылы таралатын аурулар
Тұқым материялдарын химиялық жолмен өңдеу
Көптеген ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары тұқым арқылы таралады. Ауру қоздырғыштардың ұзақ мерзім бойы тыныштық қалпында сақталуға бейімделген хламидоспора, ооспора сияқты органдары тұқымның сыртына жабысып, оларды ластайды. Мәселен, қатты қаракүйе ауруларына қоздыратын саңырауқұлақтардың хламидоспоралары астықты орған кезде тозаңданып, дән үстіне қонады. Олар дәнмен бірге қоймада қыстап шығып, көктемде топыраққа сіңірілген тұқыммен қатар өніп, жас өскіндерді зақымдайды. Астық дақылдарынан тозаңда қаракүйелері де тыныштық қалпындағы мицелий күйінде дәннің ұрығында сақталады.
Тұқым арқылы аурудың тез таралуын темекінің жалған ақ ұнтағынан да байқауға болады. Біздің жерімізде тұңғыш рет 1955 жылы байқалған бұл өсімдік ауруы тұқыммен тез таралып 1966 жылы бүкіл Молдавия мен Закарпатьені және Краснодар өлкесін жайлады.
Дәнді – дақылдардың альтернариоз, гельминтоспориоз, капустамен сәбіздің, қызылшаның, т.б. дақылдардың, бір жылдық және көп жылдық шөптердің фомоз, аскохитоз, антракиоз, альтернариоз, макроспориоз, басқа да саңырауқұлақтар қоздыратын аурулары тұқым арқылы таралады. Бактериоз бен вирус ауруларының көпшілігі де тұқым мен көшеттерде және басқа да вегетативті көбеюге арналған органдарда сақталады. Инфекциямен тұқымның тек сыртқы қабықшасы ғана зақымданып қоймай кейде ауру бүкіл өсімдік органдарын қуалай таралып тұқымның ішкі қабаттарына да енеді. Оны зақымдауда насекомдардың да әсері үлкен. Бір өсімдіктен екіншілеріне инфекция, жел жаңбыр арқылы таралады. Өсімдіктерді тұқымда сақталатын инфекциядан айықтыру үшін төмендегі іс – шараларды жүзеге асыру қажет:
тұқым мен вегетативті көбеюге арналған материалдарға фитопотолргиялық экспертиза жасап, олардың аурулармен зақымданғаның, анықтау;
егуге және отырғызуғаа арналған материалдарды зақымсыздандыру
тұқымның қайта зақымданып жол бермеу. Тұқымның ауру қоздырғыштармен зақымданғаның тұқымдық бақылау инспекциялары анықтайды.Дәнді дақылдар тұқымының қаракүйе түйірлерімен ластану мөлшері 0.002 % асатын болса, оны егіске пайдалануға болмайды.Сонымен қатар дәннің ,қаракүйемен споралану мөлшерін анықтауға болады.Бұл үшін жүз дән алып,оларды арнайы пробиркаларға салып үстіне он мл ден су құйылады да , бес минут центрафугада мұқият шайқалады.Центрифугалау кезінде дән үстіндегі спораладың бәрі пробирканың түбіне тұнатындықтан , онда, 0.5 см куб суспензия ғана қалдырылады да қалған су төгіледі. Пипеткамен бірнеше тамшы су әйнекке тамызылып , микроскоп арқылы ондағы хламидоспорпалар саны анықталады.Бұл әдіспен қаракүйе спораларымен қатар дән үстіндегі фузарнум, гельминтоспориум, макроспориум т.б саңырауқұлақтардың конидияларын да анықтауға болады.
Ауру қоздырғыштар тұқымды зақымдап, оның ішкі қабаттарында мицелий ретінде сақталады да, сыртта байқалмайды.Олар факультативті паразит болған жағдайда дәннің сырты спиртпен немесе калий перманганатының ерітіндісінде стерильдендіріліп , Петри шыныларындағы дымқыл сорғыш қағазға 25-50 тұқым егіледі де , термостатта төрт бес күн бойы 20-25 градус температурада қалдырылады. Осы мерзімнен кейін Петри шыныларын ашып қарасақ , зақымданған тұқымдардың үстіне жұқа ақшыл, күлгін-қызғылт немесе қаракөк зең пайда болғанын.Бактерния ауруларына шалдыққан тұқымдардан ақшыл мөлдір немесе сарғыш шық тәріздес тамшылар бөлінеді.
Тұқым тозаңды қаракүйемен және т.б облигатты паразиттермен зақымданса , ылғалды ортада дәннің үстінде саңырауқұлақтың споралану органдары түзілмейді.Олардың зақымданғаның анықтау үшән гистологиялық әдіс қолданылады.Тұқым натрий сілтісінің ерітіндісінде қайнатылып ,оның жармағы эндоспермадан бөлініп алынады да ,анелин бояуларымен боялады. Жарнақ жапырақшаларын бір тамшы еретіндіде әйнектің үстіне жазып микроскоп арқылы қарасақ, боялмаған өсімдік тканьдерінің арасынан көкшіл қаракүйе мицелийлерін байқаймыз.
Тұқымның вирус және бактерия ауруларымен зақымданғанын білу үшін олар теплицада немесе жабық грунтте өсіріледі, ауруға шалдыққан өсімдіктер санв анықталады.
Тұқымның инфекциямен зақымданғанын анықтау үшін физикалық және химиялық әдістерді кеңіне пайдалануға болады. Тұқымдық материялдарға фитипатологиялық экспертиза жасауда люминесценция әдісі кең қолданылады.
Тұқым мен түйнек және басқа да отырғызылуға арналған материалдарды зақымсыздандыру.
Тұқымды инфекциядан зақымсыздандыру ауру қоздырғышының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Егер инфекция дәннің ішіне терең енбей, оның сыртқы қабаттарында сақталса, тұқымды контактылы әсер ететін улағыштарымен тозаңдау немесе олардың судағы ерітіндісімен ылғалдап дәрілеу арқылы залалсыздандырамыз. Бидайдың қатты қаракүйесінің инфекциясы дән үстінде сақталатындықтан онымен күресуде өндірісте кең көлемде қолданылып отырылған контактылы улағыштар тиімді. Арпа, сұлы, тары басқа да дақылдардың тас және жабық қаракүйелерінің инфекциясы көбінесе дән қауызының астында сақталады. Оларды жою үшін тұқымды граноза, меркурбензол сияқты сынап – органикалық улағыштармен ылғалдап немесе формалинмен сулап дәрілеу тиімді. Бұл пепараттардың әсер ететін заты этилмеркурхлорид пен формальдегид буланып, тұқым қауызының астына енеді де, ондағы хламидоспоралардың тіршілік қабілетін жояды.
Инфекциясы тұқымның ішінде сақталатын бидай мен арпаның тозаңды қаракүйелеріне және көпшілік бактериоздар мен вироздарға контактылы улағыштар тиімсіз. Тұқымды бұл аурулардан айықтыру үшін оларды жоғарғы температурада құрғақтай немесе ыстық сумен арнайы қондырғыларда баптайды.
Астықтың тозаңды қаракүйелерімен күресуде соңғы жылдарға дейін тұқымды ыстық сумен залалсыздандыру қолданылып келді. Оның бір және екі фазалы әдістері бегілі. Бір фазалы әдісті қолданғанда тұқым температурасы 53 – 55 градус ыстық суда 6-10 мин ұсталады. Екі фазалы әдісте ол алдымен температурасы 28-32 градус суда 4 сағат бойы, ал одан кейін 52-53 градус 7-8 мин ұсталады. Тұқымды белгілі бір уақытта ыстық суда ұстау, суға шыланған дәнді кептіру, басқада жұмыстарды жүргізудің технологиясы өте күрделі және бұл мақсатқа пайдаланылатын қондырғылардың өнімділігі төмен. Сонымен қатар, ыстық суда бапталған тұқымның өнгітігі де төмендейді. Осы себептерден бұл әдіс өндіріске кең жол таба алмады.
1970 жылдардан бастап алдымен Америка Құрама Штаттарда, кейінірек біздің елімзде, басқада мемлекеттерде астық дақылдардың тозаңды қаракүйесіне тиімді жана фунгицидтер шығарыла бастады. Оларды жүйелі фунгициттер деп атайды. Бұл препараттардың бір ерекшелігі уланған тұқым арқылы фунгицит жас өскіндердің зат алмасу процесстеріне араласып, өсімдіктерді аурулардан айықтырады. Жүйелі фунгициттердің тағы бір ерекшелігі – олардың әсерінен таңдамалылығында, яғни саңырауқұлатардың белгілі бір систематикалық тобына өте зәрлі болып, басқаларына бейтараптығы. Атап айтқанда қазір өндіріс көлемінде шығарылып отырылған витавакс, беномил, фундозол, сияқты жүйелі фунгициттер көбінесе базидиялы саңырауқұлақтар мен аскомицеттерге ғана зәрлі әсер етеді.
Тұқымды улағыштармен баптаудың бірнеше тәсілдері бар.
Құрғақ тәсіл. Тұқым улы химикаттың ұнтағымен тозаңданады. Бұл әдістің кемшілігі препараттың ұнтағы дәнге толығымен жабыспай тұқымды тиеу, түсіру кезінде тозаңдалып шашыла береді. Құрғақ тәсілмен тұқымды егіс алдында, немесе одан 1-2 айдан 5-6 айға дейін ерте улауға болады.
Ылғалдап дәрілеу. Көпшілік улағыш препараттар суда ерімейді. Осы себептен алдымен препараттың суда суспензиясы дайындалып, онымен тұқым ылғалданып дәріленеді немесе құрғақ препаратпен тозаңдалған тұқымға су бүркіліп ылғалдандырылады. Бір тонна дәнді ылғалдауға 7 – 10 литрден 10 – 15 литрге дейін су жұмсалады. Бұл әдіспен тұқымды егуден бірнеше күннен, 2 – 3 айға дейін бұрын улауға болады.
Жартылай құрғақтай дәрілеу. Бұл әдіспен сұлы мен арпаның тұқымы формалиннің ерітіндісімен уланады. 1 тонна дәнге 0,5 процентті 15 – 30 литр ерітінді жұмсалады. Уланған тұқым полиэтилен пленкасымен немесе қанармен 3 – 4 сағат бойы жабылып, тұншықтырылады. Осы мерзімде Иммунизациялау үшін пайдаланылады. Бұл препараттармен бірнеше рет бапталған өсімдіктердің кеселге беріктігі 2-3 жылға дейін сақталады. Өсімдіктерді иммундаудың тағы бір жолы-оларды патогеннің әлсіз немесе шалажансар штаммдарымен вакцинациялау. Бұл әдіс фитопатологияда кең қолдау таппағанмен, оны бірен- саран патогендермен күресу үшін теплицада көкеніс дақылдарының ауруларына қарсы қоолдануға болаы. Профессор Ю. И. Власов қиярдың вирус ауруларымен күресу үшін өсімдіктерді оның әлсіз штаммдарымен баптауды өндіріске ұсынады.
XI –XII дәріс
Инфекциясы ауа арқылы таралатын өсімдік ауруларымен күресу шаралары
Дәріс жоспары:
Фунгицидтер өсімдіктерді препараттың ұнтағымен тозаңдау
Рұқсат етілген фунгициттердің перспективалары
Фунгицидтер өсімдіктерді препараттың ұнтағымен тозаңдау, суспензиясымен бүрку арқылы қолданылады.Бірақ әдістің кемшілігі препараттардың тозаңы қоршаған ортаны ластайды,жауын тамшылары мен тез шайылып,тиімділігін жояды.Осы себептен де фунгицидтер көбінесе бүрку арқылы қолданылады.Бұл мақсат үшін тракторға тіркелетін бүріккіштермен қатар ауыл шаруашылығы авиациясы да кең пайдаланылады.Фунгицидтерді тракторға тіркелетін бүріккіштермен шашқанда 1 гектарға 200-ден 600 литрге дейін су жұмсалынады ал бау-бақшада оның мөлшері 800-ден 1000-1500 литрге дейн жетеді.Егісті авияция арқылы баптағанда судың мөлшері 50 литрге дейін төмендетіледі.Өте аз көлемді бүрку кезіндеәр гектарға шашылатын фунгицид сұйығын 5литрге азайтуға болады.
Фунгицидтер көкөніс,бау-бақша дақылдарын қорғауда кеңінен қолданылыды.Оларды тиімді пайдалану үшін аурудың дамуын қадағалап,бүкіл вегетация кезінде немесеалдағы бір-екі онкүндіктегі ауа райында болатын өзгерістерді біліп отару керек.Аурудың алдын алып қолданған химиялық препараттар тиімді.Инфекция эпифитотия дәрежесіне дейін дамитын болса 10-15 күннен кейін күту мерзімі белгіленеді.Бұл үшін көпшілік фунгицидтерге 20-30 күн жеткілікті.Осы мерзімде фунгицидтер өсімдік тканьдерінде толық ыдырап зәрсіз затқа айналады.
Фунгицидтер өсімдіктерге шашылғаннан кейін бірден жаңбыр жауса,олар су тамшыларымен шайылып кетеді де ауруға қарсылығы кемиді.Жүйелі фунгицидтер 7-8 сағат ішінде өсімдік тканьдеріне еніп үлгереді,ал контактылы препараттар қолданылғанда бір тәулік жаңбыр жаумағаны пайдалы. Құрғақ препараттармен тозаңдануды таңертең немесе кешкі салқында жүргізген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |