Бенлат (фундазол) 50% с.ұ.-а з беномил.Алма мен алмұрттың таз қотыр,ақ ұнтағына(1га 1-2 кг)жүзімнің оидиумы мен жемістерінің сұр шіруіне (1,5 кг\га) қиярдың ақ ұнтақ,аскохитоз,қоңыр теңбілі мен антракнозына ( 0,6-0,8 кг|га) қарсы препараттың 0,1% суспензиясы бүркіледі.Препаратпен соңғы баптаудан кейінгі күту мерзімі қияр мен жүзім үшін -7-10 күн қалған дақылдарда 20күн.
Бордо сұйығы а.з. - мыс купоросы.Ерте көктемде алма мен алмұрт,ағаштары,қарақат,құлпынай,қараған плантациялары мыс купоросы.Ерте көктемде алма мен алмұрт ағаштары қарақат құлпынай қараған плантациялары 3-4% ерітіндімен бүркіледі.Бір гектарға 30-60кг препарат жұмсалады.Бұл баптау «көкшіл бүрку» деп аталады.Ол жеміс ағаштары мен бұталары жаңадан бүрленіп келе жатқанда жүргізіледі де көп уақытқа дейін оларды таз қотыр жапырақ теңбілдену т.б.аурулардан қорғайды,цитоспороз рак монилиоз ауру қоздырғыштарын жояды.
Бордо сұйығы а.з. - мыс купоросы.Вегетация кезінде алма мен алмұртты таз қотыр,ақ ұнтақ,жүзімді,мильдью,оидиум,антракноз,(10-15 кг/га) қарақат пен қарағанды антракноз септориоз, кг/га қияр,қарбыз бен қауынды антракноз,переноспороз,аскохитоз,бактериоз кг/га қызылшаны переноспороз,церкоспороз кг/га пиязды переноспорозбен шіру ауруынан қорғау үшін пайдаланады.
ДНОК,40% еритін ұнтақ а.з. - динитроортокрезол.Ерте көктемде алма мен алмұт бақтары және жүзім плантацияларында қыстан шыққан таз қотыр,рак цитоспороз,монилиоз,антракноз,мильдью дақты некроз ауруларының инфекциясын жою үшін қолданылады.1 гектарға 30-40кг препарат жұмсалады.
Капатан 50% с.ұ.Алма мен алмұрттың (7,5-10кг/га)таз қотыр басқа да теңбілденуіне қарақат,қарлыған,құлпынайдың антракноз,септориоз тат ақ теңбілденуіне (2,5-3,5 кг\га) жүзімнің мильдью антракнозына (5,0 – 7,5 кг)помидор мен картоптың фитофтороз,альтернариоз макроспориозына 3-4и кг/га қарсы препараттың 0,5% ерітіндісі бүркіледі.Күту мерзімі – 30 күн.
Коллоиды күкірт 80% с.ұ. а.з. күкірт.Алма мен алмұрт тың (8-16кг/га) жүзімнің (9-12 кг/га) қарақат пен қарлығаның (3-4 кг/га) қияр қауын қарбыздың (4-6 кг/га) қант қызылшасының сәндік үшін өсірілетін өсімдіктердің (3-4 кг/га) ақ ұнтақ ауруларына және жүзімнің оидиумынакгга қарсы қолданылады алма алмұрт жүзім қалған дақылдар суспензиямен бүркіледі.Күту мерзімі-30күн.
Күкірт ұнтақталған.Барлық дақылдардың ақ ұнтақ ауруына қарсы гектарына 15-30 кг есебінен қолданылады.Күту мерзімі 5 күн.
Каратан 25% с.ұ. а.з. – динокон.Алма мен алмұрттың (6-8 кг/га) қарлыған,қарақат,қарбыз,қауын қиярдың (3-4кг/га) раушан гүлі мен хризантеманың ақ ұнтақ ауруларына қарсы 0,1 процентті концентрацияда қолданылады.Жеміс көкөніс дақылдары бапталғанда.Күту мерзімі 20 күн.
Купрозан (хомецин) с.ұ. а.з. - мыстың хлор + цинк.Алма мен алмұрттың таз қотыр,филлиостикоз,монилиоз (6-8 кг/га) қарлыған,таңқурайдың,антракноз,септориоз және басқа теңбілдену (3-4 кг/га) жүзімнің,мильдью , қант қызылшасының переноспороз,церкоспороз және картоптың фитофтороз,макроспориоз ауруларына қарсы (2,8-3,2 кг/га) қолданыладыюКүту мерзімі 20 күню
Мыс купоросы а.з. мыс тотығы.Бордо сұйығын қара
Мыстың хлор тотығы 90% с.ұ а.з. Қараөрік,шабдалы,шие,абрикостың клястероспориоз жапырақтың теңбілденуі мен бұйралануы (4-8 кг/га) қант қызылшасының переноспороз,церкоспороз (3,2-4,0 кг/га) қиярдың антракноз бактериоз ауруларына (2,4 кг/га) қарсы ертінді ретінде қолданылады.Куту мерзімі 20 күн.
Нитрафен 60%паста.Ерте көктемде алма мен алмұрртың таз қотыр цитоспороз,рак,абрикос қараөрік пен шиенің клястероспориоз монилиоз жапырақтың бұйралануы ауруларының қоздырғыштарының қыстап шыққан инфекцияларына қарсы әр гектарға 40-60кг препарат шашылады.
Поликарбацин 75% с.ұ. а.з. метирам Бидайдың тат қант қызылшасының церкоспороз,переноспороз картоп пен помидордың фитофтора,макроспориоз алма мен алмұрттың таз қотыр,монилиоз жапырақтың теңбілденуі ауруларына қарсы қолданылады.Бір гектарға 5кг препарат жұмсалады.Бидай егісін бүріккенде,ал қалған дақылдарда суспензия жұмсалады.Күту мерзімі 20 күн.
Полихом 80% с.ұ а.з метирам+мыстың хлорлы тотығы.Алма мен алмұрттың таз қотыры (4-8 кг/га) қант қызылшасының переноспороз және церкоспороз (2,4 кг/га) картоп пен помидордың фитофтора және жапырқттеңбілдену (2,4 – 3,2 кг/га) жүзімнің мильдью және оидиум кгга ауруларына қарсы қолданылады.Күту мерзімі 20 күн.
Топсин-М с.ұ а.з – метил.Алма мен алмұрттың таз қотыр,ақ ұнтақ (1-2 кг/га) жүзімнің оидиум жемістің сұрланып шіруі (1-1,5 кг/га) қиярдың ақ ұнтақ (0,8 – 1,0 кг/га) ауруларына қарсы суспензия пайдаланылады.Күту мерзімі қиярда 7 күн,басқа дақылдарда - 20күн.
Формалин 40% ерітінді а.з – формальдегид.Қоймаларды теплицамен парниктерді,жұмыс құралдарын дезинфекциялауға ерітінді ретінде жұмсалады.
Фталан с.ұ а.з фомит.Алма мен алмұрттың,таз қотыр,ақ ұнтақ,жапырақтың теңбілденуі (7,5 - 10 кг/га) жүзімнің,мильдью,антракноз,оидиум (5,0 – 6,0 кг/га) қараөрік,шие,шабдалы,абрикостың клястероспориоз,коккомикоз,монилиоз жапырақтың бұйралануы (5,0-7,5 кг/га) қарақат пен қарлығаның антракноз,септориз,ақұнтақ картоптың фитофтора, альтернариоз, макроспориоз (3-3,5 кг/га) ауруларына қарсы қолданылады.
Цинеб 80% с.ұ.Бидайдың тат (5 кг/га) алма мен алмұрттың таз қотыр,жапырақтың теңбілденуі ,монилиоз (4-8 кг/га) абрикос,қараөрік,шие,шабдалдың,клястероспориоз ауруларына қарсы қолданылады.Күту мерзімі 20 күню
XIII-XIV дәріс
Шірімеген өсімдік қалдықтарында және топырақта инфекциясы сақталатынаурулармен күресу шаралары.
Дәріс жоспары:
Фитопатогенді микроорганиздердің тіршілігі
Ауыспалы дақылдардың маңызы
Тыңайтқыщтардың маңызы
Көптеген фитопатогенді микроорганизмдердің тіршілігі өсімдік қалдықтарымен топырақпен тығыз байланысты.Вертицилиум,Фитиум,Ризоктония,Фузариум,Гельминтоспориумтуыстарының өкілдері астық дақылдары қызылша,мақта,картоп,жоңышқа т.б. өсімдіктердің тамырын жайлап оларды ауруға шалдықтырады.Бұларға тән қасиет бірнеше өсімдіктің түрлерін зақымдауға бейімделіп,ие өсімдік болмаған жағдайда топырақта ұзақ мерзімге дейін тыныштық қалпында сақтаулы.
Топырақта ауру қоздыратын жартылай паразиттісаңырауқұлақтарменқатар өсімдік қалдықтарымен қоректеніп , оларды шірітіп, қарапайым қосылыстарға дейін ыдырытатын көптеген сапрофитті микроорганизмдер тіршілік етеді. Фитопатогендер өсімдік ризосферасында тіршілік ететін микроорганизмдермен күрделі қарым-қатынасқа түседі. Соңғы жылдары ғалымдар топырақтың фунгистазистік қасиеті болатынын анықтады. Ол топырақты мекендейтін сапрофитті микроорганизмдердің биологиялық екпінді заттар бөліп шығарумен тікелей байланысты. Сапрофиттер мен антоганистер паразитті саңырауқұлақтардың ұрықтарын өндірмей кқһөп уақытқа дейін тыныштық қалпында сақтайды.
Фитопатогенді саңырауқұлақтардың ұрықтары ие немесе басқа өсімдіктердің тамырынан бөлініп шығатын қосылыстардың әсерінен ғана өнеді. Өсімдік ауруларымен күресуде ауыспалы дақылдар жүйесінің қолдану ауру қоздырғышының осындай ерекшеліктеріне негізделген.
Ауыспалы дақылдардың маңызы. Инфекциясы топырақта сақталатын өсімдіктердің ауруларымен күресуде ауыспалы дақылдың маңызы зор. Дақылды кеңістік және мерзім бойынша алмастыра отырып, біз топырақта тіршілік ететін пайдалы немесе зиянды микроорганизмдердің көбеюіне немесе азаюына қолайлы жағдай тудырамыз. Осының нәтежиесінде егістің фитосанитарлық жағдайы өзгереді. Бірнеше мысал келтірейік.
Қазақстанның оңтүстік шығысында жүргізілген зерттеулер астық дақылдарының тамыр шіру ауруын қоздыратын гелминтоспориум сативиум саңырауқұлағының конедияларының саны көп жылдық шөптен кейін 4 – 5 есе азаятынын көрсетті. Бұл ауруға өте бейім келетін арпа бір жерге бірнеше рет егілсе, кеселдің дамуы өршиді. Мәселен, күздік бидайдан кейін егілген арпада аурудың даму екпінділігі 16.1 % , ол сол жерге екінші жыл егілгенде 32.4% , үшінші жыл егілгенде 51.6% болып, кеселге шалдыққан өсімдіктер саны 90 – 100 % ке жетті.
Ауыспалы дақыл жүйесі дұрыс сақталмай дақыл бір танапта бірнеше жыл егілсе, топырақта ауру қоздырғыштарының инфекция қоры молайып, егістің фитосанитарлық жағдайы күрт төмендйді. Соңғы жылдары Жамбыл, Талдықорған облыстарының көптеген қызылша өсіретін шаруашылықтарында, егіншілік мәдениетінің төмендігінен ауыспалы дақылдар жүйесінің сақталмауынан тамыр жемістің фузариозды шіруі көбейіп кетті. Мысалы Талдықорған облысы бойынша тамыр емістің шіруіне шалдыққан қызылша егістің көлемі 1976 жылы 2844 га, 1977жылы 4683га болса, 1978 – 1980 жылдары ол - 11256 – 14691 гектарға дейін жетті. Зақымданған өсімдіктер саны 8.72 проценттен 30.7 - 37.5 процентке көтерілді. Қызылшаның тамыр жемістерін шіру ауруынан айықтыруда егісті уақытысында суару мен топырақты қопсыдудың да маңызы зор.
Соңғы жылдары кең таралып отырған астық дақылдарын септориоз, ринхоспориоз, гелминтоспориоз ауруларының қоздырғыштары да шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатын. Дақыл сол танапқа қайтадан егілсе көктемде жас өскіндер ерте зақымданады. Бұл аурулар инфекциясының жақсы сақталуына жел эрозиясынан қорғау үшін топырақты аудара жыртпай астықтардың паясын аударып жер бетінде қалдырып, қырқуышпен қопсыту өте қолайлы.
Алматы облысында жүргізілетін зерттеулер күздік бидай бір танапқа қатарынан екі жыл егілсе, ол септориоз ауруына шалдығатынын көрсетті. Апрель айының үшінші он күндігінде ауруға шалдыққан өсімдіктер саны 90 -100 % ке жетіп, бидайдың төменгі 1-2 жапырақтары тұтасымен қурап, ауру 3 -4 жапырақтарды шарпи бастады. Пардан кейін егілген күздік бидай егісінде бір – саран ғана зақымданған өсімдіктер кездесті.
Бір танапқа бірнеше ретарпа егілсе егісте ринхоспориоз, гелминоспорио ауруларының өршуі күшейеді. 2 – 3 жапырақ фазасында өскіндер 20 – 30 процентке дейін ауруғ шалдықса, түтіктену кезінде зақымданған өсімдіктер саны 90 – 100 процентке жетеді. Күздік бидаймен көп жылдық шөптерден кейін егілген арпа егісінде тек бірен саран ғана ринхоспориозға шалдыққан өсімдіктер кездеседі.
Көкеніс, бақша, дақылдарының да көптеген ауруларының қоздырғыштары шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады. Памидордың септориозы мен бактериозы, капуста қауданының кілегейлі және түтікше бактериоздары мен фомозы, картоптың макроспориозы, альтернариозы, фитофторасы шірімеген жапырақ пен сабақтарда сақталады. Ауыспалы дақылдар – бұл аурулармен де күресудің негізгі қырауының бірі. Зақымданған өсімдік қалдықтарын жинап, танапты қайырмалы плугтармен аудара жырту, инфекция ошактарын тұтасымен жояды. Көп жылдық жеміс жидек өсімдіктерінен қарақаттың септориозы, алманың таз қотыры, сүйекті жемістерінің клястероспориоз, коккомикоз ауруларының қоздырғыштары да жерге түскен жапырақтарда сақталады . Олардың инфекция қорын азайту үшін көктемде зақымдарды жою мақсатында жүргізілетін бүрку мен қатар жерге түскен жапырақтарды жинап, өртеп жіберудің немесе көміп тастаудың фитосанитарлық мәне бар.
Тыңайтқыштардың маңызы.
өсімдіктердің ауруларға беріктігін нығайтып, оның даму екпінділігін бәсеңдетуде органикалық және минералдық тыңайтқытардың маңызы зор. Көң немесе басқада органикалық тыңайтқыштарда фитопотогенді микроорганизмдерге антогонездік болатынын неше түрлі бактериялар, актиномицеттер және саңырауқұлақтар кездеседі.
Алматы облысының қуаң дала аймағында жүргізген тәжірбиелер аңызды парға жыртар алдында әр гектарға 20 – 30 тонна көң төгілсе, күздік бидайдың тамыр шіру ауруына шалдығуы 2-3 еседей төмендейтінін ауру қоздыратын гелминтоспориум сативум саңырауқұлағының саныда азаятынын көрсетті. Органикалық тыңайтқыштар ретінде жасыл сидераттарды еңінен қолдануға болады. Ас бұршақ, Рапс, басқада топырақтың құнарлылығын арттыратын өсімдіктерді өсіріп, оларды көктей жыртып, орнына қант қызылшасын, мақта басқада техникалық дақылдар егілсе, тамыр шіру ауруының өршуі бәсеңдейді. өсімдік ауруларының дамуын бәсеңдетуге минералдық тыңайтқыштардың, әсіресе фосфор мен каллидің әсері ерекше бір жақты азот тыңайтқыштармен қоректендіру, өсімдіктердің тат, қаракүйе, тамыр шіру ауруларына бейімділігін, ал фосфор мен калли тыңайтқыштары кеселге беріктігін арттырады. Олар бірге олданылған жағдайда сабақ склеренхимасы қалыңдап, өсімдіктің аурға беріктігі артады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруға беріктігін арттыруда микроэлементтерді қолдану да тиімді. Астық және көкеніс дақылдарының тұқымын себер алдында цинк, мыс, марганец тәрізді элементтердің ерітіндісімен баптау олардың қаракүйе, тат, гелминтоспориоз, тамыр шіру, бактериоз, ақ ұнтақ басқа да ауруларға беріктігін арттыратыны көп жылдық тәжірибелермен анықталып отыр.
Тұқымды күн көзінде қыздыру арқылы да өсімдіктерді көптеген кеселдерден айықтыруға болады. Соңғы жылдары бұл мақсат үшін ғылымның соңғы жетістіктері кеңінен қолданылуда. Тұқымды корон разряды мен лазер және ренген сәулелерімен баптау арқылы өсімдіктердің ауруға беріктігін нығайтуға болатыны анықталды.
Өсімдік ауруларымен күресудің микробиологиялық тәсілдері.
Әр түрлі топқа жататын микроорганизмдердің арасында бір бірімен антогенездік қарым – қатынас байқалады. Кейбір микроорганизмдер өсіп- даму кезінде басқаларына зәрлі заттар бөліп шығарады. Олардың осы қасиеті адаммен жануарлардың және өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданатын антибиотиктерді шығаруда пайдалынылады.
Шет елдерде өсімдік ауруларымен күресуде антибиотиктер жиі қолданылады. Бұл жұмыс әсіресе Жапонияда, Америка Құрама штаттарда мен Англияда, Венгриямен чехославакияда жақсы жолға қойылған. Жапонияда шығарылатын бластицидин, косугамицин, полиоксин, антибиотиктері өсімдік ауруларымен күресуде кеңінен пайдаланылады.
Бластицидин. Стрептомицес гризеа актиномицетінен алынады. Қазір осы антибиотиктен продуценті бластицидин «S» күріштің аса зиянды ауруы перикуляриозға қарсы қолданылады.
Біздің елімізде жүргізілген зерттеулер бұл препарат жүзін жемісінің сұрғыл шіруіне, қияр мен шабдалының ақ ұнтағына, картоптың таз қотырына өте тиімді екенін көрсетті.
XV - дәріс
Өсімдіктердің ауруларға берік сорттарын шығару
Дәріс жоспары:
Ауыл шаруашылық дақылдарының берік сорттарын шығару жолдары
Будандастыру кезінде гендік инженерияны қолдану
Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруларға берік сорттарын шығару үшін жолмен жүргізіледі: 1) өсімдік түрінің популяциясынан ауруға берік формаларды сұрыптау; 2)өсімдіктің бір түрінің немесе туысының ішіндегі ауруға бері формаларды тиімді шаруашылық қасиеттері бар формалармен будандастыру; 3) химиялық және физикалық мутагендерді пайдалана отырып, ауруға берік сорттар шығару.
Жекелей сұрыптау. Өсімдіктің поауляциясының ішінде ауруға бейім формалармен қатар, оған берік немесе тозімділері болады. Ауруға берік формаларды сұрыптау үшін дақылдың бірнеше жүздеген үлгілерін егіп, оларға ауруды қолдан жұқтырамыз. Ауруға берік үлгілер сұрыпталынып, келесі жылы күшті инфекция фонында қайтадан егіледі. Осылай бірнеше жыл сұрыптай отырып, тиімді қасиуттері бойынша бөлініп алынған жеке түрден ауруға бері сорт шығаруға болады. Бұл әдіс ертеректе өсімдіктер селекциясы жаңадан қолға алынған кезде жақсы нәтиже бергенмен, қазір тәжірибеде кең қолданылмайды. Жекелей сұрыптау әдісін селекция жұмысына жаңадан тартыла бастаған дақылдар үшін пайдалануға болады.
Будандастыру әдісі. Өсімдіктердің ауруға беріктігі хромосомда орналасқан гендер және олардың әсері арқылы анықталады. Егер біз дақылдың ауруға бейім формасын, оған берік формасымен будандастырсақ, алынған ұрпақтардың бұл қасиетке бейімделу ерекшеліктері біркелкі болмайды. Олар ауруға берік, аралық және өте бейім семьяларға айырылады. Біріншілерінің ішінен көптеген семьяларды алып, оларды басқа шаруашылық үшін тиімді қасиеттері бойынша сұрыптаймыз. Өсімдіктердің ауруға төзімділігі немесе беріктігі тұқым қуалайтын қасиет.
Ағылшын ғалымы У.Стенли мозайка ауыруына шалдыққан темекі шырынын химиялық жолмен тазалау арқылы вираустың таза препаратын алды. Оны қышқылдандырып тұнбаға түсетін кристалды белокқа айландырды. Осы кристалдың ертіндісі жапырағына жағылған сау темекі екі үш күннен кейін мозаика ауыруына шалдықты.
Электронды микроскоп арқылы вирустардың марфологиялық қасиеттері толық зерттелді. Өсімдік ауыруларын қоздыратын вирустар, жіпше немесе шар пішіндес. Таяқша вирустың ұзындығ 55 ммк 1250 ммк дейін жетсе, ал шар пішіндестерінің диаметрі 30ммк аспайды (1 миллимикрон миллиметрдуің миллионнан бір бөлігі).
Вирстардың химмиялық табиғатты әр түрлі. Темекі мозаикасының вирусы жалаң протеидтен тұрса, ал көпшілік вирустарының құрамында нукелеин қышқылдары мен (ДНҚ РНҚ) қатарар белоктар да болады.
Бактериялар мен актиномицеттер клеткалардың бөлінуі арқылы көбейсе, ал вирустар басқаша жолмен өседі.Өсімдік ,жануарлар мен адам организмінде вирус бөлшектері бірден белок пен нуклеин қышқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып ,оданда жана вирустың бөлшектері пайда болады. Клеткадағы қоректік зат біткен кезде вирустардың көбеюі тоқталып олар тыныштық қалпына көшеді.
Вирустардың табиғаты туралы ғалымдар белгілі бір тұжырымға алі келген жоқ. Зерттеушілердің көбі вирустарды тірі организм деп есептемесе, ал кейбіреулері оны өлі табиғат өкіліне қосады.. Мұндай екі ұшты пікірлер вирустардың кейбір физикалық қасиеттеріне орай туып отыр. Себебі клеткадан тыс вирустарда еш.андай тіршілік белгісі байқалмайды,көп уақыт тіршілік белгісі байқалмайды.
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік қабілеті барлық вирустарда бір деңгейде бола бермейді. Кейбір вирустар +80-90 та 10 мин қыздырғанда тіршілік қабілетін жоятын болса,ал бағзы біреулерінің өлі дүниеге айналуына,+37-50температура жеткілікті.
Микроорганизмдердің денесінде вирустардың паразитті тіршілік етуге бейімделген түрлері де болады. Бактерияларда тіршілік ететін вирустарды –бактериофак, ал актиномицеттерде кездесетіндер актинофак деп аталады.
Фактардың өзіне тән құрылысы болады.Олардың сыртқы тұрқы шөміш пішіндес.Басы-көп қырлы, домалақтау немесе сопақша, кейде таяқша пішіндес, жұқа пластинка тәрізді 5-6 өсінділермен бітеді. Оның сыртқы белоктан құрылған қабықшалармен көмкерілген, ішінде 1-2 ДНҚ немесе РНҚ жіпшелері болады. Фагтың құйрығындағыпластинкалары спираль тәріздес белоктардан тұрады.
Фаг ұзын талшық пластинкалар арқылы микроорганизмнің клеткасына жабысады. Арнайы ферменттермен клетка қабығын ерітіп, оған өзінің ДНҚ немесе РНҚ жібереді. Фагтың нуклеин қышқылдары микроорганизм клеткасының зат алмасуын өз қажетіне орай өзгертеді. Осы жолмен микроорганизмнің бір клеткасында жүздеген немесе мыңдаған фагтар пайда болады. Зақымданған клетка қабықшасы еріп, фагтар босап шығады да, басқа сау клеткаларға жұғады.
Сонымен қатар микроорганизмдердің табиғатына бейімделген фагтар болады. Кейде бір бактерияларда олардың бірнеше түрлері кездесуі мүмкін. Топырақта тіршілік ететін көптеген микроорганизмдер де фагтармен зақымдалады. Антибиотиктермен басқа да препараттар шығару кезінде, олар микроорганизмнің культурасын зақымдап, кейде бағалы штаммаларды жойып жібереді. Осы себептерден жаңа штаммалардың фагқа беріктілігі тексеріледі.
Микоплазмалар эволюциялық сатыда бактерия мен вирустардың арасында тұрған организмдер. Олар дөңгелектеу, жұлдыз немесе жіпше пішінді. Вирустардан бір ерекшелігі бұл организмдерді қолдан жасалған орталарда өсіруге болады. Микоплазма бөлшектерінің молшері 20-2000мкм дейін жетеді.
Микоплазмалар өсімдіктердің флоема клеткаларын зақымдап, оларды сары ауруға шалдықтырады.
Вирустармен микоплазмалар адам мен жануарлардың да көптеген жұқпалы ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі.
Ауру қоздырғыштарының түрлері мен расаларына беріктігіне өсімдіктердің әр түрлі гендері жауап береді.Ауруға беріктігі жағынан өсімдіктердің генотиптері әр түрлі болады.Бидай туысының ішінде тат қаракүйе ақ ұнтақ ауруларына өте бейім.Тритикум аэстивиум түрімен қатар оларға берік немесе иммунды Тритикум Тимофеева.
Будандастыру кезінде гендік инженерияны қолдана отырып өсімдіктің ауруға беріктігін анықтайтын хромосом бөлшектерін түсімділігі басқа дашаруашылыққа тиімді қасиеттері жинақталған сортқа ауыстыруға болады.Алынған будан материалдарды тиімді биологиялық және технологиялық қасиеттері және ауруға беріктігі бойынша сұрыптай отырып жаңа сорт шығаруға болады.
Ауруға берік сорттар шығару үшін бір бірінен генеткалық және географиялық жағынан алыс формаларды будандастыру қажет.Бұл жұмыстың біраз қиыншылықтары бар.Әр түрлі хромосомды формаларды будандастырғанда алынатын будан көпшілік жағдайда ұрпақ бермейді.Оны жою үшін будандарды колхицинмен баптап ұрықтануын қалнына келтіреді.Мұндай керексіз қасиеттерден сортты айыру үшін оны мәдени сортпен кері будандастыру қажет
Күздік бидайдың жұқпалы ауруларға берік соттарын шығару жөніндегі жұмыс селекционер Р.А.Оразалиевтің жетекшілік етумен Қазақ егіншілік институтында жақсы жолға қойылған Инфекция фонында бұл дақылдың дүниежүзілік коллекциясының тат ауруларына беріктігі сыналып олардың ішінен оның үш түріне иммунды немесе берік формалар анықталды.Гоеграфиялық және генетикалық жағынан алыс формаларды бір бірімен будандастыру арқылы тат қаракүйе ауруларына берік шаруашылық үшін тиімді қасиеттер жинақталған көптеген формалар алынды.Жақын жылдары осы формалардың қатысуымен түсімділігі жоғары ауруға берік жаңасорттар шығарылмақ.
Зертханалық және тәжірбиелік сабақтар
Зертханалық және тәжірбиелік сабақтарда төмендеуге ауылшаруашылық дақылдарының ауруларының түрлерімен танысу және қоздырғыштың морфологиялық ерекшелігі бойынша микроскоп арқылы көріп арнай анықтағыштардың көмегімен анықтау, сурет салу жазу жұмыстары жүргізіледі.
Дәнді дақылдардың қаракүйе аурулары
Түсініктеме
Дәндідақылдардыңқаракүйеауруларынкәдімгісаңырауқұлақтар (Eumycota) бөліміне, Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына, қаракүйе (Ustilaginales) қатарынажататынқоздырғыштартудырады. Олар бейімделген паразиттер болып табылады, әрбіртүрібелгілібірдақылдызалалдайды. Ұлпаларбұзылып, түрікүйіктәріздіболады. Қаратүстітелиоспоралар (бірдәнде 8-20 млн. дана) пайдаболып, зақымдалғанжерқарайыпкетеді.
Бидайдың тозаңдықаракүйесі.Қоздырғышы: Ustilago tritici (Pers) Rostr.
Бидай өсіретін аудандарда жаппай таралған. Тозаңды қаракүйенің қоздырғышы екі вегетациялық кезеңде дамиды. Бидай бірінші жылы гүлдеген кезде залалданады, ауру екіншіжылы бидайдың масақтану кезінде байқалады. Бидай гүлдеген кезде ауадағы телиоспора аналықтың аузына түседі, телиоспор одан диплоидті жіпше өсіп аналықтың түйініне енеді. Зақымданған дәннің сырттай сау дәннен айырмашылығы болмайды. Саңырауқұлақ жіпшумагы өскіннің ішінде масақтану кезеңіне дейін диффузиялық жолмен өсунүктесінің артынан бойлапдамиды. Жапырақ қынабынан масақ бүлінген күйінде шығады, тек өзегі ғана (гүлшоғырының сағағы) сақталып қалады. Кейде жекелеген сағақтар немесе масақтар сақталады. Ауру масақтың жұқа түссіз қабығы оңай жыртыладыда, спораларжеңілшашылады. Саңырауқұлақжіпшелерітұқымда 3 жылданасауақытсақталаалады. Өсімдіктердіңзақымдануынаауаныңжоғарыылғалдылығы (60%-данастам) немесегүлденукезіндетамшылы-сұйықылғалдыңболуы қолайлы.
Бидайдыңқаттықаракүйесі.
Қоздырғышы: Tilletia caries (DC.)Tul.
Жаппай таралған. Ауру өсімдіктің масағының қабыршақтары аналық түйіннің үлкейінуінің әсерінен ашылып кетеді. Түйіннің ішінде саңырауқұлақтың споралары дамып жетіліп, тұздалған балықтың иісі шығып тұрады. Аурудың әсерінен тұқымның өнгіштігі төмендейді, өнім түсімі азаяды. Егінді орып бастырған кезде қаракүйе қапшықтары (ішіндетелиоспораларбартүйін) жарылып, телиоспораларсаудәндергетүседі. Залалдануқұрал-жабдықтар, ыдысжәнет.б. арқылыдажүзегеасады. Тұқымөніп-өскенкезде телиоспоралардаөседі. Олардыңжіпшелерідамыпбидайөскінініңішінеөтеді. Өскінніңішіндесаңырауқұлақдиффузиялықжолмендамиды. Аурудыңсыртқыбелгілерібидайдыңсүттенуікезіндебілінеді. Егінорукезіндеқаракүйеқапшықтарыжарыладыда, спораларшашылыпдәндердізалалдайды.Қыстателиоспоралартұқымбетіндесақталадыжәнеөнгіштігін 5 жылғадейінжоғалтпайды. Алегінорағыкезіндетопыраққатүскентелиоспораларөнгіштігінұзақсақтайалмайды. Өскіндердіңзалалдануынатопырақтыңылғалдылығының 60% -дайболуыжәне 5-100 Стемпература, тұқымды терең сіңіру қолайлы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |