Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы N 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 19 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6340 болып енгізілді.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.
"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 4-тармағы 3) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 02.07.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтілсін.
2. "Бiлiм және ғылым ұйымдарының мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын белгiлеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 105 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2002 жылғы 22 ақпанда № 1760 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
____________ Т.Б. Дүйсенова
2010 жылғы 16 маусым
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi
Достарыңызбен бөлісу: |