Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлерiне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы



бет2/4
Дата18.09.2023
өлшемі120,5 Kb.
#181355
1   2   3   4
Байланысты:
2010 жылғы 14 маусымдағы N 302 Бұйрығы.

1. Жалпы ережелер
1. Осы Бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу ережесі (бұдан әрі – Ереже) ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан бiлiм ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінiң және оларға теңестiрiлген адамдардың, ғылыми-педагогикалық, ғылыми қызметкерлерiнiң және мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің жұмыс стажын анықтау кезiнде қолданылады.
Осы Ережеге сәйкес есептелетiн мамандықтар бойынша жұмыс стажы жұмысқа қабылдау кезінде немесе басқа жұмысқа ауыстыру кезінде күнтiзбелiк санау бойынша есептеледi.
Білім беру ұйымдарында жұмыс стажына байланысты лауазымдық айлықақыны есептеу кезінде лауазымдық айлықынының мөлшері қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді.
Қызметкердің мамандық бойынша жұмыс стажын анықтау үшін еңбек қызметін растайтын құжаттар:
1) еңбек кiтапшасы;
2) тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
3) еңбек шартының жасалуы және тоқтатылуы негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
4) қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
5) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған не нотариат растаған қызмет ету тізімі (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
6) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама болып табылады.
Мамандық бойынша жұмыс стажын есептеу үшін білім беру ұйымында еңбек стажын белгілеу жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамын тиісті ұйымның басшысы бекітеді.
2. Педагогикалық қызметкерлерге және оларға теңестiрiлген адамдарға стаж есептеу
2. Педагогикалық жұмыс стажына осы Ережеге Қосымшада көрсетілген ұйымдардағы педагогикалық жұмыс есептеледi.
3. Педагогикалық қызметкерлердiң және оларға теңестірілген адамдардың педагогикалық жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей педагогикалық қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдерi есептеледi:
1) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi педагогикалық қоғамдар мен балалар қоры басқармаларындағы нұсқаушылық және әдiстемелiк лауазымындағы, Мұғалiм үйi (бiлiм беру, кәсiптiк бiлiм беру қызметкерiнiң) директоры (меңгерушісi) лауазымындағы, фильмотека меңгерушiсi және фильмотекадағы әдiстемешi лауазымындағы, өрт сөндiру ерiктi қоғамының өрт сөндiрушi жасөспiрiмдер ерiктi дружиналарының аға нұсқаушысы және нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссиялардағы немесе кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк-құқықтық қорғау бөлiмдерiндегi, Ішкі істер министрлігі органдары кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi инспекцияларындағы (милицияның балалар бөлiмдерiндегi) жұмыс уақыты;
2) қызметтен терiс себептермен босатылған адамдарды қоспағанда, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты; Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Қарулы күштер және Әскери Теңiз флоты бөлiмшелерiнiң, бөлiмдерiнiң, мекемелерінің, әскери-оқу орындарының, саяси бөлiмдерінің (басқармаларының), сондай-ақ мәдени-ағарту мекемелерiнiң саяси құрамдағы барлық лауазымдарындағы жұмыс уақыты, Офицерлер үйі мен Әскери-теңіз флотының жалпы білім беретін дайындықтарының нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс уақыты;
3) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
4) егер оқуға дейiн бiлiм беру ұйымында қызмет iстеген болса және оқудан кейiн бiлiм беру ұйымына қайта оралған болса, өндiрiстен қол үзiп оқитын жолдама бойынша кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарындағы оқу уақыты;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (өндiрiстен қол үзiп) оқу уақыты;
6) 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн бiлiм беру жүйесiнiң газет және журналдары редакторлары лауазымындағы жұмыс уақыты;
7) осы қызметке сайланар алдында тiкелей педагогикалық жұмыспен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.
Егер қызметкер осы Ереженің қосымшасында көрсетiлген жұмыстан (қызмет атқарудан) кейiн ағымдағы оқу жылында бiлiм ұйымындағы тiкелей педагогикалық жұмысқа ауыса алмаса, оның педагогикалық жұмыс стажына педагогикалық жұмысқа келесi оқу жылының басында қабылданғандағы көрсетiлген кезеңдер қосылады.
4. Бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң педагогикалық жұмыс стажына:
1) бастауыш әскери дайындық оқытушыларына - Қарулы Күштердегi, оның iшiнде Iшкі істер министрлігі әскерлерiндегi, Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскерлерi мен органдарындағы офицер, сержант, старшина құрамы лауазымдарының, прапорщиктер мен мичмандардың қызмет уақыты;
2) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - сабақ беретiн пәнiнiң саласы бiлiм беру ұйымдарының оқу пәнiне сәйкес келген жағдайда Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерiндегi, құрамаларындағы, кiшi мамандар даярлайтын мектептердегi және старшиналар, сержанттар және кiшi мамандар даярлайтын басқа мектептердегi қызмет уақыты;
3) бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерi мен оқытушыларына - Қарулы Күштерде нақты мерзімдік әскери қызметтен өту уақыты;
4) педагогикалық бiлiмi бар және осы жұмысқа сынып жиынтықтардың уақытша қысқаруына байланысты жiберiлген мектеп кiтапханашысы ретiндегi мұғалiмдердiң (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) жұмыс уақыты;
5) өнер мектебi оқытушыларының, музыкалық және көркемөнер орта мектептерi мен мектеп-интернаттарындағы арнайы пәндер оқытушыларының, колледждердегi музыкалық пәндер оқытушыларының, музыка және ән мұғалiмдерiнiң, музыкалық жетекшiлердiң, қосымша бiлiм беру педагогтарының - сабақ беретiн пәнiнiң саласына (бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына) сәйкес келетiн мамандықтар бойынша кәсiпорындардағы, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс және Қарулы Күштерде қызмет уақыты;
6) мәдениет және өнер оқу орындарының өзге де педагогикалық қызметкерлерiне, педагогикалық, музыкалық-педагогикалық, көркем-графикалық колледждердiң (бөлiмдердiң), педагогикалық колледждердiң музыкалық және көркемөнер бөлiмдерiнiң арнайы пәндер оқытушыларына және басқа да педагог қызметкерлерiне - концертмейстер (режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, әртiс, суретшi) ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты;
7) директордың өндiрiстiк оқыту жөнiндегi орынбасарларына - жоғары немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) оқу орнын (оның iшiнде әскери) аяқтаған соң кәсiпорындардағы, мекемелердегi және ұйымдардағы мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;
8) өндiрiстiк оқу негiздерi, еңбек және сызу, көркемсурет өнерi, информатика және есептеу техникасының негiздерi, оқу пәндерiн теориялық, практикалық жағынан тереңдетiп оқытатын мектептердiң (сыныптардың) мұғалiмдерiне (оқытушыларға, қосымша бiлiм беру педагогтарына, шеберлерге), эксперименттiк мекемелердiң, мектептен тыс ұйымдардың педагог қызметкерлерiне - беретiн пәндерiнің саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;
9) арнайы пәндер оқытушыларына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледждер) білім ұйымдарының оқу-әдiстемелiк кабинеттерінiң әдiскерлерi мен аға әдiскерлерiне және информатика және есептеу техникасының негiздерi пәнiнiң оқытушыларына - жоғары оқу орнын бiтiргеннен кейiн жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда (оның iшiнде әскери) кемiнде 5 жыл еңбек еткен жұмыс уақыты, сондай-ақ жоғары оқу орнында алған мамандығы бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты (оны жалғастыруына қарамастан);
10) мектептен тыс ұйымдардың, әдiстемелiк кабинеттердiң, мұғалiмдердiң бiлiмiн жетiлдiру институттарының әдiскерлерiне, қосымша бiлiм беру педагогтарына, мәдениет ұйымдастырушыларына, экскурсоводтарға - ұйымдардағы жұмыс уақыты және бiлiм беру ұйымдарындағы жұмыс саласына сәйкес келетiн мамандықтар бойынша Қарулы Күштер қатарындағы қызмет уақыты;
11) тәрбиешiлерге (аға тәрбиешiлерге), мектепке дейiнгi ұйымдардың, бөбектер үйiнiң меңгерушiлерiне (бөбекжайлардың және бөбекжай-бақшалардың, бөбектер үйлерiнiң медициналық бике ретiндегi 1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi жұмыс уақыты);
12) бiлiм беру ұйымдарының, көрсетiлген лауазымдарды қоспағанда концертмейстер және сүйемелдеушi мамандықтары бойынша жұмыс стажына техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі (колледждер), жоғары оқу орындарында арнайы пәндердiң оқытушылары, тиiстi жанрдың дирижерлары және әртiстерi, хормейстерлерi, көркемдiк жетекшiлерi, режиссерлерi, музыка мектебiнiң оқытушылары, сондай-ақ жалпы бiлiм беру мектептерiндегi ән және музыка мұғалiмдерi, музыкалық жетекшi ретiндегi жұмыс уақыты;
13) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернат ұйымдарының тәрбиешілеріне - мектепке дейінгі балалар ұйымдарында тәрбиеші ретіндегі жұмыс уақыты, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде мұғалім, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог ретіндегі жұмыс уақыты есептеледi.
5. Егер ол Қазақстан Республикасының аумағында педагогикалық стажға шектеусiз есептелетiн болса, республикадан тыс жерлерде (оның iшiнде шарт бойынша) Қосымшада көзделген тиiстi ұйымдарда және лауазымдарда педагогикалық жұмыстағы немесе білімнің тиісті деңгейі бойынша оқытуды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына шектеусiз есептеледi.
6. Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiм беру ұйымдарындағы сағаттық төлем шарты бойынша орындалатын педагогикалық жұмысы, егер оның көлемi оқу жылында 180 сағаттан кем болмаса, педагогикалық стажға қосылады. Педагогикалық жүктеме аз көлемде орындалған жағдайда жұмыс уақыты нақты орындалған жұмыс уақытына тепе-теңдікте есептеледi.
7. Барлық үлгiдегi және атаулы бiлiм беру ұйымдарының басшыларына, директорларына, меңгерушiлерiне, бастықтарына, олардың орынбасарларына (көмекшiлерiне) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа) педагогикалық (және оған теңестiрiлген) лауазымдағы жұмыс уақыты педагогикалық жұмыс стажына есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет