“Білім жүйесін модернизациялау озық дамудың негізгі инновациялық стратегиясы"
“Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану арқылы химияны оқыту тиімділігін арттыру"
Педагогика ғылымының бір ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылысы. Қазіргі кезде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауаптылық пен іскерлікті қажет ететін еңбек.
Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты: 1) мәтіннің мәнін білдіретін бірліктерін жекелеп белгілі бір ретпен сатылаған түрде сызба нұсқалық бейнелеу 2) оларды категорияларға біріктіріп, ерекше бөліп орналастыру арқылы кез-келгеннәрсені есте сақтау Нәтижесі : 1) Білімді жүйелеудің сызба нұсқалық әдісі - оқушының ойы қабаттаспай, сатыланып, белгілі бір ретпен нақтыланады. 2)Жай жазбаша жұмыс істеу кезіндегіден көп мәлімет алуға мүмкіндік береді, ойды жинақтау және оқушының тақырыпқа қызығуын арттырады.
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты: 1. Оқушының таным белсенділігін, ойлау қабілетін арттыру 2. Білімге құштар, ой-өрісі еркін дамыған ашық қоғам азаматын тәрбиелеу. Нәтижесі: 1. мұғаліммен оқушы арасындағы тепе-теңдік жағдай, бір-бірінің үйренудегі және үйретудегі көмегінің маңыздылығы. 2. Оқушы өз пікірін еркін білдіре алады, өзгенің пікірін құрметтейді. 3. Оқушының ойлау, алдау, ізденіс қабілеттері дамыды. 4. Әрбір оқушының білім дәрежесін басқа оқушымен салыстыру емес, оқушының кешегі нәтижесін, бүгінгі және ертеңгі нәтижелерімен салыстыру арқылы даму динамикасына назар аударылады. Сабақ кезінде қолданылатын стратегиялар: 1. Топтастыру (кластер) 2. Жигсо стратегиясы 3. Венн диаграммасы
В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясының мақсаты : 1. Оқушының оқыта отырып, жалпы дамыту, теориялық ой мен сана қалыптастыру, теориялық ойлау деңгейін жеткізу Нәтижесі: 1. Оқушының білім мен білік дағдысы қалыптасады. 2. Ой әрекетінің дамуы артады. 3. Шығармашылық ізденіске ынталанады
В.Ф.Шаталовтың педагогикалық - әдістемелік әдісі – тірек - сызба белгілерін оқыту үрдісінде кең қолданамын. Тірек-сызба белгілерінің пайдасы: материалды қысқаша, жинақы беруге болады, белгілер арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады, материалдың ең негізін таңдауға, қарапайым жүйе жасауға үйренеді, сондай-ақ топпен және өзара бірлесе жұмыс істеуді, өзін-өзі бағалауды үйренеді, қосымша әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын меңгереді, сызу, сурет салу, өз бетімен шартты белгі ойлау қабілетіне жаттығады.Оқытуда тірек-сызба белгілерін сабақтың барлық кезеңінде және әр түрлі типті сабақтарды өту барысында пайдалануға болады. Сонымен қатар оқушы дәптерінде білім қайталау, қорытындылау сабақтарында пайдалануға болады.
Кеңістіктегі атом орбиталдарының конфигурациясы және бағытталуы
Мұғалімдердің білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне
Шәкірттердің талаптарына және даярлықтарына
Оқыту әдістемесінің толық жүзеге асуына
Дайындық кезең
Негізгі кезең
Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі шәкірттер ішінен талантты, дарындыларды тауып, олардың қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын қанағаттандырып, белсенділіктерін арттыру
Оқушыны ынталандырған пәндерді айқындау, жүйелі түрде шәкірттерге күрделілігі әр түрлі жұмыстарды беріп, оған қайтарған жауаптарына назар аудару, пікір алысу, оқушымен, ата-анасымен одақтасу
Саралап оқыту
Химия пәнін оқытудың тиімділігін арттыру және білімді тереңдету мақсатында қарапайымнан күрделіге қарай оқытудың жүйелік ұстанымын басшылыққа ала отырып, оқушының белсенділігін, өзіне деген сенімін, пәнге қызығушылығын арттыру және т.б. қырларының жандануына ықпал жасау үшін жаңа инновациялық технологияны қолдануымыз қажет. Қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып, білім алуға дағдылануы тиіс. Сол арқылы оқушы өз қажеттігін біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндік алады.