Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн



бет41/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

Өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қараған жөн.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығая түсуі өңірлерді дамыту, масылдық көңіл-күйді төмендету және еліміздегі демократиялық өзгерістерді орнықтыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
ОНЫНШЫ. Дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы
Американдық ғалым Г. Алмонд саяси даму саяси жүйенің тұрақтылықты қолданып қоғамды жаңғыртуды жүзеге асыруға қабілеттілігі, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттаған болатын. Демек, қоғамдағы саяси даму бүкіл қоғам өмірінің барлық саласындағы сапалық өзгерістерге тәуелді болады. Мұнда шешуші рөлді мемлекеттік институттардың дамуы мен сапалық өзгерістері атқарады.


Cеминар №14. Саяси шиеленістер мен дағдарыстарды шешудің мәні, түрлері мен жолдары.


Сабақтың жоспары:

  1. Шиеленіс әлеуметтік құбылыс ретінде.

  2. Саяси шиеленістер, олардың мәні, конструктивті және деструктивті қызметтері.

  3. Саяси шиеленістер мен дағдарыстардың типологиясы.

  4. Саяси шиеленістердің динамикасы.

  5. Саяси шиеленістерді шешу түрлері мен жолдары.

  6. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары.

  7. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері.

  8. Этносаяси шиеленістер. Этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісі.



Сабақтың мазмұны:
Шиеленiс дегенiмiз әрбiр қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, iстi насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердiң, пiкiрлердiң, көзқарастардың қайшы келуi, елеулi келiспеушiлiк, өткiр пiкiр талас.
Саясаттану ғылымында ұзақ жылдар бойы қоғамдағы қайшылықтар, дағдарыстар, шиеленiстер, төңкерiстер, яғни мемлекеттегi тұрақсыздық, ойдағыдай дамымауы ауру болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бiрқалыпты, тұрақты дамуы керек деп санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негiзгi құндылық болып саналды.
Бiрақ ол мүмкiн нәрсе емес едi, өйткенi қоғамда әр түрлi әлеуметтiк топтар, таптар, қабаттар тұратын болғандықтан, олардың мақсат-мүдделерi, талап-тiлектерi де соншалықты әр түрлi болып келедi. Бұл әр түрлiлiк, сәйкес келмеушiлiктер айырмашылықтарды тудырады, олар дер кезiнде шешiлмей шиеленiстерге айналып отырады.
Адамзат шиеленiстi зерттеуге өте ертеден-ақ көңiл бөлген, б.з.д. VІІ-VІ ғасырлардағы қытайлық философтар дүниедегi нәрселердiң бәрiнiң қозғалысының көзi оң (ян) және терiс (инь) бастаулар болады деп айтады. Ежелгi грек ойшылы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресiнен туады және ол күрес жаппай, барлығы мүмкiндiгiне қарай күрес арқылы болып өтедi деп жазады. Бұл пiкiрдi Сократ, Платон, Эпикур де мойындаған.
Қоғамдағы шиеленiстi зерттеуге Н. Макиавелли ерекше көңiл бөлдi. Рим тарихына арналған еңбегiнде шиеленiстiң әр түрлi деңгейiн қарастыра отырып, оның қоғам дамуындағы маңыздылығын айтты. ХVІІІ ғасырдағы саяси шиеленiстi зерттеушi ойшылдар оны үстемдiк пен тәуелдiлiкке әкеп тiредi және ол мемлекет реттеуiмен шешiлiп отырады деп есептедi.
Шиеленiстi әлеуметтiк құбылыс ретiнде зерттеген А. Смит болды. Бұл зерттеуiн «Халық байлығының себептерi мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кiтабында жүргiзген. А. Смит шиеленiстiң негiзiне қоғамның таптарға қысым жасауы мен экономикалық бәсекелестiктi жатқызады, әрi оны қоғамның қозғаушы күшi деп есептедi. Шиеленiстi зерттеуде Гегельдiң iлiмi ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-қарсылықтардың қайшылықтары мен күресiн жоғары бағалады.
Шиеленiстiң өзiнiң теориялық негiзiн ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында әлеуметтану ғылымында алды. Бұл кезеңдегi әлеуметтану ғылымы биология ықпалында болды, сондықтан шиеленiстi дарвиннiң теориясы негiзiнде түсiндiрдi. Кейiнен әлеуметтануда психологиялық бағыт қалыптасты, сөйтiп шиеленiске әлеуметтiк-психологиялық көзқарас таратылды. Одан кейiн әлеуметтануға функционализм күштi ықпал еттi, ол шиеленiстi жағымсыз рөл атқарады деп, оны зерттеудi соңғы орынға шығарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет