Парламенттің рөлін күшейту міндеті қойылды. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады.
Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидатын басшылыққа алу ұсынылған болатын.
БІРІНШІ. Президенттің өкілеттігі туралы Қазақстанда суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасты.
Партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол бермеген жөн. Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеу ұсынылды. Бұл норма саяси бәсекеніарттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды.
Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады
Жергілікті атқарушы органдардың дербестігін күшейту, президент өкілеттігін шектеу айтылды.
ЕКІНШІ. Өкілді билік тармағын қайта құру Біз Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарту, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыру және өкілді билік тармағы мықты болуын ұсынды.
Сенатты жасақтау тәртібін және оның бірқатар функциясын қайта қараған жөн.
Парламенттің төменгі палатасында еліміздегі түрлі саяси көзқарастар көрініс табуға тиіс.
Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн.
ҮШІНШІ. Сайлау жүйесін жетілдіру Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табады. Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатын болады. Сонымен бірге аралас сайлау үлгісі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да енгізіледі. Сайлаудың осы тәсіліне оралу біз үшін өте маңызды. Бұл қадам - партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы.
Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді.