Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


ТӨРТІНШІ. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту



бет40/47
Дата01.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#170583
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47
Байланысты:
Саясаттану семинар әдістемелік нұсқау (1)

ТӨРТІНШІ. Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту
Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты, біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек.
Партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейді. Тіркеу шегін 4 есеге - 20 мыңнан 5 мың адамға азайтқан жөн. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетіледі. Партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Сондай-ақ, құрылтай съезін өткізуге және филиалдарды құруға берілетін уақыт көбейеді. Бұл мәселелерді либералдандыру еліміздегі саяси кеңістікті дамыту үдерісін едәуір жандандырады. Өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болады.
БЕСІНШІ. Сайлау үдерісін жаңғырту
Демократия тарихы дегеніміз - ең алдымен, сайлау рәсімдерін жетілдіру тарихы.
Сайлауды ұйымдастыру, дауыс беру тәсілдері, байқаушылар қызметін заңмен реттеу, аумақтық сайлау комиссияларының жұмыс тәсілін қайта қарау, сайлаушылардың бірыңғай электронды базасын құру, сайлау технологияларын қолдану арқылы жасалатын қатерлер туралы айтылды.
АЛТЫНШЫ. Құқық қорғау институттарын күшейту
Конституциялық сот құру ұсынылды, Алқабилер мәселесі айтылды,
ЖЕТІНШІ. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту
СЕГІЗІНШІ. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру.
Билікті орталықсыздандыру үдерісін тереңдете түспесек, саяси жаңғыруды табысты жүргізу және азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Ең алдымен, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының міндеттерін тиімді ажырату қажет.
Саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс. Мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет