Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға



бет16/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар мыналар:

  1. Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілетті бар кәсіби басқарушылар керек;

  2. Адамдардың психологиялық /туа біткен/ және әлеуметтік /оқу, тәрбие/ теңсіздігі;

  3. Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;

  4. Бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы.

Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асырулын бақылайды.
Саяси элитаның түрлері:

  1. Мұрагерлік, мысалы аристократтар;

  2. Құндылықтық, жоғары және ықпалды қоғамдық және мемлекеттік позицияға ие адамдар;

  3. Биліктік, тікелей билікті иеленушілер;

  4. Қызметтік, кәсіби-басқарушылар, осындай біліктілікке ие адамдар;

  5. Билеуші, мемлкеттік билікке иелер;

  6. Оппозициялық, контрэлита;

  7. Ашық, қоғамннан шыққан;

  8. Жабық, өз ортасынан шыққан, мысалы дворяндық

Элита сонымен бірге, жоғары және орта болып бөлінеді. Жоғары элита бүкіл мемлекет үшін маңызды шешім қабылдауға ықпал етеді. Орта элитаға тұрғындардың 5 пайызы жатады, мына үш белгісі бойынша ерекшелінетін- табыс, кәсіби статус, білім. Осы белгілердің бір немес екеуіне иесі маргинал элита деп аталынады.
Саяси элитаның қалыптасуының екі жүйесі бар:
1. гильдий жүйесі /социалистік елдерде кеңінен қолданылған/
2. антрепренерлік жүйе /демократиялық елдерде қолданылған/


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет