Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.