Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары Тақырыптың жоспары



бет5/6
Дата29.04.2022
өлшемі35,65 Kb.
#141454
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бақылау мен бағалау d (2)

5. Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Зерттеулер оқу жұмысының сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.
Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:
• Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
• Арнайы қабілетті тестілеу.
• Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
• Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
• білім стандартына сәйкестігі;
қате жауаптарды енгізу;
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
• бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.
Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет