Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары Тақырыптың жоспары


Білімді тексеруге қойылатын талаптар



бет2/6
Дата29.04.2022
өлшемі35,65 Kb.
#141454
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бақылау мен бағалау d (2)
Анықталмаған интеграл және оның қасиеттері, Философия АУк-20-13 Усенов Б
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет