Білім саласы: Қатынас Қызығушылық Тақырыбы: Біздің үй Мақсаты



бет2/6
Дата26.06.2018
өлшемі85,41 Kb.
#44315
1   2   3   4   5   6

Білім саласы: Қатынас. .

Тақырыбы: Қызығушылық- Сөйлем құрау
Мақсаты: Балаларға сөйлем туралы түсінік беру. Суретке қарап сөйлем құрауға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөйлемдер құрау арқылы балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тілін дамыту.

Қолданылған көрнекілік материалдар: Суреттер, жұмбақтар, буындар, үлестірілмелі текшелер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.
Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Санжар мен саған жақсылық тілеймін. Амина мейірімді бол! Алдияр мен саган денсаулық тілеймін.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Жұмбақ жасыру.

Өзі сондай нәзік

Су құйсаң кетеді

Алақанын жазып. (Гүл)


Балалар, мына гүлге қарап отырып бірнеше сөз құрастырыңдар.

Енді осы сөзддерді бір-бірімен байланыстырыпкөрейік.



  • Бақта әдемі гүл өсті.

  • Гүл қайда өседі?

Бақта әдемі гүл өсіп тұр.

  1. Дәптерде берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Асқар ұшақпен ұшты.Айгүл автобуста отыр. Ұшак ұшты.

  2. Сергіту сәті.

Жұмбақтар.

  1. Темір тұлпар гүрілдеп,

Соқасын жүр сүйреп.

  1. Темір арба темір жол,

Тек қана ішінде жүрер ол.

Дәптермен жұмыс, тапсырмаларды орындау, қорытындылау.



Гүл, өсті, әдемі, бақта.

Гүл бақта өседі.

Бақта әдемі гүл өсіп тұр.


Трактор
трамвай



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


«Кім шапшаң сөйлем құрайды?» дидактикалық ойыны.

Сұрақ жауап әдісі арқылы сөйлем туралы алғаш білгенін пысықтау.








Білу керек : Сөйлем туралы білуі.

Нені игереді: Сурет бойынша сөйлем құрауды игерді.

Нені білді: Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Мақсаты: Республикамыздың қалай аталатыны, қазіргі орталығы, бас қаласы туралы мағұлмат беру. Өлеңді мәнерлеп оқуга, ойын жүйелі жеткізуге баулу. Астанадағы әсем, корнекті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.

Сөздік жұмыс: Елорда, бәйтерке, барыс, көп қабатты үйлер.

Қолданылған көрнекілік материалдар: Астана қаласының көрнекті жерлерінің суреттері.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.

Армысың – алтын күн,

Армысың- жер ана

Армысың – аспан ата,

Армысың- достарым

Күліп шықты кун бүгін.



Іс-қимыл арқылы жасалады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Кіріспе бөлім.

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасының Елордасы қай қалада орналасқан?

Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін тәрбиеші мәнерлеп оқиды.

Болашақты бастаған,

Шарықтайды асқақ ән

Мақтанышым, Астанам.

Өлеңінде не туралы айтылған?


  • Кім Астанаға барды. Астана қаласындағы қандай корнекті жерлерінде болдыңдар?

Тәрбиеші Астананың көрікті жерлерін сурет арқылы көрсетеді.

-Қазақстан республикасының елордасы- Астана қаласы. 1997жылы қазанның 20-сында Н.Ә. Назарбаев «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау» туралы жарлыққа қол қойды.Аз уақыттың ішінде Астана көрікті қалаға айналды. Астана қаласында Президент сарайы, Парламент ғимараты, қонақ үйлер бар. Парламент үйінің алдында Төле би, Әтеке би, Қазыбек би ескерткіштері орналасқан.Міне , балалар, астана каласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Астананың болашағы әлі алда. Біздің отанымызда барлық жағдайлар балалар үшін жасалған.



Қазақстан Республикасы

Елордасы Астана қаласы.

Цирк, хан шатыры, бәйтерек, зоопарк, мұз айдыны т.б.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Дидактикалық ойын.
А,С ,Т ,А ,Н,А дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру. Оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар оқу іс-әрекетіне қызыға катысады.


Білу керек : 20 қазанда 1997 жылы «Ақмола » қаласын Астана қаласы болып жарияланғанын білукерек.

Нені игереді: Астана қаласындағы хан шатыры, Парламент үйі, Жастар сарайы, Бәйтерке, Астана циркі т.б ғимараттардың бар екендігін білу.

Нені білді: Астана қаласында Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би т.б ескерткіштердің бар екенін білу.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.



Күні:


Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі

Мақсаты: Ертегі мазмұны бойынша диологті әңгімелесуге, айтыс өнерінің ерекшелігін түсіне білуге , өз бетімен ертегіні айта білуге жаттықтыру. Сурет бойынша әңгіме құрастұруға үйрету .

Қолданылған көрнекілік : түрлі түсті суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.

«Кел балалар күлейік»

Кел балалар күлейік,

Аман-есен жүрейік.

Кел балалар күлейік,

Жақсы бала болып жүрейік.



Іс-әрекет арқылы жасалады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Балалар жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілінде қанша ай бар?

Күз мезгілі ұнай ма, ұнаса қандай ерекшеліктерімен ұнайды?

Күн суыта бастаса, жыл құстары қандай жерге бағыт алады?

Ендеше, балалар, бүгін біз сендерге «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқып береміз.

Жыл басы. Ерте заманда хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты.

-Мен алысты жақын қыламын,сүтімді ішеді,қылымнан арқан жіп еседі дейді.

Түйе ешкім көтере алмайтын жүкті көтеремін, адам бара алмайтын шөлді жерлерге бара аламын. Аш болым деп жем, шөп сұрамаймын.Табылған ащы шөпті жей беремін. Мен лайықпын дейді.

Адам сүтін ішеді, құрт май істейді, жыл басы мен боламын дейді қой.

Ит айтады, мен сендерді біреулер ұрлап кетпесін деп күні түні қорғаймын, жыл басына мен лайықпын.

Тауық жыл басына мен лайқпын, адамдар ұйқтап қалмасын деп таңертең оятамын. Тышқан бұл таласқанмен ешнарсе шықпас, таңертең айды кім бірінші көрсе сол жыл басы болады, дейді.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Балалар ертегіні қызығып тыңдайды Ролдерге сомдайды.

Балалар оқу іс-әрекетіне қызыға катысады.



Білу керек :Жануарлардың аттарын аталуын білу.

Нені игереді: Ертегіні қызығып тыңдайды.

Нені білді: Ертегіні айтып үйрену

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Сөзбен танысайық

Мақсаты: Сөз дыбыс туралы түсінік беру,сөздің бірнеше дыбыстан құралатынын, дыбыстардың дауысты дауыссыз болып бөлінетінін жөнінде мағұлмат беру.

Сөздік жұмыс: Сөз. Дыбыс.

Қолданылған көрнекілік : Ойыншықтар , суреттер, үлестірілмелі материалдар , әріптер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.

1 Балалар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

«не дыбысы» дидактикалық ойын?

Біз қандаймыз қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз

Жарқыраған күндейміз

Ренжісуді білмейміз.

«Не естідіңдер» дидактикалық ойын арқылы оқ іс-әрекетімен бастайды.



Іс-әрекет арқылы жасалады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Жануарлардың, құстардың дауыстарын естіртеді. Бала ненің дауысы екенін ажыратады.

Дыбыстарды естиміз, бырақ дыбыстар қалай естіледі?

Жалпы, балалар, дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты және дауыссыз болып.

«А» Ана деген жақсы бір сөз естіліп тұр,ана сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

«А» дыбысы дауысты дыбыс па , алде дауыссыз дыбыс па?

«А» дыбысы дауысты дыбыс екенін қайдан білдіңдер?

Ана сөзі үш дыбыстан тұрады. Дауысты дыбысты қандай түспен белгілейміз?

Мақал- мәтел:

Анаңа рахым етпесең,

Балаңнан рахым күтпе.

«Сөз айт, тез айт» дидактикалық ойын. Балалар бір-біріне доп лақтырып, «а» дыбысынан басталатын сөздер айтады.


Дыбыстар әртүрлі болып естіледі.

«Ана» сөзі, «а» дыбысынан басталып тұр.


«А» дауысты дыбыс.

-А-а-а-а еркін және созып айтуға болады.


Қызыл түспен белгілейміз.

Балалар «а» дыбысы бар сөздерді есте сақтап айтады.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Қорытынды:

Оқу іс- әрекетіне балалар толық қатысады








Білу керек : Дауысты ауада жазуды, Дауыстарды ажырата біледі.

Нені игереді: Дыбыстан сөз құрауға болатынын біледі

Нені білді: Мақал- мәтелді дыбыстан құралатынын біледі, Сө- сөйлем болып құралады.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы:Буынға бөлейік

Мақсаты:Буын туралы түсінік беріп, сөздерді буынға бөліп үйрету. Ойын дамыту,өзара қарым- қатынаста достыққа құмет сезінуіне тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Қолданылған көрнекілік : Ойыншықтар, жабайы аңдардың суреттері, асықтар.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.

Балалар шеңберге тұрып бір- біріне жылы лебіздер айтады, білдіреді.



Іс-әрекет арқылы жасалады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Балалар, бізге қонаққа Жұмбақбай атай келіпті.

Кімнің атасы бар?

Атаға қалай көмектесеміз?

Атаны қалай құрметтейміз?

Қарттар біздің ақылшымыз, біз оларды қадірлеп, сыйлаймыз!

Жұмбақбай атамыздың сендерге әкелген тапсырмасын қәне қалай шешеміз?

Қоржындағы асықтар алынып бірнеше тапсырмалар орындалады.

Суреттегі үлгі бойынша алма сөзіне дыбыстық талдау жасалынады.

Сонымен, онда неше дыбыс бар екенін ондағы дыбыстарды атаңдар.

Алма сөзінде неше дауысты дыбыс бар?

Ал неше бөлікке бөліп айтамын, мұхият тыңдаңдар, ал – ма бөліп айтамыз.

Буынға бөліп айтамыз, біріншісі ал, екіншісі ма буыны.

Раушан, атай, көбелек.

Рау-шан, а-тай, кө-бе-лек.

Өте жақсы балалар. Енді Жұмбақпай ата сендерге жұмбақ жасырады.

Судан ол қорқады,

Одан кір қорқады.

Сабын сөзін буынға бөлейік.

Сергіту сәті.

Достар бірге ойнаймыз

Бірге ойнамыз күлеміз

Бірге балық аулаймыз

Міне біздер қандаймыз,

Бөлінбейтін іргеміз

Әрқашанда біргеміз.

А. а 2 дауысты дыбыс бар.

Шешуі, сабын

(сабын)


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Қорытынды:

  • Сонымен бүгін біз не үйренеміз?

  • Буын дегеніміз не?



Қанша буын болса, сонша дауысты дыбыс болады.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек : Балалар буын туралыбіледі.

Нені игереді: Сөздерді буынға бөле біледі

Нені білді: Дауысты және дыбысты үйрету.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:


Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы:Мамандықтың түрлері.

Мақсаты:Балалар дөңгелене тұрып бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді. Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалау.

Сөздік жұмыс: Құрылысшы, шахтер, инженер.

Қолданылған көрнекілік : Суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Кірпіштен сарай үй салады,

Ол адам кім болады?

Құрылысшы мамандығы туралы балаларға әңгімелесу.




Балалар жұмбақты шешеді.

Құрылысшы.



Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Үй құрылысында әртүрлі мамандық иелері бар. Олар: ағаш шебері, сылақшы, тас қалаушы, шатырлаушы, краншы, дәнекерлуші.

Сәулетші үйдің жобасын жасағаннан кейін құрылыс орны таңдалып алынады. Сол сияқты басқа да мамандық түрі бар. Олар: дәрігер, архитектор, инженер, шахтер т.б.

«Кім болам?» дидактикалық ойыны, шарты: балаларға болашақта қандай мамандық иелері болатындығын және қандай пайда әкелетіндіктерін әңгімелету.

«Мамандықты ата» дидактикалық ойыны.

Төмендегі сұрақтарға жауап береді.


  • Дәрігер не істейді?

  • Ғарышкер ше?

  • Полиция қызметкері не істейді?

Балалар сурет бойынша әңгімелеп береді.

Балалардың үлгі жауабы.

Мен ауылыма қала саламын.

Балалар сурет бойынша мамандық иелерін атайды.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қорытынды.

  1. Қандай мамандықтарды білесіңдер?

  2. Дәрігер не істейді?

  3. Жақсы мамандық иесі болу үшін не істеі керек?

Балалар ата-аналары ның мамандықтары жөнінде әңгімелейді.



Білу керек : Мамандық туралы түсініктерін нығайту.

Нені игереді: сурет бойынша әңгімелеп бере алуы.

Нені білді: Мамандық таңдай білуі.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ


Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы:Буындардан сөз құра

Мақсаты:Сөздердің бір буыннан да көп буыннан да тұратынын білдіру. Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатындығын түсіндіру.

Қолданылған көрнекілік : Суреттер, үлгі құралы, қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Балалар тақтадағы суретке ат қою.

Балалар суреттегі қызға ат қояды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Қыз баланың есімі –Сара.

Енді Сара сөзі неше буынан тұрады екен, ойлап көрейік.

Са-ра.

Бірінші буынын кім айтады?



Бірінші буында Са,

Екінші буынында ра.

Дұрыс екі буыннан тұрады екен, себебі екі дауысты дыбыс бар.

Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады.

Мысалы, А- ша.

«Жоғалған буын» дидактикалық ойыны. Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.

Қар......(қарға)

Сауыс......(сауысқан)

Тор ......(торғай)

Бүр.......(бүркіт)



Балалар буынға бөліп айта алады.

Балалар ойынды екі топқа бөліп ойнайды, сөзді табады.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Көп жаттығу жумысы.

Тақтаға текшемен екі сөз жазып , буындық белгімен белгілеу. Мысалы, Сара,көк, қызық, кызыл, көк.



Балалар текшемен жазады



Білу керек : Буындардан сөз құрай білуі.

Нені игереді: Буын бойынша жоғалған буынды тауып сөз құрай білуі

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.



Күні:


Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы: Келді міне қыс.

Мақсаты:Келді міне қыс. Балаларға әдеби шығарманы тыңдап өздеріне ұнаған бейнені сөздерді тауып айтуға жаттықтыру.

Қолданылған көрнекілік : Қыс мезгілі туралы суреттер, жұмбақ , тақпақтар.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Амансыңба, Алтын күн!

Амансыңба, Жер Ана!

Амансыңба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам.



Балалар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады.Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Қыс келді, қыс келді,

Ақтарды ақ қарды.

Ақ қарды шималап,

Шаңғымен сызамыз.

Қыс мезгілі келді, балалар бүгін қыс мезгілінің бірінші айы «Желтоқсан»

Қыс мезгілінің екекшелігі қандай?

Қыс мезгілі сендерге несімен унайды?
Суда мұз бар,

Жерде қар бар .

Боран болып соғады,

Бобектерім айтыңдаршы, Бұл қай кезде болады?

Сырғанақ.

Сырғанаққа мығымбыз,

Шыныққанбыз , шымырмыз.

Таудан томен сырғанап,

Біз тебеміз сырғанақ.


  • Сендерге сырғанақ тебу ұнай ма?

  • Сырғанақ тебуүшін қандай болу керек?

  • Достарыңмен біргесырғанаққа барасыңдар ма?

Қыс.


Иа.
Күшті.

Иа.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Қорытынды .

Сұрақ жауап.



Балалар сұраққа жауап береді.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет