Білім саласы: Қатынас Қызығушылық Тақырыбы: Біздің үй Мақсаты


Білу керек: Ертегіні тыңдап, зер салып, ойлау қабілеті дамыды. Нені игереді



бет5/6
Дата26.06.2018
өлшемі85,41 Kb.
#44315
1   2   3   4   5   6



Білу керек: Ертегіні тыңдап, зер салып, ойлау қабілеті дамыды.

Нені игереді: Ертегіні түсінгендерін сұрақ-жауап арқылы өзіндік сөздік қоры молайды.

Нені білді: Бір-біріне адал дос болуды білді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



32 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Жіңішкерту белгісі Ь

Мақсаты: Балаларды жіңішкелік белгімен таныстыру, таныту. Жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді оқытып,олардың мағынасын түсіндіру арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

Сөздік : Сұрақ-жауап.

Қолданылған көрнекілік : жеке суреттер, буындық кеспелер, кеспе әріптер.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Балалар шаттық шеңберіне тұрады.


Балалар шаттық шеңберін жасайды. Бір –біріне жақсы тілектер айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Дәптермен жұмыс.

Жіңішкелік белгісі (ь) басқа тілден енген сөздерде кездеседі. Жіңішкелік белгісі дыбысқа жатпайды. Өйткені оны дыбыстап айта алмаймыз. Сурет бойынша коньки және лагерь сөздерін бірнеше рет қайталатып айтқызу, буынға бөлгізу.

Альбом, фильм, лагерь, сөздеріне дыбыстық талдау жасатып,ондағы жіңішкелік белгісінің орнын ажыратқызады.Жіңішкелік белгі сөздің ортасында немесе соңында кездесетінін түсіндіру. Дәптердегі сөздерді оқыту. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Жазу жұмысы , үлгі бойынша жіңішкелік белгісінің таңбасын жасазады. Фильм, коньки сөздерін жазады.

Кеспе әріптерден жіңішкелік белгісі кездесетін сөздерді құратып жазғызу, оқыту.


Балалар дәптердегі сөзді қайталап оқиды.




Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Сұрақ- жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін бекіту. «Қай буынды жоғалттым» ойыны. Ойын шарты, суретке қарап жоқ буындарды табу

Оқу-іс әрекет барысында жақсы қатынасқан балаларды мадақтау



Білу керек: жіңішкелік белгісі (ь)

Нені игереді: жіңішкелік белгісін ажырата білді.

Нені білді: ь- белгісін жаза білді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



33 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы: Адам болам десеңіз.

Мақсаты: Жазушы Абай Құнанбаевтың өмірімен танысу. Өлеңді ақылын түсіндіру.

Қолданылған көрнекілік : А. Құнанбаевтың суреті т.б көрнекіліктер

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық



Шаттық шеңбері.

Балалар бір-біріне қарап жылы лебіздерін білдіреді.






Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Тәрбиеші:

Өткен оқу іс-әрекетінде А. Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерімен таныстық.

Бүгін А.Құнанбаевтың өмір баянымен оқу білім туралы жазған өлең жолдарымен танысамыз. Балалар А. Құнанбаев Семей оңірінде дүниеге келген. Ол кішкентай кезінен бастап білімге өте құштар болған,өте зерек бала.

Ол әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған ылғида ертегілер, аңыз аңгімелер айтып, оны Абай мұхият тыңдап өскен . Абай үлкен болған соң медреседе білім алып , одан соң жоғарғы оқу орнын бітірген. Абайдың әкесінің аты – Құнанбай, анасының аты- Ұлжан. Абай Құнанбаевтың көптеген өлеңдері және қара сөздері , аударған мысалдары бар. Сендерге Абайдың

Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай шаттанба. Құмарланып щаттанба, Ойнап босқа күлуге. Т.б

Бұл өлеңде ақылды бол , білімді бол, зерек бол , өмірге құштар бол деген.





Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Қорытынды.

Оқу іс-әректінде сұрақ жауап арқылы пысықтап қорытындылау.








Білу керек: А. Құнанбаевтың өмірбаянымен танысу.

Нені игереді: «Ғылым таппай мақтанба » өлеңінің мазмұнын мағынасымен түсіндіру. Мәнерлеп окып беру.

Нені білді: олеңнің мағынасын түсіну.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



34 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Айыру белгісі (ъ)

Мақсаты: Балаларды айыру белгісімен (ъ) таныстыру. Ъ белгісі бар сөздерді жазуға үйрету. Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әдемі жазуға дұрыс оқуға машықтандыру. Ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : Суреттер , кеспе әріптер, кеспе буындар

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


1.Шаттық шеңбері.

2.Әңгіме, дауыстыдыбыстар нешеу?

3. Дауысты дыыбыстар қалай аталады?

Дауысыз дыбыстар қалай аталады?



Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-бірлеріне жылы лебіздерін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Р- дауыссыз.

О- дауысты, жуан.

Я- дауыты , жіңішке (и+а)деген екі дыбыстан тұрады.

Л- дауыссыз.

Ь- жіңішкелік белгісі.

5 әріп, 4 дыбыс.

Айыру белгісі ъ дыбыс емес. Өйткені оны дыбыстап айта алмаймыз. Айыру белгісі дауысты дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде кеййбір қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге ған жазылады. Мысалы, разъезд, подъезд, съезд.

Дәптермен жұмыс. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Жазу жұмысы, үлгі бойынша айыру белгісінің басқа түрін көрсетіп таныстыру.

«Кім жылдам?» дидактикалық ойыны. Шарты, айыру белгісі бар сөздерге мысал келтіру.


Айыру белгісін дәптерге жазады

Дыбыстарға талдау жасайды.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қорытындылау.

Айыру беогісі ъ қай сөздерде кездеседі?

Сөздерге дыбыстық талдау жасау.


Ойларын еркін айтып жеткізеді.



Білу керек: айыру белгісін ъ білді.

Нені игереді: айыру белгісін ъ игерді.

Нені білді: Дәптерге таза етіп әдемі жазуды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



36 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық.

Тақырыбы: Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Мақсаты: Қазақ билерінің ұлы істерін танытып, ақылды, білімді адамдар болғанын түсіндіру. Оларды ұмытпас үшін ескерткіштер тұрғызғанын айтып өнегелікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Билер, өнеге.

Қолданылған көрнекілік :

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Менің елім оянды

Қыран сынды қанатты.


өлең жолдарын қайталап, қимыл көрсетіп жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Балалар біз бүгін қазақ халқының билері және ұлы істері жайлы білетін боламыз.

  • Ал енді мына суретте Төле би, Әйтеке би, Қазібек би үш бидің суреттері.

Қәне осы билерге жекеше тоқталайық. Бұл үш би үш жүзді билеген. Төле би- қазақтың атақты биі, мемлекет қайраткері болған. Әкесі Әлібек қарапайым адам болған. Төле би жастайынан қазақ халқының ақындық шешендік өнерімен сусындар өседі. 15-20 жасынан бастап билікке араласып әділдігімен, шешендігімен елге танылды.

Қазібек би –атақты би, ол елдің дамуына жастайынан бастап араласты. «жеті жарғыны» жасауға күш салды.

Әйтеке би қазақтың биі. Бала жасынан ауыл молдасынан сауат ашады. Әйтеке би шешендігімен, әділдігімен бірге Жәңгір ханмен бірігіп ұрысқа қатысып, батыр да болған.





Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қорыту.

Балалар біз бүгін қандай билерді танып білдік?

Қазақ билерінің ұлы істерін мақтан етеміз.







Білу керек: үш биді танып, еңбектері жайлы білу керек.
Нені игереді: қазақ билерінің ұлы істерімен танысады.

Нені білді: үш бидің ақылды, білімді адамдар болғанын түсініп, олардан өнеге алуға үйренеді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



36 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы: Сөйлем

Мақсаты: балаларға сөйлем жайында терең түсінік беру. Сөйлем сөзден, сөз дыбыстардан құралатынын түсіндіру. Сөйлемде неше сөз, сөзде неше дыбыс бар екенін ұғындыру. Ойлау, зейін, есте сақтау қабілетін арыттыру.

Қолданылған көрнекілік : кеспе әріптер, суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Балалар сауат ашу, оқу іс-әрекеті бізге не үшін қажет.

Әріптерді, дыбыстарды үйретеді. Жазуға оқуға үйретеді.


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



ДЫбыстарды біз айтамыз, құлағымызбен естиміз. Ал әріптерді біз көзімізбен көреміз, қолымызбен жазамыз.

Балалар біз сөз ойлап, сол сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Мысалы, оқушы ,ауа мектеп.

Балалар мына тақтадағы ағаштардың қанша гүлі барекен кәне бәріміз санап шығайық.
Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен шеңбер құрған соң,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы босаға

Сол жақтағы босаға

Шапалақта шапалақ,

Жоғары төмен ұрайық.

Орнымызды табайық.



Оқушы 5 дыбыс.

Ауа 3 дыбыс.

Мектеп – 6 дыбыс.


Балалар ағаш гүлін санайды.

6 гүлі бар екен.

Балалар сергіту сәтін қайталап қимылмен жасайды.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қорытынды.

Оқу іс-әрекет кезінде жақсы қатынасқан балаларды мадақтау. Қол жаттықтыру. Дәптермен жұмыс.



Дәптермен жұмыс жасайды.



Білу керек: Сөйлем жайында түсініктерінің болуы.

Нені игереді: Сөйлем құрауды игерді.

Нені білді: Сөйлемде, сөзде неше дыбыс бар екенін білді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашева Қ.С.



37 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Мақсаты: Сурет бойынша байланытырып сөйлеуге үйрету. Сұрақтарға жауап беруге , өз ойын дұрыс жеткізуге байланыстырып сөйлеуге баулу. Отансүйгіштікке достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : суреттер бойынша ойыншықтар,, гүлдердің суреті т.б.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Бір-біріне қарап жылы сөздерін айту.





Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Қазір жылдың қай мезгілі?

Енді мына суретке қарап назар аударыңыздар. Мұнда жылдың қай мезгілі бейнеленген?

Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Көктем мезгілінде қанша неше ай бар?

Қай айдан басталады?

Даладағы табиғатта қандай өзгерістер бар?

Т . Молдағалиевтың «Көктем » өлеңін оқып беру.

Сөздік жұмыс жүргізу.

Шыртылдайды, сыртылдайды, тырсылдайды.

Кып-қызыл өткпен белгі бұл жерде найзағайдың шақпақ шағып, қып-қызыл бейне бір табиғат өзеріске еніп, гүлдер бір жан біткендей болады.


Көктем.

Келсе көктем сырнайлы,

Бұлақ күліп тынбайды,

Шуақ төгіп күміс күн.

Бұлбұл бақта жырлайды.

Қыр құлпырып гүлдейді


Асық ойнап топ бала

Журыда үйе кирмеді


Көктем мезгілінде табиғат әсем бір ерекше ,құстардын әсем үндері , қардын еруі арықтан аққан шуы бейнеленген .





Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қортындылау

Көктем мезгілінде болатын қандай ерекшеліктері білдіңіздер .









Білу керек: сурет бойынша ангіме құрап білуге үйрету сөздік қорын молайту,

Нені игереді: көктем мезгілінде асем көктем өлеңін оқып .

әнгімелеу



Нені білді: көктем мезгілінде табиғат өзгерісінің, күнің күркіреуі, найзағайдын ойнауы жамбырдын сыртылдап жауғанын біледі.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Амирбекова,



38 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Құстар орман елшісі. Жыл құстары.

Мақсаты: Құстар туралы білімін пысықтау,жыл құстарының аттарын атай білуге үйрету. Сөздік қорын молайту, жаңа сөзді пайдалана отырып сөйлеу, есту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Құстар сөзіне сөз, сөйлемдер құрастыруға жаттықтыру.

Сөздік жұмысы: қара суық, жылы жақ, жыл құстары.

Қолданылған көрнекілік : жыл құстары туралы суреттер , құстардың суреттері, ұясы , дауыстары.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Жұмбақ шешу.

Ақ қар еріп, су көбейді.

Сай сайға толады.

Ағаш басы бүршік шашып,

Гүл бәйшешек болады,

Бұл қай кезде болады?



Балалар шешуін табады.

Көктем .


Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Сурет бойынша әңгіме.

Көктем мезгіліндеқандай табиғи құбылыстар болады?

Құстар қайда ұшып келеді?

Балалар қыстап қалатын құстарды қалай атаймыз?

Ұшып кететін құстарды ше?

Құстардың адамға, табиғатқа қандай пайдасы бар?

Біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Құстар табиғаттың бір бөлігі. Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.

Дидактикалық ойын «Жыл құстарымен қыстайтын құстар»

Балалар сурет бойынша топтап айтады.

Тиім сөздер, құстардың ұясын бұзба, құстардың жұмыртқасын бұзба.




Қыстайтын құстар деп аталады.
Жыл құстары.

Жыл құстары қарлығаш, аққу

Қыста құстайтын құстар торғай, сауысқан , көкек, құр, қарға, жапалақ.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қортындылау

Жыл құстарын ата және қста құстайтын құстарды ата?








Білу керек:Жыл құстарын білу керек.

Нені игереді: құстарға деген аяушылық, қызығушылық, сүйіспеншілік сезімін білдіреді.

Нені білді: Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Амирбекова,



39 №152 балабақшаның «АҚҚУ» тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Наурыз.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге , мерекелік көңілін көтеру. Елге деген сүйіспеншілікпен бірге салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : наурыз мерекесіне арналған суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Біздің тұратын қаламыз қалай аталады? Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Қандай ұлттар тұрады?

Қандай мерекелерді білесіңдер?

Астана.


Орыс, татар, қазақ.......

Наурыз, 8 наурыз аналар мерекесі т.б



Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Жақында Наурыз мерекесі болады. Наурыз шығыс күнтізбесінде жылбасы деп аталады. 21-22 наурыз күні қү мен түннің теңелген күні. Наурыз деген сөз, «нау» жаңа, «рыз» күн деген мағынаны білдіреді.

Жұмбақ жасыру.

Дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

Төрт бұрышты, бір ауызды.

Шыр көбелек айналады,

Беліне жіп байланады.

Үсті тас, асты тас , ортасында піскен ас.

Дидактикалық ойын.

Қазір мынау сан жазылған асықтарды аласыңдар, бұл асық жай асық емес. Асықта жазылған сұрақтарға жауап беріңдер.



  1. Жеті атаны атап беріңдер?

  2. Ұлттық ойындарды ата?

  3. Қандай ұлттық тойларды білесіңдер?

  4. Ұлттық киімдерді ата?

  5. Ұлттық киімдерді ата?

  6. Наурыз мерекесі күні қандай тамақ пісіріледі?

  7. Наурыз көжеге қандай дәндер салынады?

Дастархан.

Сандық .
Ұршық.
Нан .

Наурыз көже.

Жүгері, тары, бидай, бұршақ, қүріш т.б.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қортындылау

Наурыз мерекесі туралы балаларға толық мәлімет беру, сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет