Білім саласы: Қатынас Қызығушылық Тақырыбы: Біздің үй Мақсаты



бет1/6
Дата26.06.2018
өлшемі85,41 Kb.
#44315
  1   2   3   4   5   6
1 №152 балабақшаның Аққу тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Қызығушылық



Тақырыбы: Біздің үй

Мақсаты: Сурет бойынша уй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап, жұмбақтарды шешуге, әнгімелесуге төселдіру.

Сөздік: Жиһаз, жатынжай, мансард.

Қолданылған көрнекілік материалдар; Үй жиһазының суреті,үйдің сызбасы, бейнетаспа, суретті әліппе.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті, міне , бойларың.

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті болып өсеміз.


Балалар өлеңді қайталап жаттайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


1. Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар?

2. Сендер өздерің нешінші қабатта, нешінші пәтерде тұратындарыңды білесіңдер ме?

3. Үйде қандай бөлме түрлері болады?

а ) Дәптердегі суретпен жұмыс.

- балалар бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін біледі. Қазір үйлердің түрлері өте коп.

Ә ) Сөздікпен жұмыс жүргізу.

Коттедж- жеке ауласы барсәнді салынған 2-3 қабатты уй.

Жиһаз- Үй бұйымы, мүлік.

Жатынжай- ұйықтайтын бөлме.

Уйдің бірнеше бөлмелері болады. Олар: асүй, зал, балалар бөлмесі және жатынжай.

Қандай жиһаздар болады . Жиһаздың қандай түрін білесіңдер?

Балалар өз үйлері туралы айтады.

Дәптермен балалар жумыс жасайды.
Балалар сурет бойынша

әңгіме құрап айтады.


Көпқабатты үй мен коттедждің айырмашылығын айтады.

Әдемі жиһаздар болды.


Үстел , орындық, диван т.б

Рефлекстіктүзету

(коррекциялық)



«Қай бөлмеде қандай зат тұрады?» дидактикалық ойыны.

Шарты: бөлмелерді атап , онда тұратын заттарды атау.

Біз қандай тақырыпта әңгіме құрастырдық?


Балалар ойынды қызығып айтады.

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Балалар әр адамның тұратын үйі болатындығын біледі.

Болу керек: Грамматикалық тұрғыда жуйелі түрде сөйлеуді игереді.

Үйрену керек: Үй жиһаздарын ажырата білуі. Үйлерге сипаттама беруді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ
2 №152 балабақшаның Аққу тобының

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Қызығушылық пән



Тақырыбы: Балабақша(әңгіме құрастыру)

Мақсаты:сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сұрақтарға жауа берүді үйрету. Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білуге баулу. Балаға өз ойын жуйелі түрде айта білуге үйрету арқылы зейінін дамыту.

Сөздік:.Байтағым, баулым. Балабақшада достармен кішіпейілді болуғв тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік материалдар; Суреттер слайдтар


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Балалар қолдарына түрлі-түсті ленталар алып,өз балабақшасына деген жылы тілектерін айтады.

  • Менің балабақшамның шаңырағы биік болсын!

  • Менің балабақшамның іші ойыншыққа толсын.

Балалар шаттық шеңберде тұрады.
Менің балабақшамның іші күлкіге, сәбиге толсын!



Ұйымдастырушылық – ізденушілік



«Кім болам?» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: Балалардың ішінен «тілші» сайланады. Тілші болып сайланған бала, басқа балаларға «Болашакта кім болсың ?» деген сұрақты қойып сұхбат алады.


Тыныштық сәтін өткізу.

Балалар көзін жұмады, терең тыныстап дем алады.

Дәптердің 4-5 бетіндегі суреттер бойынша әңгіме қурастыру.
Сергіту сәті.

Бала бала баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойықызықтап

Батамызды қаламыз.
Дәптермен жумыс 4-5 беттер бойынша.


Балалар ойынды кызығып ойнайды



Рефлекстіктүзету

(коррекциялық)


Оқу іс-әрекеті барысында алган білімдері сурақ-жауап арқылы пысықталады.


Жақсы қатынасқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Сурет бойынша ойын тиянақты жеткізе білу керек.

Болу керек: Дәптермен жумыс жасауды.

Үйрену керек:Балабақша, мектеп жайлы білд і.Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.



3 №152 балабақшаның «Аққу тобының»

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Қызығушылық пән

Тақырыбы: Қасқыр түлкі әтеш ертегісі

Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру, сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін ойлау қабілетін дамыту, қоршаған ортаға мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сөздік: Шаһар, мұржа, таулы өлке.

Қолданылған көрнекілік материалдар: Ертегі мазмұнына сәйкес салынған суреттер, әліппе дәптер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық



Шаттық шеңбері.

Ертегідегі жануарлар адамдар сияқты сөйлей алады. Ертегіде сиқырлы құрал бар




Балалар шеңберге тұрып , мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін .

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Балалар, жануарлар аңдар жайлы қандай ертегілер тыңдадыңдар, естеріңе тусіріңдер?

Ал бүгін біз Қасқыр түлкі және әтеш ертегілерін тыңдап, танысып үйренеміз. Дауыс интонациясын дұрыс қойып мәнерлеп ертегіні оқып береміз.


Сөздік жұмыс жүргізу.

Шаһар- қала.

Мұржа- пештің, ошақтың түтін шығатын мойыны.
Сұрақтар қою.


  1. Ертегі кейіпкерін атаңдар.

  2. Қасқыр түлкі және әтеш неге сол жақ болады?

  3. Түлкі , қасқыр мен әтешке қандай тапсырма берді.

  4. Түлкі өзі не істеді?

  5. Ертегі қалай аяқталды?

Өздері білетін ертегіні естеріне түсіріп айтады.

Балалар тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.


Рефлекстіктүзету

(коррекциялық)


Ертегі бізге өтірік айтпауға , әділ, адал болуға үйретті.


Оқу іс-әрекеті барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Қасқыр түлкі және әтеш ертегісі жайлы білуі.

Болу керек: Мазмұнды сөйлеуге, есте сақтауды игердіі.

Үйрену керек: Ертегі кейіпкерлерін атай білуге.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.С.



4 №152 балабақшаның «Аққу тобының»

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Қызығушылық

Тақырыбы: Күз кереметі.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем әңгіме құрастыру. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкеністердің маңызытуралы түсінік беру.

Билингвальды компонент: Әңгімелесу, сұрақ жауап.

Сөздік: Күз

Қолданылған көрнекілік материалдар: суреттер, слайдтар.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен жүрейік.

Қабақ түйген не керек

Көңілді боп жүрейік.


Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып , өлеңді қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


1.Жұмбақ шешу.

Аспай піскен,

Қайнамай піскен.
Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жер қазық.


Көк ала костюм киеді,

Күннің көзін сүйеді.

2. Сөздік жұмысын жүргізу.

Бақ- әртүрліағаш(алма ағаштары, өрік, алмұрт)өсіретін жер.


Бақша- көкеністер (қауын, қарбыз, қияр т.б) егетін жер.

3. Дәміне қарай ажырат, дидактикалық ойын.

Дәптермен жұмыс.

6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта және бақшада»



Жеміс


Сәбіз

Қарбыз


Балалар сурет бойынша әңгіме айтады.

Дәптермен жұмыс жасайды.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Жемістерді себетке жина, дидактикалық ойыны.
Сұрақ жауап арқылы оқу іс-әрекетін анықтау.
Күздің қандай кереметін сездіңдер?

Оқу іс-әрекеті барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Күз меггілінің кереметін.

Болу керек: Күз мезгілі адамдардың күзгі еңбегі туралы білуі.

Үйрену керек: Адамдар үшін жеміс пен көкеністің маңызы туралы білуі.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.
5 №152 балабақшаның «Аққу тобының»

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Қызығушылық

Тақырыбы: «Салем сөздің батасы»

Мақсаты: Балаларға сәлемдесу,амандасу туралы түсінік беру. Үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету туралы түсіндіру.

Билингвальды компонент. әңгімелесу

Сөздік: Сәлеметсізбе, амансызба

Қолданылған көрнекілік материалдар: слайдтар , суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Амандасу қазақ халқының салты, ең үлкен дәстүрлерінің бірі. Үлкені мен кішісі бір- бірімен кездескенде кішісі бірінші болып амандасады.

Балалартыңдайды, өз ойларын еркін айтады.

йымдастырушылық – ізденушілік

Ұ


Үлкен адамдардың арасындағы амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөздер басталады. Мұның мағынасы жақсы тілекті білдіред. «Сізге Алла нұры жаусын» деген сөз. Бұл сөзді жасы үлкен ер еісілер мен әр түрлі жастағы ерлер амандасады. «Уағалайкум Ассалам» деп өз қолын ұсынады.

Балалар бір-бірімен амандасып, саулық сұрасып көріседі. Үлкендерді сыйлап бірінші амандасу керек.

Сендер таң ертең балабақшаға келгенде апаймен амандасыңдар, кешке кетер кезде «Сау болыңыз» деп айтыңдар. Балалар сәлемдесу мадениеттілікті, адамгершілікті білдіреді.
Қорытындылау.


Балалар амандасу түрлерін айтады.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Адамның бойында қандай жақсы қасиеттер бар?




Оқу шс-әрекет кезінде жақсы катынасқан балаларды мадақтау.





Білу керек : Амандасуды

Нені игереді: балалардың адамгершілік , әдептілік, еңбексүйгіштікті үйренуі

Нені білді: Әдептіліктің басы амандасудан басталатынын білуі керек.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

6 №152 балабақшаның «Аққу тобының»

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас .

Оқу іс-әрекеті: . Қызығушылық

Тақырыбы: Ауылда үй жануарларымен

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорын толықтыру. ---------------------------------------------------------------

Сөздік: Қармаң, күбі, қаз, түйе, ешкі, балапан.

Қолданылған көрнекілік материалдар: Әліппе дәптер, карандаш суреттер.

Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Балалар ауа райы қандай?

Айналада қандай өзгерістер бар?

Жылдың қай мезгілі?

Балалар сендер жазғы демалысты қайда өткізесіңдер?



Ауа-райы жылы. Ағаштардың жапырақтары жерге түсіп жатыр.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Мына суретте нені көріп тұрсыңда, ерекшелігі мен айырмашылығын салыстырып айтыңдар.
Ауылдың табиғаты қандай әдемі. Айнала жап-жасыл ,алуан түрлі гүлдер жайқалып тұр.

Балаларға ауыл туралы әңгімені оқып беру.

-Бибарыс пен Шолпан жазғы демалыста қайда барды?

-Анасымен бірге Бибарыс не істеді?

- Әпкесі мен Шолпан не істеді?

-Бибарыс көрші баламен бірге не істеді?

-Әжесі тамақты қалай пісіреді екен?

Дәптермен жұмыс жасау, үй жануарлары мен үй құстары деген тақырыпқа әңгііме құрастыру.



Балалар а



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Дидактикалық ойын. Айырмашылыгын тап .Қорытындылау.

-Ата-әжелеріңмен қонаққа бардыңдар ма?

-Ауыл сендерге несімен унайды?

-Үй жануарларына нелер жатады?





Балалар сұрақтарға жауап береді. Үй жануарларын айтады. Ауылда болған қызықты оқиғаларын еске түсіреді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек : Ауыл жайлы және үй жануарларын білуі.

Нені игереді: Ауыл мен қаланың айырмашылығын сипаттап айтуы

Нені білді: Әңгімені тыңдап, сұрақтарға жауап беруі. Үй жануарларына сипаттама беруі

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Күні:

Білім саласы: Қатынас

Оқу іс-әрекеті Қызығушылық

Тақырыбы:Үй құстары және үй жануарлары

Мақсаты: Үй құстарымен үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап , балалардың үй құстары ,үйжануарлары туралы білімдерін толықтыру. Үй қустарымен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу, ойларын жеткізу.

Қолданылған көрнекілік материалдар: Құстардың, үй құстарының, үй жануарларының суреттері, үнтаспа.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық



Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырап аққан дыбысын тыңдату.

-әуеннен не естідік?

- Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?


Үнтаспаны тыңдайды, құстардың дыбысын таниды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Жұмбақтар жасыру.

  1. Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап ,

Балшықтан үй салады.


  1. Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі?


  1. Үй ішінде үйі,

Жем жасайды жиі.

«Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.

Сұрақтар


  • Ертегіде әдемі ,кербез, сұлу қай құс екен?

  • Тоты құс әтешке не үшін келді?

  • Тоты әдемі киініп қайда кетті?

  • Әтеш таңертең неге айқайлап шақырады екен?

  • Әтеш жабайы құс па?

  • Үй құстарын атаңдар?

  • Үй жануарларын атаңдар?

Дәптермен жұмыс.

Үй құстарына қандай

құстар жатады?

Дидактикалық ойын. «Үй жануарлары» . Үй жануарларының қандай пайдасы бар?



Балалар жұмбақты шешеді.

Қарлығаш


Торғай

Қарлығаш
Ертегіні тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.
Үй құстары мен үй жануарларын атайды.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Балалардың үй құстары мен жануарларын білуі.Төлдерді ажырата алуға, қамқор болуға қорғауға тәрбиелеу.




Күтілетін нәтиже:

Білу керек : Үй құстары мен жануарларын

Нені игереді: Үй құстары мен жануарларының пайдасын және төлдерін ажырата білуді.

Нені білді: Үй жануары мен құстарына қамқор болуды.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.
Күні:

Білім саласы: Қатынас.

Оқу іс-әрекеті : Қызығушылық

Тақырыбы:жабайы жануарлар.

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы тусінігін кеңейту. Жануарларды қорғауға , қамқор болуға тәрбиелеу, жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету.

Сөздік: аңдар

Қолданылған көрнекілік материалдар: Жабайы жануарлардың суреттері.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз

Ренжісуді білмейміз.



­Өлен жолдарын қайталап жаттайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік



Сұрақтар.

  • Жабайы аңдарға нелер жатады?

  • Неліктен жабайы жануарлар дейміз?

  • Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Жұмбақ жасыру.

  1. Өзі қу, жүрген жері шу

  2. Паналайды үңгірді

Іздемейді тасаны.

Тіл ұстарту жұмыстары.

Аң-аң-аң, үстің болды шаң.

Атып қапты таң,

Жайқалып тұр айнала.
«Қоянның құлағы неге ұзын» ертегісін оқып талдау. Қоян туған күніне қандай аңдарды шақырады?


  • Түлкі, қасқыр кірпі қоянның туған күніне не сыйлайды:

  • Аю қашып келіп не дейді?

  • Неге қоянның құлағы ұзын екен?




Балалар сұрақтарға жауап береді
Жұмбақты шешеді.

Түлкі
Аю


Балалар қайталап айтады.

Ертегіні тыңдайды, ойларын жеткізе біледі.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Оқу іс-әрекет барысында жақсы жауап берген балалардың еңбегін бағалау.



Білу керек : Жабайы жануарларды ажырата білуі.

Нені игереді: Жабайы аңдар туралы білуі.

Нені білді:Аңдарға қамқорлық жасай білуі.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.С.

Күні:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет