Білім саласы: Қатынас Қызығушылық Тақырыбы: Біздің үй Мақсаты


Білу керек : Қыс мезгілінің келгенін білу Нені игереді



бет3/6
Дата26.06.2018
өлшемі85,41 Kb.
#44315
1   2   3   4   5   6



Білу керек : Қыс мезгілінің келгенін білу

Нені игереді: Қыс мезгіліне байланысты өлеңдер жаттау.

Нені білді: Қыс мезгілінде неше ай бар екендігін түсіндіру.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Күні:


Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Заттардың жеке аталуы.

Мақсаты:Суретке қарап берілген көкеністер, жәндіктер мен ағаштардың атауын атап жазуға үйрету. Олар туралы білімдерін кеңейту. Адам ағзасына әсері қандай екенін білдірту. Ойлау қабілеті мен көркем жазу дағдысын дамыту.

Қолданылған көрнекілік : тақырыптық суреттер, үлестірілмелі карточкалар т.б.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Тақтаға көкеністерді іліп,көрнекілікпен жұмыс жасау. Жеке әр суретті көрсете отырып атауын сұрау.




Ұйымдастырушылық – ізденушілік


А) - бұл не?

- Қиярдың пішіні, түрі қандай, неге қолданамыз?

- Мынау не?

- Пияздың пішіні қандай?

Ә) Ағаш түрлерімен жұмыс.

Шырша, терек, қайың.

Шырша- жасыл түсті, көйлек пішіндес. Қысы жазы бір түсті болады.Шыршаны жаңа жыл мерекесіне пайдаланады.

Б) Қоңыз, кірпі суретін көрсетіп, әңгіме жүргізу.

Сергіту сәті.

Қияр , пияз, асқабақ, қайың, шырша, терек сөздерін буынға бөліп дыбыстық талдау жасау.

Мысалы, асқабақ.

Ас-қа-бақ, 3 буын бар, себебі 3 дауысты дыбыс бар.

А-дауысты, жуан.

С-дауыссыз, қатаң.

Қ-дауыссыз, қатаң.

А-дауысты, жуан.

Б-дауыссыз, үнді.

А-дауысты, жуан.

Қ-дауыссыз, қатаң.

Балалар жауап береді.

Қияр, түсі жасыл, қара тікендері бар.

Пияз

Балалар сипаттайды, түсін айтады, буынға бөледі.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Қорытынды .

Дауысты дыбысты ата?

Дауыссыз дыбысты ата?


Оқу іс-әрекет барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Білу керек : Заттардың жеке атауын білуі.

Нені игереді: Суретке қарап заттарды атай білуі.

Нені білді: Заттарға сипаттама беруді біледі.
Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.
Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: көңілді қыс.

Мақсаты: балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшеліктерін айтуға,көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға байланыстырып сөйлеуге төсілдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге , сезінуге тәрбиелеу.

Сөздік: Қыс, боран , қар.



Қолданылған көрнекілік : Қыс көрінісі туралы тақырыптық сурет, үлестірмелі суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық



Сұрақ жауап арқылы «Көңілді қыс » тақырыбының мазмұнын ашу.

Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


  • Қазір қай мезгіл?

  • Қыстың күзден айырмашылығы неде?

  • Қыста адамдар қалай киінеді?

  • Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?

  • Қыста балалар қандай ойын ойнайды?

  • Қысты неліктен көңілді деп атайды?

Жұмбақтар шешу.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерде жатты ақ мамық.


Козіне көрінбейді,

Тоңдырып қызартады.

Күні – түні ерінбейді,

Озенге мұз артады.


Сөздік жұмыс жүргізу.

Дөң - көтеріңкі биік жер, төбе.

«көнілді қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру.

«Аққала» дидактикалық ойын.

Т. Елеусізовтың «Қыс » өлеңін жаттау.

Қар
Аяз



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Қыста қандай ойындар бар?

Қыста қандай ойындар ойнамыз?

Конькейді қай жерде тебеді?

Аққаланы қалай жасайды?



Балалар қыс туралы білгендерін айтады.



Білу керек: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту

Нені игереді: Қысқы ойын түрлерін білуі

Нені білді: Табиғаттың әсемдігін көре білуі

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Жоғалған буын

Мақсаты: Өткен дыбыстарды қайталап, зейінін бақылау. «Жоғалған сөздер »ойнымен таныстыра отырып сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : әліпби, суреттер, текшелер, тоғайдың суреті.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық

Шаттық шеңбері.

А) Дөңгелене кілемге отыру.

Ә) Әліпбиді қайталау

Б) Дұмбақ жасыру.

Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама.



Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Кітап


Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Қайталау.

Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып,итекшеге тізу.

Т дыбысына сөздер құрау.

Сол сөздерді қатыстырып сөйлемқұрау.

«Қай әріпті жоғалттым» дидактикалық ойыны.

Тау, түлкі, тіл, телефон.

(яау, яулкі, яіл, яелефон).

Сергіту сәті.



  1. «Жоғалған сөздер» ойыны, көктем, құстар, жер.

  2. Берілген сөздерден сөйлем құрау. Ұя, балапан, наурыз.

  3. Сөзжұмбақ жасыру.

Быз, ға, маң.

Қарбыз, қарға, қармақ.



Балалар сұраққа жауап береді.

Жоғалған сөздерді тауып сөйлем құрайды.




Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)



Балалар жоғалған буынды таба білуі

Оқу іс-әрекет барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Білу керек: Жоғалған сөздер сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуді үйрету.

Нені игереді: Сөйлем құрай білуді игерді.

Нені білді: Қолдарын жазуға уйрету.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.

Мақсаты: Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру.тәуелсіз егемен деген сияқтысөздердің мағынасын ұғындыру арқылы сөздік қорларынтолықтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылған көрнекілік : Отан, табиғат, Қазақстан Республикаының картасы, Тәуелсіздік ескерткішінің суреттері.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық



Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елге байланысты күймен компазиторлардың бір күйін үнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. Балалардың отан туралы пікірлері тыңдалады.

Балалар тыңдайды . білгенін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Қазақстан Республикасының картасын көрсету.

Балалар , картамыздан біздің Республикамыздың ұлан- асыр жері бар екенін байкауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері бүгін Тәуелсіз қазақстан Республикасы деп аталады, яғни егеменді мемлекет.

Сөзік жұмысынжүргізу.

Тәуелсіз- толық еркі бар, ерікті, бағынышты емес.

Егемен- ерікті, бас бостандығы өзінде тәуелсіз.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының президенті кім?

Тәуелсіз қазақстанның елордасы қай қала?

Алматы қандай қала?

16 желтоқсан еліміздің ең үлкен , ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп ,өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ляззат асанова сынды қазақтың батыр , қаһарман қазақтын ұл-қыздарының арқасында келді.

Балалар тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Балалар ойларын жеткізіп айтады.


Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Сөздік жұмысын оқиды,Құт дала- берекелі бай дала.

Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»


Оқу іс-әрекет барысында жақсы қатысқан балаларды мадақтау.



Білу керек: Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы білуі

Нені игереді: Тәуелсіз егемен деген сияқты сөздердің мағынасын игерді.

Нені білді: Отанға деген сүйіспеншіліктерінің болуы.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.қ.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:


Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы:Дыбыс пен Әріп

Мақсаты:. Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы сөздік қорын молайту.Топтық жұмыста бір-біріне көмектесуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Қолданылған көрнекілік : сюжетті суреттер, ойыншықтар,кеспе әріптер .


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Балалар төрт түлікке қандай мал жатады?

Олардың төлдері қалай аталады?


Балалар шаттық шеңберін жасап, сұрақтарға жауап береді

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


К. Ерешова «Ала бұзау»әңгімесін балаларға оқып беру.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Дәптермен жұмыс.

«Қай дыбыстан басталады» тапсырмасы.

Шарты: суреттегі заттардың атын атап, олар қай дыбыстан басталып тұрғанын талқылау.

Қобыз, шана, жұлдыз, кірпі, тақия, сандық, парта, домбыра, сағат, барабан, алмұрт, гүл.

Балалар жаңағы естіген дыбысты қағаз бетіне түсіру үшін әріп жазамыз. Әр дыбыстың өз таңбасы болады. Оны әріп дейміз. Әріпті оқимыз,жазамыз, көреміз.


Қобыз қ дыбысынан басталады.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


Өтілген дыбыстарды қайталау. Балалардың жауаптарын ескере отырып мадақтау. «Біз бақытты балдырған » әнімен оқу іс- әрекетті аяқтау.

Балаларды мақтап, мадақтау.



Білу керек: Дыбыс пен әріп туралы білу.

Нені игереді: Дыбыстық талдау жасауды игерді.

Нені білді: Дыбыс пен әріпті таныды.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: Көшедегі көліктер.

Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажырата білуге үйрету . Сөзік қорларын толықтырып ,жжаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру.Ойыншык, көлік түрлерін мұхият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : Түрлы көліктер бейнеленген суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Балаларға көлік түрлерін көрсету . Суретпен ойыншық машиналар

Балалар өздері білетін ойыншық түрлерін айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденушілік


  1. Балалар қандай көлік түрлерін білесіңдер?

  2. Көліктердің пайдасы туралы әңгімелеу

  3. Сөздік жұмысын жүргізу.

Жедел- жәрдем - қолма-қол берілетін көмек.

Өрт сөндіргіш- өрт сөндіруге арналған техника.

Су сепкіш- су себуге арналған техника.


  1. Дидактикалық ойын «Төртінші артық»

  2. Жұмбақты шешу.

  3. Жұмбақта поезды неге үйге теңеп тұр.

Сергіту сәті.

Балаларға көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді, ал балалар оның қандай көлік түрі және не үшін пайдаланатынын айтады.

Тралейбус- электр қуатымен жүреді, ол жолаушы таситын көлік.

Трамвай- электр қуаты арқылы рельспен қозғалады. Ол – қалада жолаушы таситын маторлы вагон көлік.


Сөйлемдер құрастырып айтады.

Балалар айтылған көлік түрлерінің артығын тауып айтады және оның неге артық екенін дәлелдейді.

Жұмбақты шешеді, Поездың ішінде жататын төсек, тамақтантын орын ,жуынатын жер және әжетхана бар.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)


«Суретті жина» дидактикалық ойын.

Балалар көлік түрлерін құрастырады.



Көлікке сипаттама береді.



Білу керек: Көшедегі көліктер түрін білуі.

Нені игереді: Көліктерді сипаттай білуді игерді.

Нені білді: Көлік түрлерін білді.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.Қ.


ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық

Тақырыбы: А дыбысына буын құрау

Мақсаты: Балаларға өткен оқу іс-әрекетін еске түсіре отырып Адыбысымен таныстыру. А дыбысына сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару.

Қолданылған көрнекілік : кеспе әріптер, текшелер, суреттер.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қай ай?



Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденушілық


Біз өткен дыбыстар арқылы не білемізеске түсіріп көрейік.

Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз.

А дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіру , буынға бөліп шапалақтау.

Сергіту сәті.

Алма баққа барамыз,

Алма теріп аламыз

Ең үлкен алманы

Анамызға сыйлаймыз.

Сурет бойынша сөз сөйлем қурау.

Суреттерді көрсетіп қай дыбыстан басталып тұрғанын сұрау.

А дыбысы сөздің басында, ортасында , соңында кездесетінін түсіндіру.

Сурет ребустың шешуі.

Асқабақ, алмұрт сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, а дыбысының орнын айтқызу.


Дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
Ал-ма,а-па.

Қимыл арқылы көрсетеміз.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)

Қорытынды,

Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

А дыбысы қандай дыбыс екен?

А дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.


А дауысты.

Алма, ағаш, алмұрт.




Білу керек: А дыбысына буын құрап білу керек

Нені игереді: А дыбысы қандай дыбыс екенін , қандай түспен белгіленетінін игерді.

Нені білді: Сурет бойынша сөз, сөйлем құрап біледі.

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Имашова.

ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:

Білім саласы: Қатынас. Қызығушылық .

Тақырыбы: «Бір уыс мақта» әңгімесі.

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру, әңгімелеу арқылы ойын дамыту. Әңгіме жанырларын ажыратып қимыл іс-әрекет арқылы сахналау, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік : Анасы мен қызының мақтаны алып ұшып бар жатқан торғайдың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарандаштар.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Ұйымдастырушылық

- оятушылық


Шаттық шеңбері.

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен жүрейік.

Кім үлкенді тыңдаса

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.


Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Ұйымдастырушылық – ізденушілік


Жұмбақ шешу.

Өзі аппақ қардай,

Жұмсақтығы мамықтай.

Балалар бүгін мен сендермен Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бір уыс мақта» деген қызықты әңгімесімен танысамыз.

Әңгімені мәнерлеп оқып беру. Сөздік жұмыс.

Күн өтпей жатыр деген сөздің мағынасы-бір күннің ішінде болған оқиғаны білдіреді.

Шапан- адамның сырт киімі.

Сұрақтар.



  • Кішкентай қыз не істеп отыр?

  • Анасы қызына қандай ақыл айтты?

  • Қыз мақтаның қиқымын қайда лақтырды?

  • Оны не алып кетті?

  • Анасы оған не айтты?

Сергіту сәті.

Құс мақтаны не үшін алып кетті?


Балалар жұмбақты шешеді, жауабы мақта.

Әңгімені тыңдайды.

Күн өтпей жатыр сөзінің мағынасын қайталайды.

Әкесінің шапанын жамап отырды. Анасы қызына кез-келген заттың қажет болатыны туралы түсіндірді. Мақтаның қалған қиындысын терезеден сыртқа тастайды.

Ұясын жасау үшін.



Рефлекстік – түзету

(коррекциялық)










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет