Бiлiм туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi n 319 Заңы



бет5/35
Дата12.10.2020
өлшемі371,5 Kb.
#66414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
      Ескерту. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      5-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның


              құзыретi

      Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган мынадай өкiлеттiктердi орындайды:


      1) азаматтардың бiлiм беру саласындағы конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауды қамтамасыз етедi;
      2) бiлiм беру саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асырады, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, бiлiм беру және ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      3) бiлiм берудi дамытудың жай-күйi туралы жыл сайын баяндама әзiрлеу және жариялау арқылы қоғам мен мемлекеттi бiлiм беру жүйесiнiң жай-күйi және оның қызметiнiң тиiмдiлiгi туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      4) бiлiм берудi басқару жүйесiнiң бiлiм беру мониторингiн және оны ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады, бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесiн ұйымдастыру және оның жұмыс iстеу ережелерiн бекiтедi;
      5) бiлiм беру сапасын басқаруды, бiлiм беру ұйымдары ұсынатын бiлiм беру қызметiн әдiстемелiк және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      6) бiлiм берудiң тиiстi деңгейлерiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру (медициналық және фармацевтiк бiлiм беруден басқа) стандарттарын әзiрлеудi ұйымдастырады, бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң үлгiлiк бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және үлгiлiк оқу жоспарларын бекiтедi;
      7) конкурстық iрiктеу тәртiбi мен критерийлерiн бекiтедi және инновациялық бiлiм беру бағдарламаларын енгiзетiн университеттердiң конкурсын өткiзедi;
      РҚАО-ның ескертпесi!
      8) тармақшаға өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      8) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияны және (немесе) қосымшаларды:
      жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға;
      бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын және республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға;
      рухани бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларға (дiни оқу орындары);
      Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын халықаралық және шетелдiк заңды тұлғаларға бередi;
      9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын (медициналық және фармацевтiк бiлiм берудi қоспағанда), сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi;
      10) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеудi ұйымдастырады;
      11) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгiлiк ережелерiн әзiрлейдi;
      12) ұлттық бiрыңғай тестiлеудi, сондай-ақ кешендi тестiлеудi өткiзу технологиясын әзiрлейдi және бекiтедi;
      13) мүдделi министрлiктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушiлермен және басқа да әлеуметтiк әрiптестермен өзара iс-қимыл жасай отырып, кәсiптiк оқу бағдарламаларының деңгейi бойынша кадрлар даярлау үшiн кәсiптер мен мамандықтар тiзбесiн айқындайды және кәсiптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекiтедi;
      14) меншiк нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу уақытын айқындайды;
      15) сырттай, кешкi нысандарда және экстернат нысанында бiлiм алуға жол берiлмейтiн кәсiптер мен мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi және жоғары бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат бередi;
      16) бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiсi бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерiн әзiрлейдi;
      17) бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыстар берудiң тәртiбiн әзiрлейдi;
      18) мемлекеттiк аралық бақылауды жүргiзу ережелерiн және санының асып кетуi кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға әкеп соғатын мемлекеттiк аралық бақылаудан өтпеген бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың шектi санын бекiтедi;
      19) бiлiм алушылардың үлгерiмiне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткiзудiң үлгiлiк ережелерiн бекiтедi;
      20) кәсiптiк даярлық деңгейiн растаудың және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiктi берудiң тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      21) бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау тәртiбiн белгiлейдi;
      22) бiлiм және (немесе) бiлiктiлiк туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және олармен жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      23) бiлiм беру ұйымдары бiлiм беру қызметiнде пайдаланатын қатаң есептiлiктегi құжаттардың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi, бiлiм туралы құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; бiлiм алуды аяқтамаған адамдарға берiлетiн анықтама нысанын бекiтедi;
      24) бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң үлгiлiк шартының және кәсiптiк практикадан өткiзуге арналған үлгiлiк шарт нысандарын бекiтедi;
      25) оқу-әдiстемелiк жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және жүргiзудi үйлестiредi, оқу-әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың және жүзеге асырудың ережелерiн, оқытудың кредиттiк технологиясы бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың қағидаларын бекiтедi және қашықтықтан бiлiм беру технологиялары бойынша оқу процесiн ұйымдастырудың қағидаларын әзiрлейдi;
      26) республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мектептерде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз етедi;
      27) оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендерi мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, сараптама жасау және басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және осы жұмысты ұйымдастырады; бiлiм беру ұйымдарына арналған оқулықтарды, оқу құралдары мен басқа да әдебиеттердi, оның iшiнде электрондық жеткiзгiштегiлерiн пайдалануға рұқсат етедi;
      28) республикалық маңызы бар мектептен тыс iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      29) жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарды, орындаушылар мен кәсiби шеберлiктiң республикалық конкурстарын ұйымдастыру ережелерiн бекiтедi және өткiзудi ұйымдастырады;
      30) ведомостволық бағынысты ұйымдарды белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен қаржыландыруды жүзеге асырады;
      31) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру мекемелерiнiң жарғыларын бекiтедi;
      32) бiлiм беру ұйымдарында меншiк нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының және нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардағы бюджеттiк және қаржылық тәртiптiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асырады;
      33) Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын жекелеген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының басшыларын қоспағанда, ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының бiрiншi басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Бiлiм беретiн ведомстволық бағыныстағы ұйым басшысының орынбасарларын және бас бухгалтерiн тағайындауға келiсiм бередi;
      34) педагог қызметкерлер мен оларға теңестiрiлген адамдар лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      35) мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттiк орта бiлiм беретiн ұйымдардың басшыларын конкурстық тағайындау ережелерiн бекiтедi;
      36) жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерiн лауазымдарға конкурстық тағайындау ережелерiн әзiрлейдi;
      37) педагог қызметкерлердi аттестаттау ережелерiн бекiтедi;
      38) педагог кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      39) салалық көтермелеу жүйесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      40) шетелдiк әрiптестермен келiссөздер жүргiзедi және өз құзыретi шегiнде бiлiм беру саласында, сондай-ақ ғылыми қызметте халықаралық шарттарға (келiсiмдерге) және бағдарламаларға қол қояды; бiлiм беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастық ұйымдарының ережелерiн белгiлейдi және осы жұмысты үйлестiредi;
      41) шетелге оқытуға жiберу тәртiбiн белгiлейдi;
      42) бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттауды және аккредиттеудi ұйымдастыру және оларды жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi бекiтедi;
      43) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру ұйымдарында техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастырады;
      44) Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгiленген мерзiмде жою туралы орындалуы мiндеттi жазбаша нұсқамалар бередi;
      45) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұстаудың тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi;
      47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      6-бап. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi өкiлдi және


              атқарушы органдардың құзыретi

      РҚАО-ның ескертпесi!


      6-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Жергiлiктi өкiлдi органдар:


      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағындағы жергiлiктi атқарушы органдар ұсынған бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын бекiтедi, олардың орындалуы туралы есептердi тыңдайды;
      2) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
      2) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      3) балаларды арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етедi;
      4) мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етедi;
      5) бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi және негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етудi ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
      6) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      7) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын және балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
      8) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      9) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
      10) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
      12) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi қамтамасыз етедi;
      13) облыс ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      14) спорт бойынша балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      15) бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      18) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылардың жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      20) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi;
      21) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
      22) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша облыстық бiлiм департаментiнiң бiрiншi басшысын тағайындайды;
      23) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      24) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      25) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органы:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын әзiрлейдi және мәслихаттың бекiтуiне енгiзедi;
      2) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      3) кешкi (ауысымды) оқыту нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, мiндеттi жалпы орта бiлiм берудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      4) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм алуды қамтамасыз етедi;
      5) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң, балаларға қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
      7) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын бекiтедi;
      8) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
      9) бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсiптiк бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      10) балаларға арналған қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
      12) мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) және мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
      13) арнайы жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырады;
      14) дарынды балаларды мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етедi;
      15) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi қамтамасыз етедi;
      16) балалар мен жасөспiрiмдердiң психикалық денсаулығын тексерудi және халыққа психологиялық-медициналық-педагогтiк консультациялық көмек көрсетудi қамтамасыз етедi;
      17) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi оңалтуды және әлеуметтiк бейiмдеудi қамтамасыз етедi;
      18) кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
      19) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      20) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      22) техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысының негiзiнде бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      23) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
      24) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      25) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша бiлiм департаменттерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды;
      26) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      27) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      28) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
      1) бiлiм берудi дамыту бағдарламаларын iске асырады;
      2) кешкi (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгiсiндегi ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта бiлiм берудi қоса алғанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      3) бiлiм алушылардың ұлттық бiрыңғай тестiлеуге қатысуын ұйымдастырады;
      4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды мiндеттi орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;
      5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      6) бiлiм беру қызметiн лицензиялауды, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң (арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын (спорт бойынша балалар мен жасөспiрiмдерге арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын қоспағанда) iске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзудi ұйымдастырады;
      7) бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiндегi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асырады;
      8) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;
      9) балаларға қосымша бiлiм берудi қамтамасыз етедi;
      10) аудан (қала) ауқымында мектеп олимпиадаларын өткiзудi ұйымдастырады;
      11) әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушыларға және күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттың бiр процентiнен кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге қаражат бағыттайды;
      12) жетiм балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қамтамасыз етудi, оларды мiндеттi жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      13) мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарын тегiн және жеңiлдiкпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
      15) бiлiм беру ұйымдарында оқу бiтiрген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседi;
      16) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
      17) бiлiм алушылардың қоғамдық көлiкте жеңiлдiкпен жол жүруi туралы мәслихатқа ұсыныс енгiзедi;
      18) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      19) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша аудандық (қалалық) бiлiм бөлiмдерiнiң бiрiншi басшыларын тағайындайды;
      20) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      21) Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
      22) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      5. Қаладағы ауданның, облыстық, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi:
      1) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;
      2) мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етедi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырады.
      Кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi елдi мекенде мектеп болмаған жағдайда бiлiм алушыларды таяудағы мектепке дейiн және керi қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын ақпараттық




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет