қамтамасыз ету
1. Бiлiм беру жүйесiн басқару органдарын толық, дұрыс, салыстырмалы ақпаратпен уақтылы қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында бiлiм берудi тиiмдi басқарудың мүмкiндiктерiн қамтамасыз ететiн бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi құрылады және жұмыс iстейдi.
2. Бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi бiлiм беру мониторингiнiң деректерiн, оның iшiнде ведомстволық статистикалық байқауларды және бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган, жергiлiктi атқарушы органдар, бiлiм беру ұйымдары өз мiндеттерiн жүзеге асыру кезiнде алған өзге де деректердi қамтиды.
8-бап. Бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекет бiлiм алу құқығын бiлiм беру жүйесiн дамыту, оның жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiзiн жетiлдiру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бiлiм алу үшiн қажеттi әлеуметтiк-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етедi.
Бiлiм беру сапасын мемлекеттiк бақылау бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесiн жасау және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердiң әр қайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуын қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасына отбасына қосылу мақсатында келген шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мектепалды, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм алуға құқығы бар.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейлердiң әрқайсысында бiрiншi рет бiлiм алатын болса, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқық берiледi.
Шетелдiктердiң мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
3. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм алуға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк емес бiлiм беру кредиттерiн дамыту үшiн жағдайлар жасалады.
Мемлекет екiншi деңгейдегi банктер беретiн бiлiм беру кредиттерiнiң кепiлдiк жүйесiн құру және бiлiм беру кредиттерi бойынша талап ету құқықтарын иелену арқылы екiншi деңгейдегi банктердi қайта қаржыландыру жөнiнде шаралар қабылдайды.
4. Мемлекет әлеуметтiк көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарын олардың бiлiм алуы кезеңiнде қаржылау шығыстарын толық немесе iшiнара өтейдi.
Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн Қазақстан Республикасы азаматтарының санатына:
1) жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
2) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер және бала кезiнен мүгедектер, мүгедек балалар;
3) көп балалы отбасылардың балалары;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын азаматтардың өзге де санаттары жатады.
Әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн және беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
5. Денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беретiн ұйымдарға бара алмайтын азаматтар үшiн үйде немесе емдеу ұйымдарында тегiн жеке оқыту ұйымдастырылады. V0
6. Мемлекет даму мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың бiлiм алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуiне және әлеуметтiк бейiмделуiне жағдай жасауды қамтамасыз етедi.
7. Мемлекет тұрғындар саны аз елдi мекендерде тұратын балалардың бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алу құқықтарын қамтамасыз ету үшiн шағын жинақты мектептер мен интернат ұйымдарының жұмыс iстеуiне кепiлдiк бередi.
8. Мемлекет Қазақстан Республикасының дарынды азаматтарының элиталық бiлiм, оның iшiнде шетелде бiлiм алуына қажеттi жағдай жасайды.
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тiлi
1. Бiлiм беру ұйымдарындағы тiл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Меншiк нысандарына қарамастан барлық бiлiм беру ұйымдары бiлiм алушылардың мемлекеттiк тiл ретiнде қазақ тiлiн бiлуiн, сондай-ақ бiлiм берудiң тиiстi деңгейiнiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес орыс тiлiн және шет тiлдерiнiң бiреуiн оқып-үйренуiн қамтамасыз етуге тиiс.
3. Ана тiлiнде бiлiм алу құқығы тиiстi бiлiм беру ұйымдарының мүмкiндiктерi болған жағдайда сыныптар, топтар құрумен, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуiне жағдай жасаумен қамтамасыз етiледi.
4. Мемлекеттiк тiл және орыс тiлi бiрыңғай ұлттық тестiлеу бағдарламасына енгiзiлетiн мiндеттi пәндер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |