«Білімділер бәйгесі» атты бастауыш сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы Мақсаты


Жүргізуші: Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз. 1- айналым «Ұшқыр ой»



бет2/4
Дата15.09.2024
өлшемі24,11 Kb.
#204340
1   2   3   4
Байланысты:
Білімділер бәйгесі

Жүргізуші: Енді ойынымыздың І - айналымын бастаймыз.
1- айналым «Ұшқыр ой»
Топтар 1 минут ішінде сұрақтарға жауап береді.
1-топқа:
1. Қасиетті күнді ата. /Жұма
2. Орман дәрігері. /Тоқылдақ/
3. «Кел балалар» өлеңінің авторы. /Ыбырай Алтынсарин/
4. Сиырдың пірі. /Зеңгі баба/
5. Қазақ әдебиетіндегі күлдіргі кейіпкер. /Алдар көсе/
6. Үш арсызды ата. /ұйқы, күлкі, тамақ/
7. Күз айларын ата. /қыркүйек қазан қараша/
8. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем. /Жалаң сөйлем/
9. Қар еріп болысымен қар астынан шығатын гүл./бәйшешек/
10. Бөлудің компоненттерін ата. /бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні/
11.Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы. /периметр/
12. Күн жүйесіндегі 4-ші планета. /Марс/


2-топқа:
1. Жер бетінің өсімдік өсетін құнарлы қабаты. /Топырақ/
2. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ұлттық ойын./Ақсүйек/
3. Сөзбен сөзді байланыстыратын қосымша. /жалғау/
4. Абай атамыздың әжесі. /Зере/
5. а+37 қандай өрнек./әріпті өрнек/
6. Жылқы малының атасы./Қамбар ата/
7. Жеті атаны ата. / ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене/
8. Өседі қоректенеді,тыныс алады. Бұлар қандай табиғат иелері /өсімдіктер/
9. Ауа-райын өлшейтін құрал /термометр/
10. 90 градустан кем бұрыш. /сүйір бұрыш/
11. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы. /А. Құнанбаев/
12. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар. /Дауыссыз дыбыстар/


3-топқа:
1.Үш қуатты ата /ақыл,жүрек,тіл/
2.Қазақтың ішекті ұлттық аспабы,/домбыра/
3. Адасқанда бағыт көрсететін жұлдыз./темірқазық/
4. Жеміс неден пайда болады./тұқым/
5. Заттың қимылын білдіретін сөз табы. /Етістік/
6. Азайту амалының компоненттерін ата,/азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні/
7. Қарама-қарсы қабырғалары тең фигура. /Тіктөртбұрыш/
8. Қазақтың атақты суретшісі. /Ә. Қастеев/
9. Түйенің пірі. /Ойсыл қара/
10. Ең алғашқы «Әліппе» оқулығын жазған кім? /А.Байтұрсынов/
11. Тірі азғалар өмір сүретін жер қабаты. /биосфера/
12. Күн жүйесіндегі 2-ші планета. /Шолпан/



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет