«Білімділер бәйгесі» атты бастауыш сыныптар арасында интеллектуалдық сайысы Мақсаты


-айналым «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар



бет4/4
Дата15.09.2024
өлшемі24,11 Kb.
#204340
1   2   3   4
Байланысты:
Білімділер бәйгесі

3-айналым «Естімеген елде көп» логикалық тапсырмалар
1. Су астында сіріңке жағуға бола ма? (болады егер сүңгуір қайықта болсаң)
2. Қандай сұраққа иә деп жауап бере алмайсың? (Ұйықтап жатырсың ба?)
3. Қандай ыдыстан тамақ жеуге болмайды? (бос)
4. Жұмылған көзбен не көруге болады? (түс)
5 Адам үйден биік секіре ала ма? (үй секірмейді)
6. Шайды қай қолмен араластырған дұрыс? (қасықпен)
7. Аспанда аяқ бола ма? (ай ақ болады)
8. Боранда тауық болады ма? (тау ық болады)
9. Анаң нені «төртке бөлген»? (ұйқысын төртке бөлген)
10. Бірін – бірі көрмейтін көрегендер не? (көз)
11. Еститін, бірақ көрмейтін не? (құлақ)
12. Иісшіл егіздер не? (мұрын)
13. Қандай тілдер болады?
(ҚАЗАҚ ТІЛІ, САҒАТ ТІЛІ, ӨТКІР ТІЛ, АНА ТІЛІ, ШЕТ ТІЛІ, АЩЫ ТІЛ, КӨРКЕМ ТІЛ, БАЛА ТІЛІ, БУЫНСЫЗ ТІЛ)
14. Көздің тілімізде кездесетін бірнеше түрі бар. Осы көз түрлерін тауып жаз
(күннің көзі, су көзі, ақпарат көзі, білім көзі т. б
4-айналым «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Ойланып, мағынасын айту керек.
1-топ
1. Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Таяқ сілтем жер (жақын)


2 -топ
1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Қас пен көздің арасында (лезде, жылдам)
3. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
4. Тонның ішкі бауындай (тату - тәтті)

3-топ
1. Бетінен оты шықты (ұялу)
2. Ит өлген жер (алыс)
3. Көзді ашып - жұмғанша (тез, лезде)
4.Тайға таңба басқандай (анық)


5-айналым «Сөз ойла,тез ойла!»
Тура оқылуы мен кері оқылуы әртүрлі мағына беретін сөздер жазу
Мысалы: уа - ау, сүт - түс, кесе - есек, қамыт – тымақ, қыс-сық, алыс-сыла,қас-сақ, анық-қына,


Қорытынды ) Сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Ендеше жеңімпаз қай топ екенін білейік. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кеңпейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөзді бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.
Келесі ойындарда кездескенше күн жақсы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет