Өсімді көбейгенде оның денесінде көптеген балдырлар мен саңырауқұлақ жіпшелерінің бөліктері қынаның қабықшасын жарып сыртқа шашылады. Әрбір бөліктен және денесінен бөлініп түскен бөлшектерден де қына өседі
Тастардың бетінде өсетін қыналар сол жерде қына қышқылын бөліп, тастарды үгітіп, топыраққа айналады. Ол жерде өсімдіктер өседі
Ауа ластанса, қыналар тіршілігін жояды
Қант, спирт, бояу, лакмус алады
Ағаштың діңдерінде өсетін жер қынаны қайнатып, дизентерия ауруын емдейді
ҚЫНАЛАР және ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, ТҮРЛЕРІ
ҚЫНАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Қына талломында 2 түрлі ағзалар селбесіп (симбиоз) яғни бірігіп тіршілік етеді, олар: саңырауқұлақтар мен балдырлар. Саңырауқұлақтардан қыналар талломында көбірек (90-95%) кездесетіні - қалталы және қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшелері (гифтері).
балдыр жасушалары
Саңырауқұлақ гифтері
Қыналардың морфологиясы
Қыналар түстері бойынша алуан түрлі болады. Қыналардың түсі саңырауқұлақ жіпшелерінде жиналатын қышқылдардағы пигменттерге байланысты болады. Қыналарда бес түрлі пигмент болады: қызыл, жасыл, күлгін, көк және қоңыр. Олардың пайда болу механизмі әлі күнге дейін белгісіз, дегенмен, ең басты фактор -жарық екені даусыз.
Саңырауқұлақтардың ғылыми атауы - микобионт
(грекше "микес" - саңырауқұлақ), балдырлардың
ғылыми атауыфикобионт (грекше "фикос" –
балдыр) дейді.
Саңырауқұлақтар гетеротрофты
(дайын органикалық затпен) қоректенеді,
балдырлар автотрофты (қорек затын өзі түзеді)
қоректенеді.
Сонымен, қыналар талломында (денесінде) болатын
саңырауқұлақты микобионттар, балдырларды
фикобионттар деп атайды.
Қыналардың анатомиясы
Қыналардың түрлері
Сырттай қарағанда қыналардың пішіні - қабыршаққа, жапырақ тақтасына, жіңішке бұтаға ұқсас болып көрінеді. Бірақ қыналарда қабыршақ та, жапырақта, бұта да болмайтыны бізге белгілі, сондықтан да қыналардың денесін - таллом (өсінді) деп атайды.. Пішіндеріне қарай қыналарды 3 топқа бөледі: 1. қабыршақ пішінді 2. Жапырақ пішінді қына; 3. Бұта пішінді қына.
ҚАБЫРШАҚТЫ ҚЫНАЛАР
Қабыршақ пішінді қыналар бекінетін затына (тас, топырақ, ағаш қабығы, жартастар және т.б.) тығыз жабысып жатады. Тастың үстіндегілерді пышақпен қырғанның өзінде түгел ажыратып алу қиын, себебі талломы тұтас жабысып жатады. Жер бетіне ең көп (80%) таралған, әсіресе үлкенді-кішілі тастардың үстінің түрлі-түсті бояумен шұбарланып жатуы осы қыналарға байланысты.
Талломының қалыңдығы 1-5 мм, диаметрі әр түрлі,
20-30 см-ге дейін жайылып жатады.
Талломдарының үсті (беті) біртегіс емес,
кедір-бұдырлы, төмпешікті болады.
Талломын көлденеңінен кесіп қараса - қабық қабатын,
балдырлар орналасқан қабатын, өзегін көреміз.
Бұл қабаттар қына бекінген затының ішіне де енеді
(тас, ағаш қабығы және т.б.)
Тау жыныстарының ішіне енген саңырауқұлақ жіпшелері
(микобионт) тез еритін минералдың
айналасын қоршап алады. Әсіресе қабатты кристалдарды
(слюданы) тез ыдыратады. Ыдыраған тау жыныстары
ұсақ түйіршікке айналады, ол түйіршіктердің үстіне
мүктер және т.б. өсімдіктер өседі.
Жапырақ пішінді қыналар
Талломының пішіні жапырақ тақтасына ұқсап төсемікке көлбей орналасатындықтан осылай атаған. Жас талломының пішіні дөңгелек болады, өсе келе жайылып жиектері иректеліп пішіндері өзгереді. Төсемікке талломының ортаңғы бөлігі арқылы бекінеді, шеті (жиегі) бос тұрады. Талломының диаметрі 10-20 см жайылып өседі, өте тығыз қоңырқай-сұр, қоңыр, қара түсті болады. Талломының жиегі тегіс немесе ойықталып тілімденген түрлері де кездеседі. Ағаш діңдерінде, ылғалды көлеңкелі ормандарда, мүк өскен тастардың үстінде өседі.
Бұта пішінді қыналар
Бұта тәрізді тік өседі немесе салбырап ағаш бұтағына ілініп тұрады. Олардың қабыршақты және жапырақ пішінді қыналардан айырмашылығы саңырау-құлақ жіпшелері тік, талломы ұшынан өседі. Төсемікке талломының астыңғы жағының кейбір бөліктері арқылы бекінеді Бұтаққа ілініп тұрғандары қысқа өскіншелері арқылы бекінеді. Таллом-дарының мөлшері 10 мм-ден 30-50 см-ге дейін жетеді. Қылқан жапырақты тайга ормандарында балқарағай мен сібір самырсынының бұтақтарында сақал тәрізді топтанып ілініп тұрған ақшыл-сұр түсті уснея қынасының ұзындығы 7-8 метрге жетеді..
Бұта пішінді қыналардың талломдары - топтанып өскен жіңішке таяқша (тамнолия қынасы), жіп тәрізді өсінді (цетрария қынасы) бұта тәрізді тарамдалған және т.б. болып өседі Антарктидада бұта пішінді қынаның ұсақ тастар мен жартастарда төселіп өсетін алектория - деген түрі кездеседі. Оның талломы тасқа әр жерінен бекінетіндіктен қатты соққан желге өте шыдамды. Бұта пішінді қыналарға: кладония, тамнолия, рамалина, уснея және т.б. жатады.
Бұта пішінді қыналардың талломдары - топтанып өскен жіңішке таяқша (тамнолия қынасы), жіп тәрізді өсінді (цетрария қынасы) бұта тәрізді тарамдалған және т.б. болып өседі Антарктидада бұта пішінді қынаның ұсақ тастар мен жартастарда төселіп өсетін алектория - деген түрі кездеседі. Оның талломы тасқа әр жерінен бекінетіндіктен қатты соққан желге өте шыдамды. Бұта пішінді қыналарға: кладония, тамнолия, рамалина, уснея және т.б. жатады.
1. Қыналар - ауа зиянды газдармен ластанған жерлерде ғана өспейді. Климаты қатаң аймақтарда (Арктика, Антарктика және т.б.) қыналардан басқа өсімдік өспейді (тек балдырлар ғана кездеседі). Қыналардың бір ерекшелігі басқа ешбір өсімдікте болмайтын қына қышқылын бөліп шығаруы. Қына қышқылы органикалық қосылыс болғандықтан қатты заттарды (тас, минералдар және т.б.) ыдырататын қасиеті бар. Қатты заттар ыдырап үгілген жерге басқа организмдер қоныстанады. Уснея қынасынан бөлінетін уснин қышқылы топырақтың микрофлорасының дамуына әсер етеді.
2. Қына қышқылы ағаш сүрегін шірітетін саңырауқұлақтардың өсуін тежейді.
3. Омыртқасыз жәндіктердің (300-400 түрі) тіршілігі қыналармен байланысты: олар қыналардың талломы және оның ыдыратқан өнімдерімен қоректенеді, әрі мекен тұрағы болып есептеледі.
4. Қыналар талломында ыдыраған заттардан топырақтың үстіңгі бетінде қарашірік түзіледі.
Қынамен жабылған құрғақ ағаш
Барак Обама атымен аталған қына
Жақында ғана ашылған қынаның жаңа түріне АҚШ президенті Барак Обаманың аты берілді. Ғалымдар президентке деген өздерінің құрметтерін осылай білдіріпті.Бұл жаңа «Обама» жойылу қаупі төніп тұрғандықтан Қызыл кітапқа енгізілді.
Шаруашылықтағы маңызы
Тундра аймақтарында солтүстік бұғылардың негізгі қорегі
(кладония, цетрария,алектория, уснея және т.б. қыналар)
Батыс Азия, Солтүстік-шығыс Африкада леканора
(қабыршақ тәрізді қыналар) қынасын (қына жармасы)
тағамға пайдаланады.
Қыналардың талломындағы саңырауқұлақ
жіпшелерінде болатын "орсеин" бояуымен жүн бояйды.
Пармелия қынасын медицинада кеңінен қолданады.
Сүтке, суға қайнатып тыныс жолдары қабынғанда ішеді.
Қыналардың ішінде улы түрлері болмайды.
Адам өміріндегі маңызы
Қыналардан табылған 300-ге жуық химиялық қосылыстар бақа жерден алынбайды. Қына қышқылдары антибиотиктер және әр түрлі хош иіті заттар алу үшін қолданылады.
Ал жапонияда қыналарды әлдеқашаннан бері тамақ ретінде пайдаланады. Мысалы,жартастарда өсетін жапырақты қына жеуге жарамды гирофора (gyrophora tsculenta)- өте қымбат тағам болып есептеледі.Қына ботқасы да ежелден белгілі ас.
Ал жапонияда қыналарды әлдеқашаннан бері тамақ ретінде пайдаланады. Мысалы,жартастарда өсетін жапырақты қына жеуге жарамды гирофора (gyrophora tsculenta)- өте қымбат тағам болып есептеледі.Қына ботқасы да ежелден белгілі ас.
Мысырда қабыршақты эвернияны дәм беру үшін пісіретін нанға қосады.
Адам өміріндегі маңызы
Ойланып көр, жауабын бер!
1.Көктемде жеміс ағаштарының діңінің қабығында өскен қыналарды қырып тастайды. Егер қыналар пайдалы болса оны қалдырудың орнына неге қырып тазартады?
2.Кейбір ағаштардың діңдерін ашық жерін қалдырмай қыналар басып кетеді, бұл неліктен деп ойлайсыңдар!
3. Табиғатта кездесетін үлкенді-кішілі тастардан топырақ бетінен қыналардың көп түрлерін көреміз. Ал, қыналарды елді пункттер мен қаладан неге көрмейміз?
4.Қыналардың вегетативті көбеюінің қанша түрі бар? Жеке-жеке талдауын бер?
5.Қыналарды неге қалталы қыналар, базидиялы қыналар деп атайды?
6.Қыналарда споралар қай кезде түзіледі?
7."Іздегіш" жіпшелер саңырауқұлақтардың тек қыналар талломында кездесетіндерінде болады, ол нені "іздейді"? Ондай жіпшелер жеке тіршілік ететін