4. Тропикте өсетін өсімдіктерді айқас тозаңдандыратын құс
2.Қай құстар ұша алмайды?
6.Құстарда тістің қызметін не атқарады?
5.Құстың алдыңғы аяғы неге айналған?
3.Халқымызда 7 санының айрықша қасиеті бар. Оны ата-бабаларымыз киелі сан ұғынған. Сондықтан әр нәрсенің өлшемі жетімен белгіленген. 7шелпек, 7қазына, 7жоқ, 7жұт, т.с. Халық жеті қазынаның бірі деп ерекше қастерлейтін құсты атаңыз.
7. Ы.Алтынсарин. “Бай баласы мен жарлы баласы” шығармасында Асан мен Үсен жұртта қалып қоятынын бәрі біледі. Сонда Үсен тұзақ құрып бір құсты ұстайды. Сонда Асан: “Тірі алып, ойнап барайық дейді. Үсен: “Жоқ. Әкем: “Бұл адал құс, мұқтаждықта құдай-тағала бұларды адамға ұстап алып, тамақ етуге бұйырды, бірақ тірідей байлап-матап әуре ету обал”,-деп айтушы еді. Әуре етпей бауыздап алайық,-деп, манағы жұрттан тауып алған пшақтың сынығымен бауыздап алады.Ал, сұрақ. Мұқият болыңыздар. Үсеннің тұзақ құрып ұстап алғаны қандай құс?
І топ.
Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл қандай құс?
І топ.
Ерте кезде көп қолды бастаған Қалше қыдыр дейтін батыр қолбасшы болады.Ол бір жолғы жорығында сәтсіздікке тап болып,бастаған қалың қолы қырылып бітеді.Өзі жау қолынан жараланып,елсіз иен шөлде жығылып,жалғыз қалады.Шөлден әбден қақырығы түтеп,өлуге айналады.Осы сәтте көк аспаннан бір “құс” ұшып келіп,аузына су тамызып,оны өлімнен құтқарған.Бұл қандай құс?
ІІ топ.
Ертеде ағайынды үшеу: Күн,Ай және бір “құс” аспанда тұрыпты.Бірде үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде,үйде Ай мен бір “құс” қалыпты.Ай барып тұрған сотқанақ екен.Жаңағы “құсқа” тыным бермей,ақыры тәжінен ұстап алып,жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн болған оқиғаны біліпті.Ойланып отырып,Айға былай депті:”Менің байқауымша сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын тұрің жоқ екен.Қайтып енді көрмейін! Бұдан былай аспанда күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың”.Содан бері әлгі бір “құс” қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: “Қайырлы таң, мейірімді аға !” – деп шақыратын болыпты.Ал Күн батып,Ай көріне бастаған кезде әлгі бір “құс” үйшігіне тезірек кіріп алуға асығады екен.Бұл қандай құс?
Жеті жұмбақ (ғажайып жетілік)
Музыка.
“Аққу” күйін жазған ұлы композитор, қазақтың халық қаһарманы, асқан домбырашы, дарынды дирижеры. Ол кім?
Н.Тілендиев
Биология.
Желтоқсан, қаңтар айында жұмыртқалайтын қандай құс?
Шыршаторғай
Бейнелеу өнері
(мүсін саласынан).
Торғайға арналған ескерткіш, қай жерде, қай қалада орнатылған?
Америкада, Бостон қаласында
География.
Африкалық түйеқұс қай белдемде кездеседі?
Саванна
Математика. 5-6 күн ішінде 10 шақты түлкі, бірер елік алған қос қыранға бұлар шыр айнала қарайды. Қыранның саны.
Екі қыран
Тарих. Бұдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі.
Көнеқұс. Археоптерикс.
Әдебиет. Ө. Тұрманжанов.
Бір қазан сүт.
Бір қазан сүтті пісіріп, суытуға үйдің іргесіне қойып едік, енді бір қарасақ, қаспағы да қалмапты.
-Төгіліп қап па?
-Біреу ішіп кетіп пе?
-Төгіліп те қалмаған, ешкім де ішпеген.
-Төгілмесе, ешкім ішпесе, бір қазан сүт қайда кеткен?
Көбелек келіп, күмп етіп,
Көбігін ішіп, ол кетті.
Жапалақ келіп жалп етіп,
Жарымын ішіп ол кетті.
Қарға келіп, қарқ етіп,
Қалғанын ішіп ол кетті.
Сауысқан келіп, саңқ етіп,
Сарқып ішіп, ол кетті.
Қырғауылкеліп, қиқу сап,
Қазан түбі қаспағын
Қырнап ішіп, ол кетті.
Өлеңде айтылған құстардың аттарын атаңыздар.
Жапалақ, қарға, сауысқан, қырғауыл
Егер мен болсам...
Құстың ұясы
Балалар ойнап жүріп, ағаштың ішінен бір құстың ұясын көреді.Бұл ұяның ішінде екі балапан отыр екен.Балалар біреуін алып, үйіне әкеледі. Сонда әкесі…
Әкесі баласына қандай ақыл айтты деп ойлайсыздар.Сіз қандай ақыл айтар едіңіз?
Жорға
І топ.
Тауықтың жабайы арғы тегі.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі
Америкалық түйеқұс.
Құстардың аналығы қалай аталады?
Түйеқұстардың ішіндегі ең кіші түрі.
Күзде ұшып келіп, көктемде елімізге қайта оралатын құстар.
7.Аққудың қоразын қалай атайды? 8. Қыранның балапаны қалай аталады? 9. Құстардағы өңештің кеңейген бөлігі. 10. Антарктидада тіршілік ететін құс. 11. Австралиялық түйеқұс. 12. Қай құстың қауырсынын қадірлепбас киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қояды. 13. дене салмағы 80-90 кг-ға дейін жететін құс. 14. Омыртқалы жануарлардың ұшуға бейімделген түрлері. 15. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, орманға пайда келтіретін тазалық құсы.
ІІ топ. 1. Қолға үйретілген үйректің арғы тегі. 2. Қолға үйретілген құстардың дүние жүзінде ең көп өсірілетіні. 3. Африкалық түйе құс. 4. Құстардың аталығы. 5. Дене салмағы 1,5 г болатын құс. 6. Жыл бойы бір аймақта тіршілік ететін құстар. 7. Қыран құстың аталығы. 8. Аққудың балапаны. 9. Құстардың бүкіл денесін не жауып тұрады? 10. Асыранды қаздың жабайы арғы тегі.
11. Жаңа Зеландияда кездесетін қанатсыз құс. 12. Тауық жұмыртқасынан неше тәуліктен соң балапан шығады? 13. Қыранның мекиені қалай аталады? 14. Зоология ғылымының құстарды зерттейтін саласы. 15. Кептертектес құстар отрядынан қолға үйретілгені қай құс?