Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы
8сынып
Күні: 4.12.2010ж
Тақырып: Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Толық тізбек үшін Ом заңы.Есептер шығару.
Мақсаты:
Білімділік: Тізбек бөлігі үшін Ом заңын зерделеп, физикалық мағынасын, формуласын анықтау. Электр кедергісі, тәуелді болатын шамалар, өлшем бірлігі.
Дамытушылық: Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;
Тәрбиелік: Пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттыру
Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.
ІІ Экспресс-тест «Электр тізбегі»
ІІІ. Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Есеп шығару.
IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
V . Қорытындылау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру
ІІ Экспресс-тест «Электр тізбегі»
1. Суретте ток көзінен, кілттен, реостаттан, амперметрден және резистордан тұратын электр тізбегі көрсетілген. Осыларды цифрмен белгілеңіз:
1 –реостат, 2-волтьметр, 3-амперметр, 4-ток көзі, 5-кілт, 6-резистор.
2. Қай электр тізбегінде вольтметр резистордегі R кернеуді дәлдікпен
ІІІ. Электр тогын өлшеу,тізбектің бөлігіндегі кернеуді анықтау. Есеп
шығару.
Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура артқанда, кедергісіешқандай өзгермейтін арнайы қорытпалар жатады. Оларды эталондарды, реосстатар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады. Қыздырғанда, кедергісінің өсу себебі өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісінің күшеюі болып табылады. Нәтижесінде электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.
Өткізгішк кедергісінің температурағатәуелділігі былай анықталады:
R = R0( 1+αt)
мұндағы R - өткізгіштің tºC – тағы кедергісі; R0 - өткізгіштің 0ºC – тағы кедергісі; t – температура; α - кедергінің температуралық коэффициенті. Ол өткізгіш затының электрлік қасиеттерінің температураға тәуелділігін сипаттайды. Көптеген тәжірибелер барлық металдар үшін α >0 екенін көрсетеді. Химиялық таза металдар үшін кедергінің температуралық коэффициенті кестеде берілген .
IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
Кестені толтырыңыз.
Физикалық шама
|
Белгіленуі
|
Формула
|
Өлшем бірлігі
|
Ток күші
|
|
|
|
Кернеу
|
|
|
|
Кедергі
|
|
|
|
1.Кедергі өткізгіштің қандай қасиеттеріне және қалай тәуелді?
а) ____________________________________________________________
ә) ____________________________________________________________
б) ____________________________________________________________
2.Көлденең қималары бірдей екі шумақ мыс сымның ұзындықтары 50м және 150м. Олардың қайсысының кедергісі аз және неше есе аз?
______________________________________________________________
3.Ұзындықтары бірдей екі алюминий өткізгіштің көлденең қималары 0,5мм2 және 4мм2. Олардың қайсысы тізбектегі токқа көбірек кедергі жасайды? ________________________________________________________________________________________
4.Созу станогы арқылы созғанда сым екі есе ұзарды. Оның кедергісі қалай өзгерді және неше есеге өзгерді? ________________________________________________________________________________________
5.Темір және алюминий сымдардың массалары да, ұзындықтары да бірдей. Олардың қайсысының кедергісі көп?
___________________________________________________________________________
6. Көлденең қимасы 0,5 мм2 болатын 100м алюминий сымның кедергісі қандай?
7.Электр плиткасының жұмыс істеп тұрған кедергісі 55 Омға тең, спиралы кернеуі 220В желіге қосылған, спиралындағы ток күшін есептеп шығарыңдар.
8.Егер тізбектің бөлігіндегі ток күші 100 мА, ал кедергісі 0,2 кОм болса, ондағы кернеу қандай?
Үй жұмысы : §38,
IV. Қорытындылау
Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н
Достарыңызбен бөлісу: |