23-бап. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары 1. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың және тәрбиеленушілердің білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға бағытталған.
2. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
2) мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру оқу бағдарламалары болып бөлінеді.
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын оларға катысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.