Био-Савар-Лаплас


Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті. Орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс



бет5/5
Дата06.12.2022
өлшемі30,93 Kb.
#161506
1   2   3   4   5
Байланысты:
7d

Магнит өрісінде тогы бар өткізгішті. Орын ауыстырғанда атқарылатын жұмыс


Қозғалмайтын сымдар мен олардың үстімен жылжитын сым бөлігінен тұратын тогы бар контурды қарастырайық. Егер мұндай контур оның жазықтығына перпендикуляр болатын біртекті магнит өрісінде орналасатын болса, онда сым бөлігі Ампер күші әсерінен орын ауыстыра бастайды. Демек, магнит өрісі - тогы бар өткізгіш орын ауыстырғанда жұмыс атқарады.

Өткізгіш бөлігіне әсер ететін күш F оңға қарай бағыттылған, ол F =
ІВl, мұндағы l – өткізгіш бөлігінің ұзындығы.
Өткізгіш бөлігі dx -қа орын ауыстырғанда, Ампер күші оң жұмыс атқарады:

dA = Fdx =І Bldx = ІBdS = ІdФ, мұндағы dS=ldx магнит ағыны қиып өтетін аудан,


dÔ B dS dS

ауданын қиып өтетін магнит индукциясы векторының ағыны.

Сонымен, магнит өрісінде тогы бар өткізгішті орын ауыстырғанда істелетін жұмыс - ток күшін қозғалатын өткізгішті қиып өтетін магнит ағынына көбейткенге тең:
dA = ІdФ . (7.5)

Бұл формуланы бағыты еркін алынған B векторы үшін де қолдануға болады.


Әдебиеттер:
Нег. 2[ 114-147], 7[226-245 ], 7 [ 204-22].
Қос. 22 [ 133-153], 47 [ 173-194].

Бақылау сұрақтары:


  1. Тұрақты ток өрісінің магниттік индукциясы қалай есептеледі?

  2. Толық ток заңына сүйеніп, қандай жағдайларда магнит индукциясын табу ыңғайлы болып табылады?

  3. Орам саны бар дөңгелек токтың центріндегі магнит өрісінің индукциясы неге тең?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет