Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет125/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea). Туыста шамамен 70 түр бар. Қазжуа туысы ерте көктемде өсетін эфемероидтар. Олар өте ұсақ өсімдіктер, жапырақтары жіңішке, гүлдері ұсақ, түсі көпшілігінде сары болып келеді. Қазжуалар ерте көктемде гүлдейді де, вегетациялық кезеңін тез аяқтайды. Қазақстанда 38 түрі кездеседі, олардың барлығы дерлік шөлді және шөлейт аймақтың өсімдіктері.
Жуалар тұқымдасы (луковые) – Allіaceae
Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығында кездеседі. БОР-дың территориясында 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстанда 1 туысы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарында кең таралған.
Жуа туысы (лук -Allіum ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында , ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы және тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады - трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің формуласы: * P 3+3 A3+3 G(3).


Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездерінде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында үсақ баданалары - өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый - А.сера) жапырағы трубка тәрізді, ба-сында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның құрамында эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03-0,05%), одан басқа пияздың құрамында қант (5% дейін), витаминдер В.С., фитонцидтер болады. Жабайы түрі белгісіз; көптеген сорттары шығарылған. Сарымсақ (чеснок - A.satіvum) - жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының ұзын тұмсығы болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) тұрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, құрамында сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей - A.porrum) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый - A.rotundum) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретінде өседі.
Қабыршақты гүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) - Glumіflorae
Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген түрлері мен түрлерінің компликстері шөлейттің, шалғынның, батпақты жерлердің, прерийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін түзеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың ерекше түрі, түптеніп өсу тән. Жер беті сабақтары сирек бұтақтанады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары мүлдем болмайды. Гүлсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға ұшыраған. Ол қабыршықтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде гүлдері жалаңаш болып келеді.
Қияқөлеңдер тұқымдасы (осоксвые) – Сyperaceae
Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер- шымдар (кусты- дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тәрізді (өлеңшөп туысы- Scіrpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть-Cyperus, қиякөлең-осока-Carex туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған және 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш-Scіrpus), сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица –Erіophorum). Андроцейі әдетте, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүйлі қиякөлеңдердің аталық және аналық гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек аталық немесе аналық гүлдерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің түп жағында түрі өзгерген, жабындық қабықшақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабықшақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларының бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері- маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Гүлдердің негізгі типтері берілген. Жемісі үшқырлы, шар тәрізді немесе формасы жалпайып- жаншылғандау болып келетін жаңғақша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет