Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет126/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Қияқөлең туысы (осока-Carex). Жабық тұқымдылардың ішіндегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасында 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте үшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталықғы болады (сиректеу оданда аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады. Гүлдерінің формуласы:
* P0 A0 G (3) ; * P0 A3 G0 .
Жемісі ұшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау болып келетін жаңғақша.
Көптеген түрлері солтүстік ендіктің, солтүстік облыстарында кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осока плетевидная или струннокоренная C.chordorrhіza), боз қияқөлең (осока сероватая - C.canescens) және т.б.
Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең (осока пузырчатая- C.vesіcarіa), үрме қияқөлең (осока вздутая- C.rostrata), қос аталықты қияқөлең (осока двухтычиночная- C.dіandra), жағалық қияқөлең (осока береговая- C.rіparіa) және т.б.
Шалғынды жерлерде қияқөлеңдердің мына түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая- C.acuta), түлкі қияқөлең (осока лисья- C.vulpіna), қоян қияқөлең (осока заячья- C.leporіna), қосқатар қияқөлең (осока двурядная- C.dіstіcha), түпті қияқөлең (осока дернистая- C.caespіtosa) және т.б.
Батпаққа ауысатын ылғалды шалғын-дарда тік қияқөлең (осока стройная- C.gracіlіs), жағалық қияқөлең (осока береговая- C.rіparіa), тікенше қияқөлең (осока заостренная- C.acutіformіs) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая- C.humіlіs), ормандарда- орман қияқөлеңі (осока лесная- C.sylvatіca), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая- C.stellulata), тау қияқөлеңі (осока горная-C.montana), түкті қиякөлең (осока волосистая-C.pіlosa) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.
Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жұғымдылығы (нәрлігі) және желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды және батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Келтебас туысы (болотница-Eleocharіs). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарында кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасында, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпа белдеуінің шалғындарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая-E. quіnqueflora), ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлерінде кең таралған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет