Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы «Жоғарғы және тқменгі сатыдағы өсімдіктер»



бет83/132
Дата09.02.2022
өлшемі193,02 Kb.
#131284
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   132
Байланысты:
Лекция жиынтығы 1-15 дәріс жиынтығы-2

Шырша туысы (ель - Pіcea). Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық және Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның әр жағында бір- бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбырап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы – ель Шренка - P. schrenkіana; сібір шыршасы-ель сибирская - P.obovata) кездеседі. Кәдімгі шырша (ель обыкновенная- P.abіes). Батыс Европада және бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті: алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен және қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарына, әртүрлі бұйымдар жасауға, отынға және қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P.оbovata) бұрынғы одақтас республикалардың солтүстік- шығысынын да және Батыс Сібірде өседі. Кәдімгі шыршаға өте жақын. Тек аналық стробилдерінің ұсақтымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы (ель ключевая- P.pungens) Солтүстік Американың тауларының жар тастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте әдемі болып келеді. Оны сәндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында және Батыс Европада мәдени жағдайда өсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет