Классификациясы. Риниофиттер бөлімі екі кластан тұрады: риниопсидтер (Rhynіopsіda), зостерофиллопсидтер (Zosterophyllopsіda).
Негізгі өкілдерінің біріне риния (Rhynіa туысы) жатады. Ол биіктігі 20см., диаметрі 3мм. болатын шөптесін өсімдік. Жер асты бөлігі тамырсабаққа ұқсас теломнан тұрады, одан жоғары қарай перпендикуляр орналасқан жер беті өстері кетеді.
Псилот тәрізділер бөлімі (псилотовидные) – Psіlotophyta
Псилот тәрізділер бөліміне осы кездегі флорада кездесетін екі туыс жатады: псилот (Psіlotum) және тмезиптерис (Tmesіpterіs). Түрлерінің жалпы саны 4-6 дан аспайды. Екі туыста жер шарының екі бөлігінің тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған өсімдіктер.
Спорофиті - эпифит ретінде ағаштардың діңінде, сиректеу жер бетінде өсетін шөптесін өсімдік. Теломының ұзындығы 5-40 (100) см. Көп жағдайда төбесінен бұтақтанады (дихотомиялы бұтақтанады). Қабық қабаты жақсы жетілген, ол фотосинтездің қызметін атқарады. Устьица аппараты қарапайым болып келеді. Жапырағы ұсақ, ұзындығы 1-5 мм. ден аспайды, біз тәрізді, жалпақ, утьици апараты мен жүйкелері болмайды. Оларды телломның өсіндісі ретінде қарастыруға болады. Жер асты бөлігі ризоидтары бар тамырсабақ түрінде берілген. Тамыры болмайды. Спорангилері 2-3 тен бірігіп орналасады (синангилер тәрізді), тік жарықшақтары арқылы қақырайды. Спораларының мөлшері бірдей болады. Псилот тәрізділердің спорофитінің құрылысы, олардың риниофиттермен туыстық жақындығының дәлелі.
Гаметофиті қос жынысты, хлорофилі болмайды, радиальды симметриялы, дихотомиялы бұтақталған болып келеді. Оның ұзындығы шамамен 20 мм. ден аспайды. Саңырауқұлақтармен селбесіп өмір сүреді (симбиоз) және солардың көмегімен сапрофит ретінде қоректенеді. Гаметофитінің сырты ризоидтармен қапталған. Көп жағдайда жердің астында өмір сүреді. Ұрықтануы сумен байланысты. Эволюциялық тұрғыдан қарағанда псилот тәрізділер риниофиттерден көп жоғары тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |