Биология-3топ Серік Бақытгүл Биологияға кіріспе пәнінен практикалық емтихан сұрақтары



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата23.12.2023
өлшемі284,58 Kb.
#198810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Серік Бақытгүл 2
8 Алгебра КТЖ 22-23
 
3)Онтогенез, филогенез түсінігі 
Онтогонез
(грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және 
генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен 


бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. 
Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез 
барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі 
және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын 
жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір 
тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. 
Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір 
жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың 
әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері 
жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының 
синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің 
жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы 
белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы 
факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі 
топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз 
орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. 
Филогенез
(гр. рһуіоп — түр, туыс және гр. genesis — шығу тегі) — 
организмдер топтарының тарихи тұрғыдан қалыптасуы; организмнің 
тарихи дамуы немесе органикалық дүниенің, әр түрлі тип, класс, отряд, 
туыс және түрлердің эволюциясы. Жеке-дара даму — онтогенез бен тарихи 
даму — филогенез тірі табиғаттың біртұтас дамуының ажырамас қырлары 
болып саналады және бір-біріне өзара әсер етеді. Филогения — 
организмнің тарихи дамуы. Филогенез терминін 1866 ж. неміс биологі Э. 
Геккель (1834 — 1919) ұсынады. Филогенез процесін және оның 
заңдылықтарын филогенетика зерттейді. Филогенездік зерттеулердің 
мақсаты — жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің 
эволюциялық өзгерістері негізінде олардың тегін және организмдер 
арасындағы туыстық байланыстарды анықтау. Ағылшын эволюцияшысы 
В. Гарстанг филогенезді ұрпақтан-ұрпаққа өтетін олтогенез деген пікір 
айтты. Бұл пікірді орыс биологі И. И. Шмальгаузен (1884-1963) дамытып, 
филогенезді онтогенездің белгілі қатары деп атады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет